«Ішкі энергия» тарауын қайталау

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, №1 Қарауылкелді
орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі
Әзова Мәншүк Абылдақызы

Сабақ тақырыбы: «Ішкі энергия» тарауын қайталау.
Презентация нұсқасын көшіріп алу:  «Ішкі энергия» тарауын қайталау. Презентация
Сабақ мақсаты:   Білімділік:
тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау, білімдерін жадына сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, осы заңдардың қоршаған ортада бар екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: сандық, сапалық есептер шығару арқылы ой-өрістерін арттыру, шығармашылыққа баулу.

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, житондар, қосымша кестелер.

Құрал – жабдықтар: термометр, мензурка, әр түрлі температурадағы су, таразы, ыдыстар, металл және ағаш қасықтар, топырақ.

Сабақтың түрі: Қайталау – жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, демонстрациялау.

Пәнаралық байланыс:  Әдебиет, химия, математика.

Сабақ жоспары:

  1. Қайталау – оқу анасы.
  2. Есеп «Кім жылдам».
  3. Тәжірибе.
  4. Мақал – мәтелдер, жұмбақтар.
  5. Үйге тапсырма: Шығайбайдың есебі.
  6. Бағалау.
  7. Қорытынды.

 

Ұйымдастыру кезеңі:

a)   Оқушыларды 2 топқа бөлу.

b)   Сабақтың мақсаты, жоспарымен таныстыру.

c)   Оқушылар жинаған житондар санымен бағаланады.

 

  1. 1.    Қайталау – оқу анасы.

Оқушыларға викториналық сұрақтар қойылады.

Мұғалім: Балалар, біз табиғат аясында серуендейміз бүгін. Алдымен

мына екі сұраққа жауап беріңіздерші!

а) өзендегі су жоғарыда жылы ма, әлде төменгі жағында жылы ма?

б) судың терең жерінде  табанға тас қатты бата ма, әлде таязда ма?

Жауабы:

а) су төменгі қабатта суық, себебі судың жылу өткізгіштігі нашар.

б) терең суда тас ауыртпайды, өйткені көмекке Архимед күші келеді.

Мұғалім: Жаз айы. Өзенге шомылып шыққан балалар дірілдеп тоңады, ал күн болса ып–ыстық, неге?

Жауабы: Судан шыққан кезде, адамның ішкі энергиясы азайып,

температура төмендегендіктен, «құс еттеніп» тоңазиды.

Мұғалім: Сіздер жазғы серуенде, походқа шыққанда от жағып шай

қайнатасыздар, ас әзірлейсіздер. Отты жағу үшін қолымызға не түскенді жинап жаға беруімізге бола ма, яғни отынның бәрі бірдей жана береді ма?

Жауабы: Тек құрғақ отынды ғана жаға аламыз, өйткені құрғақ отын

жылуды көп бөледі, дымқыл отын жанғанда оны жылытуға, ондағы  суды кептіруге бөлініп кетеді де, жылу аз бөлінеді.

Мұғалім: Жақсы, балалар, от шатырлап жақсы жанып жатыр делік,

түтін неге жоғары көтеріледі?

– Өйткені отынның жануы, түтіннің, жоғары көтерілуі – физикалық құбылыс.

– Жоқ, бұл тек физикалық құбылыс қана емес, химиялық құбылыс та.

Мұғалім: Ал, балалар, қай жауап дұрыс?

Жауабы: Отынның шатырлап жануы су буы болғандықтан, су отын

жанғанда қызғандықтан қысым артып, отынды жарып жібереді. Жану кезінде пайда болған ұсақ бөлшектер қызған ауамен ілесе жоғары көтеріледі – түтін дегеніміз осы. Отынның жануы – химиялық құбылыс болса, оның шатырлауы, түтіннің таралуы – физикалық құбылыс.

Мұғалім: Балалар, оттың қасында қызарып ыстықтай бастаймыз,

неге?

Жауабы: Олар от қызуынан ыстықтайды. Жылу сәуле шығару

арқылы беріледі.

Мұғалім: Сорпа ыстық болса, ағаш қасықты, әлде металл қасықты

пайдаланамыз ба?

Жауабы: Ағаш жылуды нашар өткізеді.

Мұғалім: Ал, енді отты қалай, өшіресіңдер, өрт шығып кетпесін!

– Топырақпен көме саламыз.

– Алде су құйған дұрыс па?.

Мұғалім: Ал, не істейміз?

Жауабы: Су құйған дұрыс. Су отқа оттегінің келу процесін

тоқтатады, яғни отынның жануын тоқтатады.

     Мұғалім: Иә, ыстық нәрсеге жанасқан су, одан көп жылу мөлшерін

алады да, буға айналады. Бу ауаны ығыстырып шығарады. Ал

ауасыз жану болмайды.

Бұл жердегі судың булануын алдағы тараудан білеміз.

 

  1. 2.     Есеп «Кім жылдам»  

Әр топқа сапалық және сандық есептер беріледі. Оқушылар дәптерлеріне шығара бастайды. Дұрыс және бірінші шығарылған есеп бағаланады.

 

№1

. Молекуланың ретсіз қозғалысы қалай аталады?

. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қандай жылу мөлшерін бөліп шығарады? q=4,6 · 107

 

 

№2

. Бір стақан су суық, екіншісіне ыстық су құйылған. Сулардың массалары бірдей. Стакандағы сулардың ішкі энергиясы туралы не айтуға болады?

. Цельсий шкаласы бойынша  қай температура  абсолют шкала бойынша 200К температураға сәйкес келеді.

№3

. Металл ыдысқа су құйылған. Төменде келтірілген іс-әрекеттің қайсысы судың ішкі энергиясын өзгертпейді?

1) суды ыстық плитада қыздыру                  2) ыдыспен бірге суды қозғалту.

3) Суды миксермен араластыру

. Массасы 10 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=2,7 · 107

№4

. Қатты денелердің,   сұйықтардың және газдардың қайсысының жылу өткізгіштігі көбірек?

. 1800Дж жылу алу үшін 100г алюминийді 200С-қа қыздырды. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы қандай?

№5

. Массасы 20 кг құрғақ отын толық жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? q=1 · 107

. Қатты денелердің,   сұйықтардың және газдардың қайсысының жылу өткізгіштігі төмен?

№6

. Цельсий шкаласы бойынша  қай температура  абсолют шкала бойынша 100К температураға сәйкес келеді.

. Қандай денелерде конвекция жүре алады?

№7

. Жылу берілудің қай түрінде зат тасымалданбайды?

. Егер адам 600С-тағы бір стакан (200гр) ыстық су ішсе, қандай жылу мөлшерін алады? Адам денесінің температурасы 370С, с=4200

№8

. Қандай денелерде конвекция болмайды?

. 1 кг судың температурасын 150С-тан 1000С-қа дейін арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру керек? с=4200

№9

. Бөлмені батареямен жылытқанда жылу берілудің қай тәсілі көп роль атқарады?

. 900Дж жылу алу үшін 100г темірді  200С-қа қыздырды. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы қандай?

 

№10

. m кг отынды жаққанда бөлінетін жылуды қалай есептейді?

. Кельвин шкаласы бойынша 550С-қа тең температура?

№11

. Күн энергиясы жерге жылу берілудің қандай тәсілі бойынша жеткізіледі?

. 1 кг судың температурасы 750С-тан 200С-қа дейін суығанда қанша жылу мөлшерін шығарады? с=4200

№12

. Жылудың ауаға не сұйыққа ағын  арқылы берілу құбылысы.

. алынған жылу мөлшері 9·106 кДж механикалық энергияға тең болу үшін неше тонна шымтезек жағу қажет болар еді? q=1,5 · 107

 

 

  1. 3.     Тәжірибе   
    1. Кружкаға немесе сыйымдылығы белгілі ыдысқа шай құйып,

температурасын термометрмен өлше. Үстіне қайнаған су құйып, тағы да температурасын өлше. Шайдың алған және қайнаған судың берген жылу мөлшерлерін есепте және салыстыр.

 

  1. Массасы белгілі кастрөлге көлемі белгілі қайнаған су құй және 4-5

минуттан кейін (бұл уақытта беті жабық кастрөл жылиды) судың температурасын өлше. Қатты дененің (кастрөлдің) меншікті жылу сыйымдылығын есепте.

 

 

  1. 4.     Мақал – мәтелдер     

Әр топ оқушылары ішкі энергия тарауына байланысты айтылған мақал – мәтелдердің мағынасын ашып, жұмбақтардың шешуін табады:

1. Көсеу ұзын болса, қол күймес.(Жылуөткізгіштік)

2. Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.(Диффузия)

3. Қол жұмылмай – жылынбайды.(Жылуөткізгіштік)

4. Шоқ қайдан болса, жылу содан болады. (Жылуөткізгіштік, конвекция)

5. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. (Жылуөткізгіштік)

Жұмбақтар.

1. Үркер Жерге түспей, Жер қызбайды.(Жылу мөлшері)

2. Ай жарығы әлемге, Күн жарығы төменге.(Сәулелену)

3. Формуласы күрделі

Есептеп жылу мөлшерін.

Ойлап тапқан ғалымға

Берген бірлік өлшемін.(Джоуль)

4. Шығайбай от басында қалғып отыр

Алдар көсе көз жұмып аңдып отыр.

Қызуы шымтезектің екі жанға

Қандай тәсіл түрімен жетіп отыр.(Сәулелену)

5. Айлакер Алдаркөсе келіп қалды

Айламен байдың тонын шешіп алды.

Өз тонын шешіп беріп Алдаркөсе

Неліктен байдың тонын киіп алды.(түлкі ішік жүндерінің арасында ауа болатындығы, ал ауаның жылуды нашар өткізетіндігі айтылады).

 

5. Үйге тапсырма.

Шығайбайдың есебі: «Піс қазаным бес ай, отырайын он ай…»

Менің темір қазанымның массасы 8 кг, оған 10 л  су құйылған. Не де болса, бұл етті Алдаркөсеге жегізбеуім керек. Олардың температура-ларын тек 100С-тан 400С-қа дейін ғана қыздыру үшін, су құйылған қазанға қандай жылу мөлшері берілуі керек?

 

 

6. Бағалау.

Әр топ оқушылары жинаған житондарына қарай бағаланады. Оқушылардың житондар саны қай топта көп сол топ жеңімпаз атанады.

 

 

  1. 7.     Қорытынды

Мұғалім:             Физика патшалығы өмір сүрген

Заңдары ашылыпты дана тілмен!

Патшалыққа саяхат жасай жүріп,

әр адам табиғаттың сырын білген,-

дей келе, физиканың жылу құбылыстары бөлімінің ішкі энергия тарауы бойынша алған білімдерің талай жұмбақ шешуін табуға көмектесті. Осылайша әрдайым білімдеріңді өмірді танып – білуге жұмсай біліңдер, талаптарыңа нұр жаусын!

 

Оқушылар:

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгеріп, мен-

Зерделімін, білімдімін, саналымын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше