Архимед заңы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, №1 Қарауылкелді
орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Әзова Мәншүк Абылдақызы
Сабақтың тақырыбы: Архимед заңы.
Презентация нұсқасын көшіріп алу: Архимед заңы. (PDF) Презентация
Сабақтың мақсаты: оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, алған теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп, практикалық біліктілік пен дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: жаңа физикалық заңдылықтың мағынасын ашып, оны тәжірибеде қолдану.
Тәрбиелік: тәжірибе нәтижелерін қорыта білуге, есептер шығаруға дағдыландыру.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Пәнаралық байланыс: физика – математика – информатика – тарих.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы, тәжірибелік сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, проектор арқылы демонстрациялау.
Көрнекіліктер: экран, проектор, PowerPoint слайдтары, динамометр, әр түрлі денелер, мектеп таразысы (табақшаларсыз), су, басқа да сұйықтар, датчик GLX.
Сабақтың барысы:
- I. Ұйымдастыру.
- II. Үй тапсырмасын тексеру: “Табиғатқа саяхат”.
- III. Жаңа сабақ: “Архимед заңы”.
- Материалды пысықтау:
а) тәжірибелер. ә) есептер.
- V. Уақыт қоры: “Ой толғау”.
- Үйге тапсырмалар.
- Бағалау.
- Қорытындылау.
- I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын ұйымдастыру.
- II. Үй тапсырмасын тексеру: “Табиғатқа саяхат”.
Оқушылар сіздердің үй тапсырмасына қаншалықты дайындалып келгендеріңізді тексеру үшін табиғатқа саяхат жасайық: яғни қыздар гүл теріп, ұлдарымыз балық ауласын:
Көк гүлдің сұрақтары:
- 1 – суретте барометр – анероидтың сыртқы түрі кескінделген. Құралдың көрсетуі:
а) 746 мм.сын.бағ. b) 756 мм.сын.бағ.
- Резеңке шарды ауамен үрлеп толтырып, байлады. Атмосфералық қысым ұлғайғанда шар ішіндегі ауа қысымы қалай өзгереді?
а) азаяды b) ұлғаяды
Ақ гүлдің сұрақтары:
- Бетке әсер ететін қысымды қай формула арқылы есептейді?
а) р=ρgh b) p=F/S
- Атмосфералық қысымды өлшеудің тәсілін қай ғалым ұстанды?
а) Паскаль b) Торричелли
Қызыл гүлдің сұрақтары:
- Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі қандай?
а) Па (Паскаль) b) Н (Ньютон)
- Қалыпты жағдайдағы (теңіз деңгейімен алғанда) атмосфера-
лық қысымның мәні неге тең?
а) 1 Па b) 760мм.сын.бағ.
Қызыл балықтың сұрақтары:
7.Ұшақтың ұшу биіктігін анықтайтын құрал:
а) манометр b) альтиметр
8. Барометр қай тілден енген сөз
а) латын b) грек
Жасыл балықтың сұрақтары:
9. Қысым айырымын өлшеуге арналған құрал – манометр.
а) иә b) жоқ
10. Белгілі бір бетке түсірілген күш:
а) ауырлық күші b) қысым
Ақ балықтың сұрақтары:
11. Атмосфера қабатының биіктігі жоғарылаған сайын қысым…
а) азаяды б) артады
12.Қан қысымын өлшеуге арналған құрал:
а) Сфигмоманометр б)Бурдонманометр
Қара балықтың сұрақтары:
13.Атмосфералық қысым әрекетіне негізделген құрылғы:
а) Торричелли қондырғысы б) Сорғылар
14. Қалыпты атмосфералық қысым:
а) 105 Па б) 133,3 Па
Сары балықтың сұрақтары:
- 1мм.сын.бағ.=?
а) 1,33 гПа б) 105 Па
16. Екі жағы бұрандалы металл түтік:
а) поршень б) нипель
- III. Жаңа сабақ: “Архимед заңы”.
Оқушылар алдымен Архимедтің өмірбаянымен танысайық:
Ежелгі грек математигі, механик, физик, астроном және әскери инженер Архимед Сицилия аралының оңтүстік жағалауында орналасқан Сиракуз қаласында дүниеге келген. Әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Александриядағы атақты математика мектебінде оқыған Архимед Сиракуз қаласына оралғаннан кейін өзін математика мен механикаға арнайды. Оның құрастырған аппараттары мен машиналары замандастарына техника ғажайыбындай болды. Ол көтеру механизмдерінің теориясын зерттеді. Оның ашқан жаңалықтарының ішінде – Архимед бұрандасы арқылы су, құм т.с.с. материалдарды жоғары көтеруге болады. Архимед өзі зерттеген рычаг туралы «Маған белгілі бір нүкте берсеңіздер, мен барлық әлемді төңкеріп тастар едім» деген екен. 212жылы римдіктер Сиракуз қаласына шабуыл жасаған кезде, Архимед бір сарбаздың қолында қаза болды. Есептеп қарасақ, Архимедтің туғанына биыл шамамен 2300 жыл.
Ал енді Архимед заңын тұжырымдамас бұрын, осы заңның мағынасын түсіну үшін мынадай тәжірибе жасайық: (Сонымен қатар, тәжірибелерді датчикпен де көрсетуге болады) №1 Тәжірибе: Қажетті құрал – жабдықтар: ДИНАМОМЕТР, ҚАНДАЙ ДА БІР ДЕНЕ, СУЫ БАР ЫДЫС. Нәтиже: Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.
№2 Тәжірибе: Қажетті құрал – жабдықтар: ДИНАМОМЕТР, ЦИЛИНДР ТӘРІЗДІ ДЕНЕ ЖӘНЕ ОДАН КІШІЛЕУ ЫДЫС. Нәтиже: Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді (Архимед заңы). Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті Архимед күші деп, оны FA деп белгілейміз: FA=rcgVд
Материалды пысықтау: а) тәжірибелер:
№3 Тәжірибе: Қажетті құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы (табақшалар-сыз), Екі дене: m1=m2=100г, V1, V2, Суы бар екі ыдыс. Нәтиже: Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының тепе – теңдігі ……… .
№4 Тәжірибе: Қажетті құрал – жабдықтар: Мектеп таразысы, (табақшалар-сыз), Екі дене: m1=m2 , V1 =V2, Суы бар ыдыс, Кез келген сұйық құйылған ыдыс. Нәтиже: Егер бір жүкті суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі ……… .
ә) есептер:
№1. Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000кг/м3.
№2. Мына денелердің қайсысына су ішінде көбірек ығыстырушы күш әрекет етеді? Егер осы денелерді керосинге батырсақ, онда ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме? Неліктен?
№3. Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар (темірдің тығыздығы – 7900 кг/м3, ал керосиндікі – 820 кг/м3).
ЖАУАПТАРЫ:
|
№1 есеп |
1 Н. |
|
№2 есеп |
№2 дене; Fы өзгереді. |
|
№3 есеп |
0,5 Н. |
- V. Уақыт қоры: “Ой толғау”.
Герон патша Архимедке мынадай тапсырма беріпті: ”Менің патшалығым басқа патшалықтан асып түсуі үшін сарайдың ортасында фонтан ағып тұрсын. Сарай сол фонтанның астында су тимейтіндей болсын” деген екен.
Архимед іске кірісіп, сарайды сала бастайды. Бәрін бітіріп, фонтанды іске қосқанда, фонтан көтерілмей қалған.
Архимедтің жіберген қателігі неде?
ЖАУАБЫ:
Атмосфералық қысымды есепке алмаған, бірақ ол кезде атмосфералық қысым әлі анықталмаған еді.
- VI. Үйге тапсырмалар: §55.Архимед заңы.
29 – жаттығу (4).
- VI. Бағалау. (Бағалау парағының көмегімен).
- VII. Қорытындылау:
- Дененің батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең күш?
(Ығыстырушы күш).
- 2. Батырылған денені ығыстырып шығаратын күш? (Архимед күші).
- 3. Архимед күшінің таңбалануы? (FA).
- 4. Архимед заңының математикалық өрнегі? (FA=rcgVд).
