Модульді оқыту технологиясының құрылысы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылы
№214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қалдыбек Бақытжамал Серқұлқызы

«Үмітін үзеңгі қылған елдің перзенттері ретінде білім мен ғылым ісінде бірігіп
қимылдасақ, шығар шыңымыз әрқашан биік болатынына ешкім де шүбә келтірмес.
Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық.
Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын».
Н. Ә. Назарбаев

Бүгінгі өмір талабына сай, баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиетінің маңызы зор. Қазіргі кезеңде заман ағымы білімді талап етуіне сай, көп тілдерді салыстыра оқыту арқылы оқушының оқу мен білімге қызығушылығын арттырып, шығармашылық көзқарасының қалыптасуына негіз болу – пән мұғалімдерінің басты міндеті болып қала бермек.

Ұлттық өнеріміздің, мәдениетіміз бен дәстүріміздің алдыңғы қатарлы үлгілерін, тіліміздің орасан зор байлығын жас жеткіншектердің жан дүниесіне сіңіру, сол арқылы әлемдік руханиятқа, өркениеттің өріне шығып, одан нәр алу- бүгінгі күн талаптарының маңыздысының бірі. Білім беру жолында көбіне еуропалық әдіс тәсілдерді көбірек қолдану, орыс тілі мен ағылшын тілінің күрт дамуы – ана тіліміздің дамуына, ұлттық болмысымыздың қалыптасуына кедергі туғызары әбден мүмкін. Сондықтан толыққанды Адамды қалыптастыру үшін – туған тілін еркін білетін, оның орфоэпиясы мен орфографиясын меңгерген сауатты, ұлттық сипаты мен төл болмысын жоғалтпаған ұрпақ тәрбиелеп, әлемдік өркениеттен лайықты орнымызды алуымыз керек.

   Тіл ұлттың  аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі және тіл қай ұлтта қай өлкеде болса да қасиетті, құдіретті. Ол адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады, сондықтан болар, тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отырған баға жетпес мұра. Мен әрбір сабағыма дайындықты баланы осы мұраны көзінің қарашығындай қорғауға бағыттаудан бастаймын. Әрбір сабақтағы ұстанымдарым:

–         оқушыға қандай білім қажет?

–         қажет білімді оқушы санасына қалай енгізу қажет?

–         оқушы қажет білімді меңгерді ме?

Педагогикалық білім  тұрғысынан алғанда бұл мәселелер былайша тұжырымдалады:

–         қажет білім мәселесі

–         білім беру мәселесі

–         білім тексеру мәселесі

Оқушыға қажет білімдер оның жасына, жынысына, этносына, дене, психика, рух дамулары деңгейлеріне сай болуы қажет. Әрбір мұғалім психологиялық тұрғыда әр баланы меңгеріп, соның деңгейінде жұмыс түрлерін ұйымдастырса, ол мұғалімді бала «іздеп» тұрады.

Сауаттылық – сапалы білім негізі. Орфоэпия мен орфография қазақ тіліндегі негізгі салалар. Бағдарламада оған бір ғана сағат бөлінген. Мен әрбір сабағымда, әрбір тақырыпта осы мәселелерге тоқталып мән беріп отырамын.

Мен әр сабағымның ұйымдастыру кезеңіне  және сабақтың жалпы барысында тренингті көп пайдаланамын. «Тренинг» – жаттығу деген ұғымды білдіреді. Тренингтің басты мақсаты  әрбір жеке тұлғаны  өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Тренингке қатысу барысында оқушылар бойындағы қорқыныш, үрей,  өзіне-өзі сенбеу сезімдерін жоюға көмектеседі. Тренингте оқушылардың жас ерекшелігі ескеріліп отырады. Сәлемдесу рәсімі, сергіту, кіріспе немесе хабарлама жасап отыру оқушылардың көңіл күйін айқындау, олармен санасу, пікірлесу, алған әсерлерін тыңдау сабақ кезеңдерінде көп өзгеріс әкеліп отырады. Мысалы: Оқушы қабілеттерін бақылауға арналған тренингтер, танысу тренингтері, сергіту тренингтері (жаңбыр, жер, су, ауа, т.б)

Менің жоғарыдағы ұстанымдарыма сәйкес келіп, сабақтарымды жетілдіруіме Модульді оқыту технологиясы толық сәйкес келеді. Модульді оқыту технологиясының авторы М. Жанпейісова. Модульді оқыту технологиясы бойынша А. Орақовадан білім көтеру курсынан өткенмін, арнайы сертификатым бар.

Модульді оқыту кезінде, оқушыларды мұғалім ғана оқытып қоймай олардың өздері танымдық қабілеттерін ашуға, диалогтық қарым – қатынас арқылы  білім деңгейінің сапасын көтере білуін тыңдау, көру, есту, есте сақтау қабілеттерінің, іскерліктерін арттыруға жан-жақты жұмыстар жүргізіледі.

Модуль дегеніміз – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі. Ал технология – әдістеме, өнер, шеберлік немесе белгілі бір бөлімге байланысты алдын-ала жинақтап алу тәсілі. Модульді оқыту технологиясын АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия сияқты мемлекеттерде ДЖ Блок, Андерсон, Керрол, Блум т.т. Зерттеуші психологтар өз еңбектерін ғылыми тұрғыда зерттеп, кеңінен тарата бастады.

Модульді оқыту технологиясының негізгі варианттары:

  1. Модульді оқытудың мақсатымен таныстыру
  2. Оқушыларды берілген модульмен немесе мазмұны жағынан бір-біріне ұқсас, толықтыра түсетін тақырыптарды блоктарға бөліп түсіндіру.
  3. Оқу материалын мұғалім қысқаша сипаттама беру арқылы бастайды. Оқушы оның мазмұнын әрі қарай өзі аша түсетін, ізденуге ықпал жасайтын тапсырмалар  алдын-ала ұйымдастырады.
  4. Диалогтық қарым-қатынас арқылы оқу танымдақ қабілеттеріне қарай бағаланады
  5. Түрлі тапсырмалар арқылы негізгі тақырып 4-5 мәрте талқыланады
  6. Нәтиже толық тексеріледі. 

Модульді оқыту технологиясының құрылысы


  1. Кіріспе бөлімі. Мұнда модульмен (негізгі берілу керек біліммен) толық таныстыру жұмыстары жүреді.
  2. Сөйлесу бөлімі. Оқушының оқу танымдық қабілетін диалог арқылы ұйымдастыру
  3. Қорытынды бөлім. Нәтижесін бағалау.

 

Модульді оқыту технологиясы бойынша құрған (биылғы оқу жылында) бірнеше модульдерім бар. Соның ішінде біреуін ұсынып отырмын.

 

Сан есім  8 сағат

 

Бөлімі

 

Сабақ саны

 

Мазмұны

 

Уақыты

 

Кіріспе

1 сабақ

1)  Сан есім туралы түсінік2)   Дара  және күрделі сан есім3)   Сан есімнің түрлері

4)   Есептік сан есім

5)   Реттік сан есім

6)   Дәптермен жұмыс

5 минут

5 минут

10 минут

7 минут

8 минут

10 минут

2 сабақ

1)   Жинақтық сан есім2)   Топтық сан есім3)   Болжалдық сан есім

4)   Бөлшектік сан есім

5)   Дәптермен жұмыс

5 минут

5 минут

8 минут

5 минут

20 минут

 

Сөйлесу бөлімі

 

3 сабақ

             Ойын: Кім жылдам?1)   Экспресс сұрақтар2)   Қысқарған ережені оқы

3)   Жаттығу жұмыстары

4)   Интелектуалды казино ойыны

7 минут

3 минут

25 минут

10 минут

4 сабақ

1) Жеке және топтық жұмыстар2) Фонетикалық тапсырма3) Лексикалық тапсырма

4) Жаттығу жұмыстары

5) Деңгейлік тапсырма

10минут

10 минут

5 минут

10 минут

10 минут

5 сабақ

Өзара оқыту сабағыҚатені тапЖаттығу жұмысы

25 минут

50 минут

15 минут

6 сабақ

«Бақытты сәт» ойыныжаттығу жұмысы

 

35 минут

10 минут

7 сабақ

Жеке топтық жұмысЖаттығу жұмысы

25 минут

20 минут

 

Қорытынды

8 сабақ

Тест

Сынақ тапсырмалары

20 минут

25 минут

 

 

Нені үйрету керек?

         Сан есім мағынасын, құрамына қарай түрлерін білуге, мағыналық түрін білуге үйрету.

Нені білуге тиіс?

         Сан есім жайлы түсінік алуға, құрамына қарай ажыратып мағыналық түрлерін білуге тиіс.

 

1 – сабақ

І    Ұйымдастыру кезеңі

ІІ   Модульдің құрамын түсіндіру

ІІІ  Сабақтың мақсатын жүру барысын айту

ІҮ  Сөз табынан өткенді қайталап сан есім жайлы түсінік беру

Ү   Сан есім құрамы

ҮІ  Есептік сан есім

ҮІІ Реттік сан есім

Өзінің мағынасы мен қызметі жағынан сын есімге ұқсас сөз табының бірі – сан есім. Өйткені, екеуі де зат есімнің қасиет ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен бірге сан есім жеке дара қолданылып, тіліміздегі санның атын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сан есімдер басқа сөздерге тіркестірілмей айтылғанда, санды дерексіз, жалпылай атайды. Мысалы: бес, он т.б.

Сан есім өзге сөздермен қарым – қатынасқа түскенде, олардың мағынасы нақтыланады. Мысалы: Бір айда отыз күн бар. Сонымен бірге сан есімдер затты әр түрлі анықтауы мүмкін: бірді заттың санын, ретін білдіретін сөзді сан есім дейміз.

 

Сан есім құрамына қарай дара және күрделі болып екіге бөлінеді

Сан есім құрамы

 

 

 

Дара                       Күрделі

Бір, екі, үш             он бір, он екі

мың

 

С а н       е с і м н і ң      т ү р л е р і

 

 

 

Есептік                               Реттік сан       Болжалдық            Топтау         Жинақтық     Бөлшектік

сан есім                              сан есім               сан есім              сан есім        сан  есім         сан есім

1. Есептік сан есім

       Есептік сан есім заттың нақтылы сынын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді.

2.  Реттік сан есім

       Заттың санау ретін білдіреді. Нешінші деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі ондайда сан есімдердің жазылуы мына төмендегіше болады.

  1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, – іншы, – ншы, – нші жұрнағының орнанына дефис қойылады.
  2. Реттік сан есім рим цифрымен берілсе, жұрнақ орнына дефис қойылмайды. Мысалы: Шығарманың 11 томы
  3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін де дефис қойылмайды.

Дәптермен жұмыс.

         156 – жаттығу сан есімді тіркеспен сөзімен бірге цифрмен  жазу.

Үйге: Сан есім, құрамы, есептік, реттік сан есім.

2 – сабақ

                   Үй тапсырмасын тексеру

Жинақтық сан есім заттың жинақталған сынын білдіріп, нешееу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан бірден 1 ден 7 ге дейінгі есептік сан есімдерге  – ау, – еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да, заттанып турады, яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала балса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер мен дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден.

 

Т о п т а у    с а н     е с і м

 

 

 

 

 

                                    дара                      күрделі                    қосарланған

бестен, оннан           жиырма бестен       екі-екіден, он-он

бестен

 

Болжалдық сан есім

Болжамдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамасы? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Б о л ж а л д ы қ      с а н       е с і м

 

Шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын бірге.

– лаған(-леген), –даған(теген),-лап(-леп),-дап(-деп),-тап(-теп),-дай(-дей),-тай(-тей)

Көптік жалғауға жатыс, барыс, септік жалғауы

Қосарлану арқылы

 

 

Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдерді.Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте алымы тәуелділік тұлғада жұмсалады, кейде тәуелділік жалғауы түсіріліп айтылады.

Мысалы: екіден бір.

 

Дәптермен жұмыс

177 – жаттығу  (ауызша)

166 – жаттығу (жазбаша)

Сабақты қорытындылап бағалау. Үйге тапсырма 159 – жаттығу сан есім түрі

3 – сабақ

Үй тапсырмасын тексеру

Ойын «Кім жылдам»

Шарты: Экспресс сұрақтарға жауап беру

Мақсаты: Сан есімнен өткен білімді меңгерту, жаңғырту

Экспресс сұрақтар

1)    Неше сөз табы бар

2)    Сан есмі дегеніміз не

3)    Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді

4)    Сан есімнің мағыналық түрлерін ата

5)    Есептік реттік сан есімге мысал

6)    Жинақтық, топтау сан есімге мысал

7)    Болжалдық, бөлшектік сан есімге мысал

Ойын «Қысқарған сөз»

Шарты: Қысқарған ережені оқу

Мақсаты: Сан есімнен өткен білімді меңгерту

Ойын «Қысқарған сөз»

1)    З. С. М. Р. Б. С. Т – С. Е

2)    С. Е. 6. М. Т. Б

3)    С. Е. Қ. Қ. 2. Б

4)    Е. С. Е. 3. Н. С. Б

 

Жаттығу жұмыстары

160 – жаттығу жазбаша

163 – жаттығу жазбаша

165 – жаттығу ауызша

172 – жаттығу жазбаша

«Интеллектуалды  казино» ойыны

Шарты: Сұрақ беріледі, үш жауап ішінен дұрысын табу

Қажет құралдар: 1) 10, 20, 30, 40 –таңбалар (ақша)

2)     1, 2, 3 белгілері

Мақсаты: Сан есімнен өткен білімді меңгерту

 

1)    Болжалдық сан есім неше жолмен жасалады?

1)    2

2)    5

3)    4

2)    Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?

1)     2

2)     6

3)     3

3)    Сан есім қызметі

1)     Сапаны білдіреді

2)     Мөлшерді білдіреді

3)     Құрамды білдіреді

4)    Есептік сан есім қызметі

1)     Рет

2)     Нақты сан

3)     Шама

5)    Реттік сан есім қызметі

1)     Болжау

2)     Санақ реті

3)     Топталу

6)    Жинақтық сан есім қызметі

1)     Бөлікті

2)     Жинақталған сан

3)     Мөлшер

7)    Топтау сан есім сұрақтары

1)     Нешеу?

2)     Нешеден?

3)     Неше?

8)    Бөлшектік сан есім нешеге бөлінеді?

1)     3

2)     2

3)     1

9)    Күрделі сан есім сыңарлары қалай жазылады?

1)  Бірге

2)     Бөлек

3)     Қысқарып

10)           Қайсысы дұрыс

1)     Алтау

2)     Алтыау

3)     Алты ау

Сабақты қорытындылап бағалау

Үйге тапсырма:  Сан есімнің мағынасының топтары

 

 

4- сабақ

Білімді дамыту сабағы

  1. Ұйымдастыру

Кезекшімен жұмыс

  1. Оқушы зейінін сабаққа аудару

Ойын «Дұрысын анықта»

Шарты: Дұрыс ереже – 1 таңбасы

Қате ереже – 2

Барысы 1) Қазақ тілінде 8 сөз табы бар

2) Сан есімнің мағыналық түрі -алтау

3) Сан есім заттың көлемін білдіреді

1) Қазақ тілінде 38 әріп бар

2) Фонетика сөздерді зерттейді

3) Сөз дегеніміз зат пен құбылыс атауы

 

1)    Орыс тілінде 33 әріп бар

2)    Ағылшын тілінде 26 әріп

3)    Кто сұрағы орыс тілінде Жаны барға қойылады.

 

2) Тақтада сан есімдер жазу, оқушылар сан есімнің қай мағыналық топқа жататынын ажыратады.

3) Әр оқушы бір мағыналық топқа жататынын теріп оқиды.

Бір, біреу, он шақты, екіден бір, оннан екі,он бас, жиырма, бес-бестен, бесінші, оныншы жүздеген, үштен екі, алтыншы, жетеу, алтау, үштен, бірінші.

3) Фонетикалық тапсырма. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аудар.

Фонетикалық талдау жаса.

Жиырма-двадцать  жиырмасыншы – двадцатый  бір-один  бірінші – первый  екі-два  екінші-второй  мың-тысач  мыңыншы- тысячный  он бір-одиндцат    он бірінші-одинадцатый  отыз-трицать       отызыншы

 

Төмендегі сөздер жеке тұрғанда қандай ұғым білдіреді, сан есіммен және басқа сөз таптарымен тіркесіп сөйлем құрамында келгенде қандай ұғым білдіреді екен,  ойлап көріңдер.

Елі, сүйем, қарыс, уыс, құшақ, құлаш, тұтам, адым,табан.

Мысал: Бір елі ауызға, екі елі қақпақ..(мақал)

Етектейін еріннің,

Екі елісі қалыпты.

Қиған қайыс құлақтан

Бір тұтамы қалыпты.

Жалбыраған жалынан

Жалғыз қарыс қалыпты.

Бір құлаштай құйрықтан

Бір уыстай қалыпты.

( «Ер Тарғын «  жыры)

5) Дәптермен   жұмыс

170-жат.  Ауызша

177- жаттығу  ( жазбаша)

6) Сергіту жауын жауғызу

7) Қысқарған ережені оқы

1) Қ. т  9 . с. т. б

2) С . е  6    т. б

3) С. е    қ   қ  2. б

4) К. С. 4  т. бар

5) Б. С. е  4  түрлі жолмен жаз

8) Деңгейлік  тапсырмамен жұмыс

І  д. Көк, өте жақсы

ІІ 6  Жасыл –толықтыру керек

ІІІ Қызыл әлі дайындалу керек

 

1) Әке сенің тастап кеткен мұраңды,

Төрт немерең көрген шақта қуанды.

Терің сіңген тақияңа жармасып,

Алма кезек, бірінен соң бірі алды.

М. Мақатаев

 

Өлеңдегі  зат есімді тап

2) 1941 жыл ақпандатты, сары аяз.

35 жыл

Отыз бесінші көктемім

М.Мақатаев

Құрамына,  мағынасына қарай талда

3) Болар бала  он бесінде бас болар

Болмас бала  отызында жас болар

1)    Мағынасын түсіндір

2)    Сан есімді тауып құрамына, мағынасына қарай талда

1)    Төмендегі сын есімдерге қарсы мағыналас сөздер тауып айт!

Олақ  ( іскер)

Аласа

Сыпайы (дөрекі)

2) Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағына беретін сан есім

3) Оннан-жиырмаға дейінгі сандардың қазақша , орысша              айтылуында қандай айырмашылық бар.

1) Деректі, дерексіз зат есім

2) Сандық мәні көп, буын саны аз сандар.

3) Отызыңда орда бұзбасаң

Қырқыңда қыр аспассың

Сөз құрамына  талда

І   деңгейлік тапсырма

Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра ;

Сан есімді құрамына, мағынасына  қарай талда.

Ондаған, алтыншы, бес.

ІІ  деңгейлік  тапсырма

Білікті  …  жығар

Білімді …  жығар

Егер  сан есім бар болса

Құрамына қарай қандай сан есім

ІІІ  деңгейлік тапсырма

1)    16- атар

2)    8- наурыз

3)    V-сынып

4)    6- сынып

9) Блиц турнир

1) Сөз таптарын ата.

2) Болжалдық сан есімнің жасау жолдары

3) Сан есімнің құрамдық түрлері

4) Сан  есімнің мағыналық түрлері

5) Сын  есмнің мағыналық  түрлері

6)  Сын  есім  жасалуы

7) Деректі, дерексіз  зат есім

Бағалау, Қорытындылау

Үйге тапсырма беру

 

 

5 – сабақ

                  Үй тапсырмасын тексеру

Өзара оқыту сабағы

Жұмыс жұпқа бөлініп жүргізіледі

Шарты:  1) Тапсырмалары бар парақтар таратылады. Оқушылар (1 – ші 2 – нұсқалар)

тыңдаған материалы бойынша тапсырмалар орындайды.

2)     Бірін – бірі тексереді

3)     Бірін – бірі бағалайды. Сабақ соңында қорытынды шығарады.

Тапсырмалар

І нұсқа

         1)  Жұмбақтарды шешіп, сан есімді құрамына, мағынасына қарай талда

а) Екеуі қарауыл қарап тұр

Төртеуі ұйықтап жатыр

Біреуі қамыр басып жатыр

б) Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты

 

2)     Сызбаны толтыр

                                                 С а н    е с і м

3)     Болжалдық сан есімнің жасалу жолдары

4)     176 – жаттығудың алғашқы 3 тапсырмасын орында

ІІ нұсқа

  1. Жұмбақты шешіп мұндағы сан есімдерді талда
    1. Бір көлде екіден қаз ойнайды

Алса деп бірін – бірі наз ойнайды

Бірін – бір алмасына еш қоймайды

б.  Бес ін, бес іннің аузы бір ін

2)   Сұрақтарын жазып сызбаны толтыр

Есептік

Реттік

 

 

 

Жинақтық

Топтау

Бөлшектік

 

Болжалдық

 

3)  Жинақтық сан есім мағынасы, сұрағы жасалуы

4)  172 – жаттығудың алғашқы з-тапсырмасын орында

 

Ойын «Қатені тап»

Шарты: Ереже дұрыс айтысы 1

Қате айтылса 2 санымен таңбала

Мақсаты: Сан есімнің өткен білімді нақтылау

 

1)    Заттың сынын білдіретін сөз табы – сан есім

2)    Болжалдық сан есім есептік сан есімдерді қосарлануы арқылы жасалмайды.

3)    Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді

2 2 1

1)     Жинақтық сан есім – ау, -еу жұрнағы арқылы жасалады.

2)     Болжалдық сан есім заттың анық санын білдіреді

3)     Бөлшектік сан есімнің екі түрі бар

1, 2, 1

Жаттығу жұмысы

178- жаттығу (1) ауызша

179 – жаттығу ауызша

186 – жаттығу жазбаша

174 – жаттығу уызша

Сабақты қорытындылап, бағалау

Үйге: 168 – жаттығу

6 – сабақ

Үй тапсырмасын тексеру

Бақытты сәт ойныны

Шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Өз капитаны және атауы болады. Берілген

тапсырмаларды оқытады.

Курс жабдығы: Сағат

Бағалау парағы

Фишкалар

Конкурс тапсырмалары

Жауап үлгерімі

Барысы

І гейм «Бой сергіту»

Командаларға 6 сұрақтан беріледі

1)    Сан есім сұрақтарын ата

2)    Топтау сан жасалу жолы

3)    Бөлшектік сан есімге мысал

4)    Күн ретінен кейін сызықша қойыла ма?

5)    Шамалы, шақты , қарасы, таман, тарта  сөздері тіркесуі арқылы қай сан есім жасалады

6)    Жинақтық сан есім анықтамасы

ІІ  1)  Есептік сан есім сұрақтары

2)  Жинақтық сан есім

3)   Болжалдық сан есім анықтамасы

4)   Он – оннан, бестен қай сан есім

5)   Жарты, жарым, ширек сөздерін

6)   Күрделі сан есімдерге мысалдарға мысал

ІІ гейм  Парақтағы бас қатырғылар әр топқа тапсырма жазылған парақтар таратылады.

І топқа

1)  Мақал – мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып, сом, ақшаң, жүз, болғанша, жолдасың, болсын, жүз

2)  Берілген мақал мәтелдерді оқып, көп нүкте орнына тиісті сан есімдерді қой.

Жаздың ……. күні

Қыстың  …… күнін асырар

3) Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра

Жеті – сегіз, он үштерде, алпыстай

ІІ топқа

1)    Мақал – мәтелдердің сөздерін тиісті орнына қойып құрастыр

Тілін, жұрттың, біл , жеті,

Түрлі, білім, жеті, біл.

2)    Мақал – мәтелді оқып тиісті сан есімді қой

 … жасар бала келсе,

                    … қария сәлем берер

3)    Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра

Ондаған, жиырма шақты, елу

ІІІ гейм «Жұмбақтас»

Жалпы сұрақ беріледі

1)    Сан есімдердің қайсысының жазылғаны дұрыс

а)  2004 – жыл

б)  2004 жыл

2)    а)  Ү том

б)  Ү – том

3)  а)  7- сынып

б)  7 сынып

4)  а)   10 – даған

б)   10 даған

 

ІҮ гейм    Сен – маған, мен – саған.

Командалар бір – біріне екі сұрақтан қояды

Ү гейім    Көсемдікке ұмтылу

1) Жаңылтпаш

Үш кіші ішік піштім

Бес үлкен ішік піштім

Неше кіші ішік піштім

Жоғалды бес шыбыш

Жоқ әлі екі шыбыш

Жоқ әлі еш сыбыс

Жоғалды бесшыбыш

3)    Кесте бойынша өлең құра  (ішінде сан есім болсын)

…    …  туылдым

…    …  мен білдім

…    …  …

…    …   … іліндім

Қорытындылау

Жаттығу жұмысы

182 – жаттығу (ауызша)

183 – жаттығу (жазбаша)

Сабақты қорытындылап бағалау

Үйге тапсырма: 175 – жаттығу

 

7 – сабақ

Үй тапсырмасын тексеру

Жеке – топтық жұмыс

1)    Талқылау «оқыта үйрету» ойыны

Оқушыларды төрт топқа бөлу

1. Зат есім

  1. Сан есім
  2. Сын есім
  3. Есімдік.       Осы ретпен санамақ жүргізіледі

Зат есімге тапсырма:

10  –  нан 20 ға дейінгі сан есімдердің қазақша айтылуы мен орысша айтылуында қандай айырмашылық бар.

Сын есімге тапсырма:

Ішінде сан есімі бар қандай ән аттарын білесіңдер?

Сан есімге тапсырма:

Сандық мәні көп буын саны аз қай сан есімдер

Есімдік:

Қосарлану арқылы жасалған сын есімдерді атап, мысал келтір.

2)    Санамақ құрау

3)     Жаттығу жұмысы

186 – жаттығу жазбаша

188 – жаттығу ауызша

190 – жаттығу ауызша

189 – жаттығу жазбаша

Сабақты қорытындылап бағалау

Үйге тапсырма: Сан есім емлесін оқу

Сан есімнен өикенді қайталау

                                      8 – сабақ

Тест

І нұсқа

1)  Жинақтық сан есімді белгіле

а) Біреу, жетеу

ә)  Бесінші, алтыншы

б)  екі, сегіз

в)  ондаған, мыңдаған

2)  Дара сан есімді табыңыз

а) 21

ә) 100 – інші

б)  15

в)  бес – бестен

3)  Сан есімді тап

а) ешбіреу

ә) елуінші

б) ондаған

в)   он шақты

4) Күрделі сан есімді тап

а) Бір

ә) он екі

б) ондаған

в)  он шақты

5)  Бөлшектік сан есімді тап

а) 5,2

ә) 10

б) екі – үштен

в)  төртеу

6)  Сан есім мағыналарына қарай

а)  8

ә)  6

б)  4

в)  5

7)  Болжалдық сан есімді анықтаңыз

а)  40

ә)  8 – інші

б)  301 шақты

в)   1 жарым

8)  Реттік сан есімді анықтаңыз

а)  30 шақты

ә)   40,1

б)  30 – 30 – дан

в)  30 – ыншы

9)  Сан есім құрамына қарай нешеге бөлінеді

а)  1

ә)  3

б)  4

в)  2

10)  Топтасу сан есім сұрағы

а)  неше

ә)  нешеден

б)  қайтіп

в)   қанша

 

11)   Бөлшекті сан есім жасалуы

а)  Есептік сан есім + шығыс, ілік

ә)  алымы тәуелді

б)  есептік сан есім + көптік жалғау

в)  Реттік сан есім + септік жалғауы

г)  Болжамдық сан есім + сын есім

12)  Сан есім қатысқан сөйлемді табыңыз

а)  Күн суытты

ә)  Екі пар ат жеккен арбашы келді

б)  Тауда қар қалың

в)   Менің баяғы досым

13)  Болжалдық сан есімнің жасалу жолы нешеу

а)  2

ә)  4

б)  5

в)  3

14)  Бес жердегі бес – жиырма бес сөйлемде сан есімдер қай сөйлем мүшесі болып

тұр

а)  Бастауыш – баяндауыш

ә)  Анықтауыш – толықтауыш

б)  Толықтауыш – баяндауыш

в)   Пысықтауыш – баяндауыш

15)  Есептік сан есімге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс, барыс, септік

жалғауы жалғану арқылы қай сан есім жасалады.

а)  Есептік сан есім

ә)  Реттік сан есім

б)  Болжамдық сан есім

в)  Бөлшектік сан есім

 

Сынақ  сұрақтары

         88 – беттегі пысықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс

 

Модульді оқыту технологиясын пайдалануда көптеген қиыншылықтар кездеседі.

  1. 7-8 сабақ жоспары алдын-ала дайындалады. Барлық көрнекілік, қажет құрал жабдықтар дайын болуы қажет
  2. Материалдық тұрғыда шығын өте көп.
  3. Дәстүрлі жұмыс барысында: журналмен жұмыс, дәптермен жұмыс өзгерістер көп.
  4. Модульдің басынан аяғына дейін оқушы сабақта түгел болуы қажет.
  5. Мұғалім психологиялық тұрғыда өте сауатты болу қажет.

Модульді оқыту технологиясының нәтижелі жағы басым:

  1. Барлық оқушыға толық қызығушылық тудырады
  2. Барлық оқушы деңгейіне сай жұмыс істейді
  3. Барлық оқушы баға ала алады.
  4. Оқушылардың таным қабілеттерінің дамуына зор үлес қосады.
  5. Барлық жұмыс түрі демократиялық бағытта ұйымдастырылады.
  6. Бұл технологияны барлық буындарды пайдалануға болады.
  7. Модульдің бүкіл тақырыпқа құрылуы міндетті емес, лайық және сәйкес кезінде

Қозғалмалы ойындар баланың физиологиялық жағынан дамуына жақсы әсер етеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше