«СПЕКТР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС (ФИЗИКА)

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, №1 Қарауылкелді
орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Әзова Мәншүк Абылдақызы

«СПЕКТР»  ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС (ФИЗИКА)

Қатысатын оқушылар: 7-11 класс оқушылары.
Презентация нұсқасын көшіріп алу:  СПЕКТР» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС (ФИЗИКА) Презентация
Сайыстың мақсаты:  білімділік:

–         стандартты емес жағдайларда білімдерін қолдана білуге үйрету;
–         қосымша әдебиеттердің көмегімен білімдерін кеңейтуге үйрету;
–         логикалық ойлау, құбылысты зерттеу және түсіндіре білуін шыңдау;
–         ғылымдардың бір-бірімен байланыстылығын ұғындыру.

тәрбиелік:

–         ойын жинақтай білуге, жылдам ойлай білуге тәрбиелеу;

–         сөйлеу мәдениетіне, жауапкершілікке баулу;

–         өз жауабының дұрыстығына, сондай-ақ басқаның да ойын тыңдай білуге тәрбиелеу;

–         теорияны практикада қолдана білуге тәрбиелеу;

–         топ болып жұмыс жасауға, жеңіске ұмтыла білуге тәрбиелеу.

дамытушылық:

–         оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

–         ой еңбегі мәдениетін дамыту;

–         оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктер: сағат, ыдыс, тиын, су, қағаз, шырпы, металл дене, мензурка, таразы, тұрақтылар кестесі, физик-ғалымдардың портреттері, қара жәшік, қияр, сөзжұмбақ, карточкалар, слайд арқылы демонстрациялау.

Пәнаралық байланыс: химия, география, экология, астрономия, математика, биология.

Сайыс эпиграфы:        Адам – алып таңғажайып ісімен

«Спектр»-ойын, ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытқан,

Физикалық заңдылықтар күшімен!

Сайыс барысы:

Физика – табиғат туралы ғылым,

Физика – экспериментті ғылым,

Физика – басқа да ғылымдармен тығыз байланыстағы

үнемі алға ұмтылған ғылым! Қайырлы күн, құрметті көрермен! Физиканы үйренем деушілерге, физиканы білмек ойы барларға, физиканы құмарлығын арттыруға талпынушыларға бүгінгі сайысымызды арнаймыз!

Ал, енді әділқазы алқасын сайлайық:

  1. __________________________________________________________________
  2. __________________________________________________________________
  3. __________________________________________________________________

 

І  ТУР «Таныстыру»: Әр жауаптарыңыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

1топ:                                                Топ басшысы: Төлеуханова Ақнұр.

2топ:                                                Топ басшысы: Бауыржанқызы Айгерім.

Әр топ аты, ұраны, төсбелгілерімен таныстырады.

 

ІІ  ТУР «Сергіту сәті»:

Топтарға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

RКүнді таңдаған топтың сұрақтары:

1. Физика сөзінің аудармасы не? (Фюзис – грек сөзінен – табиғат)

  1. Ашық ыдыстағы су неге азаяды, бұл қандай физикалық құбылыспен түсіндіріледі? (Кебу)
  2. Зодиак шоқжұлдыздарын ретімен ата. (Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Таразы, Сарышаян, Мерген, Ешкімүйіз, Суқұйғыш, Балықтар)
  3. Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық)
  4. Ғарышкерлер күні қашан? (12 сәуір)
  5. Неліктен қыста автомобильдің дөңгелектерін қысқы дөңгелектерге ауыстырады? (Үйкеліс күшін арттыру үшін)
  6. Хирургиялық операция кезінде хирург қолынан түскен көлеңке кедергі жасайды, мұндай кемшілікті жою үшін не жасау керек? (Хирургиялық столдың жан-жағынан шам жағу керек)
  7. Астрономиялық зерттеулер жасайтын жерді қалай атайды? (Обсерватория)
  8. Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысу процесі. (Балқу)
  9. Жерге ең жақын планета. (Шолпан)

ƒАйды таңдаған топтың сұрақтары:

  1. Килограмм су қанша көлемді құрайды? (1литр)
  2. Қай планета қызыл жұлдыз деп аталады? (Марс)
  3. Неліктен медициналық инелерді өте тегіс және жылтыр етіп жасайды? (Үйкеліс күшін азайту үшін)
  4. Көзбен көресің, бірақ қолмен ұстай алмайсың. Ол не? (Көлеңке)
  5. Жер қай уақытта тез қозғалады: күндіз бе әлде түнде ме? (Бірдей)
  6. Ұақтарды қайдай металлдан жасайды? (Алюминий)
  7. Күн жүйесіндегі планеталарды ретімен ата. (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Саурн, Уран, Нептун, Плутон)
  8. Жылу алу үшін жағатын зат. (Отын)
  9. Айда компас қолдануға болады ма? (Жоқ, өйткені онда магнит өрісі болмайды)
  10. Үйілген шөптің массасы оны пресстегенде өзгереді ма? (Өзгермейді)

 

ІІІ  ТУР «Поэтикалық жұмбақтар»:

Мына әдеби шығармалар үзінділерін ғылыми көзқараспен зерттеңіздер. Осы шығармалардағы физикалық құбылыстар туралы толық жауап беріңіздер. Әр жауаптарыңыз 5 баллдық жүйемен бағаланады.

  1. Француз жазушысы Шарль Перро «Золушка» ертегісінде хан сарайында сарай сағатын 1 сағатқа кейін қоюға бұйрық берген болатын. Сөйтіп, Ш.Перро ХVІІ ғасырда-ақ уақытты өзгертуге болады деген идеяны ұсынған болатын. Бұны қазір көптеген елдерде қолданады. Сұрақ: уақытты өзгертудің тиімділігі неде? (Жазғы уақытты, яғни тұрмыс қажеті үшін жарық мезгілді тиімді пайдалану үшін уақыт өзгертіледі)
  2. Бір қиялы романда Күннің кенеттен сөнуі мен барлық тіршіліктің өлуі суреттелген. Романның аяғында мынадай сөйлем бар: «Өлі жердің мұз басқан көңілсіз кеңістігін күміс Ай жарықтандырып тұрды». Бұл дастанның қателігі қандай? (Күн сөнсе, Ай да сөнеді)
  3. Алдар көсе мен Шық бермес Шығайбай ертегісінен үзінді:

Айлакер Алдар көсе келіп қалды

Айламен байдың тонын шешіп алды.

Өз тонын шешіп беріп Алдар көсе

Неліктен байдың тонын киіп алды? (Түлкі ішік, түлкі тымақ жүндерінің

арасындағы ауа жылуды нашар өткізеді)

 

ІV  ТУР «Қызықты тәжірибе»: 5 баллдық жүйемен бағаланады.

1. Су құйылған тарелке ішінде тиын бар.

Сұрақ: Тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?

(Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына тарелке ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады)

2. Мына дене қандай металдан жасалған?

Көрермендер сайысы: «Физикалық жұмбақтар»: Әр жанкүйер өз тобына 1 ұпай еншілете алады.

  1. Ақ жарықтың жаңбыр тамшыларында түрлі-түсті жарық шоқтарына жіктелуінен пайда болатын тамаша көрініс… (кемпірқосақ)
  2. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

  1. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз)

  1. Ай мен Күн ауысты,

Тәулікті тауысты. (Жердің өз осінен айналуы)

  1. Аузы күйген үрлеп ішеді. Қандай физикалық құбылысқа жатады? (Кебу)

 

V  ТУР «Атақты адамдар»: Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

1. Итальян ғалымы

Инерцияны ашыпты.

Оны білген балалар

Залда жүгіруден қалыпты. (Галилео Галилей)

2.  Құралғанын бөлшектен,

Заттардан ұсақ атомды

Болжамын тәжірибе арқылы-

Тек дәлелдеп шықпады.

Қай ғалым еді, балалар,

Кім бар ойлап таба алар? (Аристотель)

3. Бірі тілік, бірі бүтін

Екі сақина алынды.

Тәжірибесімен сол ғалымның-

Ток бағыты табылды.  (Х.Ленц)

  1. Өмірдегі маңызын

Электромагниттік өрістің

Фарадейменен қоса-

Біле білген ғалым кім?  (Джеймс Максвелл)

5. Формуласы күрделі

Есептеп жылу мөлшерін

Ойлап тапқан ғалымға

Берген бірлік өлшемін. (Джоуль)

6. Ток күшінің өлшемі

Ағып өткен мөлшері

Физикалық шаманың

Ғалым атына теңеді.  (А.Ампер)

7. Жылдамдығын жарықтың

Өлшеген дат ғалымы.

Астроном болса да,

Физомен шамалас алынды.  (Ремер)

 

VІ  ТУР «Ғылымдар тоғысы»: 5 баллдық жүйемен бағаланады.

Қызыл – биология: «Қара жәшік». Бұл жәшіктегі зат не сүрленген ет те емес, не балық та емес. (Тұздалған қияр) Қосымша қойылатын сұрақ қияр тұздау процесі қандай құбылысқа негізделген? (Диффузия)

Қызғылт-сары: математика: Координаталар жүйесін ең алғаш енгізген адам кім? (Р.Декарт)

Сары: астрономия: Қандай металл ерте заманда «тәңірлік» деп аталды? (темір, өйткені ол метеориттерде кездеседі) /5ұпай/

Жасыл: экология: Біз кейбір жабайы гүлдерді жұлу арқылы тек табиғатқа зиян келтіріп қана қоймаймыз, өзімізге зиянымызды тигіземіз. Неліктен? (15минуттан кейін өсімдік адам организміне зиянды улы газ бөліп шығарады. Адам оның иісінен уланады)

Көгілдір: география: Қай элемент жер қабатының атымен сәйкес келеді? (Литий, жер қабаты – литосфера, екі атау да гректің «литос» «тас» деген мағынаны білдіреді)

Көк: физика: Неге реактивті ұшақтар тек атмосфераның жоғарғы қабатында ғана үлкен жылдамдықпен ұша алады? (Ауа тығыздығы аз болғандықтан, қозғалысқа кедергі де аз болады)

Күлгін: химия:  Бұл элемент 1811 жылы ашылған. Ғалым бір ыдысты спиртте тұндырылған теңіз өсімдігінің тұнбасымен толдырады. Ал келесі ыдыста күкірт қышқылымен бірге темір болатын. Мысық секіріп, ыдыстарды құлатып жібереді. Ыдыстар сынып, ішіндегі сұйықтықтар араласып кетеді. Еденнен күлгін-көк түсті бу бұрқ етеді. Өткір иісті жылтыр кристалдар пайда болады.Пайда болған элемент және ғалымның аты? (Осылайша йод алынған болатын, грек тілінен аударғанда күлгін деген мағынаны білдіреді. Куртуа, француз)

 

VІІ  ТУР   Капитандар сайысы «Жекпе-жек»: Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

Тақтаға шығып, біреуі К  әрпіне, біреуі Т  әрпіне физикаға байланысты сөздерді жазады. Әр дұрыс сөзге 1 ұпай.

         Капитандар жұмыс жасап жатқан сәтте топ мүшелеріне де тапсырма беріледі: Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.

Сөзжұмбақ «Телескоп»:

1.Мұз жарғыш жүзіп келеді,

Бауыры қызып келеді.

Абайла, ойып түсер,

Ондайлар бұзық келеді. (Үтік)

2.Сұйықтықтың көлемін өлшейтін прибор. (Мензурка)

3.Жай көзге көрінбейді, қозғалуға ерінбейді. (Молекула)

4.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (Электр тогы)

5.Тар шеңберді айналып, тұр қызықта байланып,

Қаға берер таңдайды, әдетінен танбайды. (Қабырға сағаты)

6.Хабар алған алыстан, екі өріс табысқан. (Электромагниттік толқын)

7.Өз еркіне жіберсең, дүниені бүлдірер. (От)

8.Таба алмай оң мен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сілтер, көрсетіп жолыңды,

Шығысқа, батысқа. (Компас)

9.Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)                        9

1

т

2

е

3

л

4

е

5

с

6

к

7

о

8

п

 

Қорытынды. Әділқазыларға сөз беріліп, сайыс жеңімпазы анықталады.

 

Бұл сайысты мен Конфуцийдің мына сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Үш жол білімге жетелейді: ойлау – бұл ең тиімді жол, еліктеу – ең жеңілі, тәжірибе алу – бұл ең күрделі жол. Адам осы жолдардың қайсысымен жүрсе де, алған білімінің нәтижелі болғаны маңыздырақ». Сондықтан да қай топтың жеңгені маңызды емес. Бүгін сіздер өздеріңіз күткен нәтижені алдыңыздар деп сенемін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше