Мультимедия лигнафон кабинетіне керек құжаттар.

Мультимедия лигнафон кабинетіне керек құжаттар.

Көз жаттығулары

 

І-нұсқа

1.   Көзді өте қатты қысып жауып, ақырын асықпай ашу керек. Демалыс қалыпты. Осы жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.

2.   Мұрын ұшына қарап және көзқарасты 1-4 рет толық қалыпты дем алғанға дейін тоқтату керек. Көз ауырғанға дейін қарауға болмайды. Одан кейін алысқа көз жіберу керек. 1-6 рет қайталау керек.

 

3.   Басты қозғалтпай жоғары-тура-төмен, оңға-тура-төмен қарау керек, осы жағдайда аталған әрекеттерді диогональді жақтарға да жасау керек. Барлық жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.

 

 

ІІ-нұсқа

1.   Көзді қысып жауып, кең асықпай ашу керек. Осы жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.

2.   Көз көруін жақсарту үшін мұрынның ұшйна қарау керек, 1-4 рет қайталау керек, содан кейін алысқа көз жіберу керек. Осы екі жағдайда да көзқарасты бірнеше секендқа тоқтату керек. 1-6 рет жаттығуды қайталау керек.

3.   Басты қозғалтпай, жәймен айналдыра көзді солға-төмен-жоғары-оңға қарау арқылы жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек.

 

4.   Басту қозғалпай, көзқарасты жоғары 1-4 рет қайталау керек, одан кейін тура алысқа көз жіберіп 1-6 рет қайталау керек. Осылай солға-төмен-жоғары-оңға қарау арқылы жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек. Сосын оңға-жоғары-төмен-солға қарау арқылы, диогональдіжақтарға да жаттығуды жасау керек. 1-6 рет қайталау керек.

 

 

ІІІ-нұсқа

1.   Көзге салмақ түсырмей 10-15 рет жапылықтату керек.

2.   Басты қозғалтпай, тік қарай, бірнеше секунд көзқарасты тоқтату, одан кейін солға бірнеше секунд және тура қарау керек. Көзқарасты бірнеше секундқа жоғары көтеру, төмен түсіру, көз бұлшық әттеріне күш түсірмей, тура қарау. Осы жаттығуды 1-6 рет қайталау керек.

 

3.   Оңға қарай, тура солға көзбен айналу қозғалыстарын жасау. Жасау тездігі орташа болу керек. 1-4 рет қайталау керек.қарай. көзқарасты тура қарау. 11-6 рет қайталау керек.

 

Техника қауіпсіздігінің ережелері

Қауіпсіздіктің жалпы талаптары.

 

 

Информатика кабинетінде қымбат бағалы, күрделі, ұқыпты ұстауды қажет ететін құрылғы – PENTIUM компьютерлері орнатылған.

Техникаға ұқыпты көңіл бөлу керек, кабинетке асықпай, итермелемей, компьютер тұрған үстелдерге соқтықпай жаймен кіру қажет, жұмыс үстелінде ЕМ-ның құрамды бөліктері – жүйелі блок, пернетақта, монитор (дисплей) және тышқан (мауыс) орнатылған.

 

Жұмыс кезінде монитордың электр желілері өте үлкен кернеумен жұмыс істейді. Құрылғыға, электр желілері мен мониторға дұрыс көңіл бөлмеу құрылғының күйіп кетуіне, электр тогымен зақымдануына  алып келеді.

 

1. Қатаң түрде тиым салынады.

 

Ø  Мұғалімнің рұхсатынсыз құрылғыны қосып өшіруге;

Ø  Біріктірілген желілердің жалғасқан жерлерін қосуға;

Ø  Экранға және монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиісуге;

Ø  Монитор мен пернетақтаның бетіне дискілер, кітап, дәптерлер қоюға;

 

Ø  Су киіммен, дымқал қолмен жұмыс істеуге тиым салынады.

 

2. ДК-мен жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптары:

 

 

Ø  ДК-ні іске қосу кезінде оның көзге көрініп тұрған бұзылған, зақымданған жерлері бар-жоғына көз жеткізу қажет;

Ø  Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанды, пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;

Ø  Мұғалім тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда мұғалімге беру қажет;

 

Ø  Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты мұғалімнің рұқсатымен ғана бастау керек.

 

3. Жұмыс жасап отырған кезде ДК-ден ақау табылса, күйік иісі шықса онда дереу құрылғымен жұмысты тоқтатап, мұғалімге хабарлау қажет. Өрт шыққан жағдайда өрт сөндіруге көмектесу керек. ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау, қисаймай, еңкеймей денені тік ұстап отыру қажет.Тұрақты көзәйнегі бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс істеу керек. ДК-дежұмыс істеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзін-өзі бақылап отыруды қажет етеді. Әлсіз жарықтандырылған және адам өзін-өзі нашар сезінген жағдайда жұмыс істеуге болмайды.

4. ДК-мен жұмыс істеу кезінде қойылатын талаптар.

 

 

Ø  ДК-мен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтап, мұғалім тапсырмасын мұқият орындау керек;

Ø  Құрылғының бүлінбеуі мен бұзылмауын қадағалау керек. Жұмыс жасап отырғанда құрылғыдан ерекше дыбыс шықса немесе ол өздігінен өшіп қалса, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек;

Ø  Пернетақта түймешектерін қатты соқпай, жәймен басу керек;

Ø  Егер компьютер іске қосылмай тұрса, пернетақтаға тиіспеу оны қолданбау қажет;

Ø  Пернетақтада таза қолдармен жұмыс істеу қажет;

Ø  Құрылғының бұзылған жерін өздігімен қалыпқа келтіруге тырыспау керек;

 

Ø  Кабинетке бөгде адамдар келсе, жұмыс орнынан тұрмай-ақ сәлемдесуге болады.

 

5. ДК-мен жұмыс істеуді аяқтауға қойылатын талаптар.

 

 

Ø  ДК-ні мұғалімнің рұқсатымен өшіру керек;

Ø  Жұмысты тіркеу журналына жұмысты аяқтау уақытын толтыру керек;

Ø  Құрылғыны таза, жұмсақ матамен сүрту керек

 

ДК-де жұмыс істеу ережелерін білу және ол ережелерді сауатты түрде орындау келеңсіз жағдаулардан сақтандырады, білім мен білік дағдыларын табысты жетік меңгеруге, мемлекеттік мүлік – компьютерлік техника мен құрылғыларды қорғап сақтай білуге үйретеді.

 

ДК-де жұмыс істеу ережелерін орындамау тәртіп пен реттілікті өрескел бұзу болып табылады.

 

 

Электр тогымен зақымданған жағдайда көрсетілетін алғашқы

 

м е д и ц и н а л ы қ   к ө м е к .

Электр тогына соғылғанда ІІІ-IV дәрежедегі күйік және естен тануға дейінгі органикалық және функционалдық өзгерістер болмаса, оның шамалы ауыратыны сезіледі.

Электр тогымен зақымданған жағдайда токты тез ажырату қажет, зақымданушыны көмек көрсетушілерге зиян келмейтін, оларға ток таратылмайтындай сақтандыру шараларын сақтай отырып, электр желілерінен, ток әсерінен босату керек (зақымданушыны резина қолғаппен немесе қолмен құрғақ матамен отып алып, құрғақ тақтай мен кілемшеде тұрып токтан ажырату).

Электр тогымен зақымданған жағдайда ең алдымен зақымданушының дем алысы мен жүрек, қан-тамыр жүйесі жұмысына назар аудару қажет. Жүрек соғысы мен дем алысы тоқтап қалған жағдайда дереу жүрекке массаж жасау (төс сүйегінің ортасының сол жағына қарай минутына 40-60 рет алақанмен тез-тез басу) және ауызбен ауызға дем алдыру (алдымен зақымданушының аузына демді марлі немесе таза кол орамалмен жіберу) немесе мұрынмен мұрынға дем жібер қажет.

Қолдан дем алдыру минутына 16-18 рет жиілікпен жүргізіледі. Сонымен қатар, арнайы жедел жәрдем тобы шақырылады.

Жүрекке массаж жасау мен қолдан дем алдыру зақымданушының дем алысы қалыпқа келгенше, не арнайы көмек көрсетілгенше жүргізіледі.

Жүрек соғысы мен тыныс алысы әлсіреген жағдайда таза ауамен тыныстандыру керек, мақтамен мүсәтір спиртін иіскетіп, аузына шай қасықпен (немесе 25 тамшы) кордиамин құю, жағын шапалақтау қажет.

Теріге зақым келген жағдайда оны таза таңғышпен таңып, зақымданушыны дәрігерге көрсету қажет. Күйген теріні зеленкамен және марганцовканың қызғылт ерітіндісімен сүрту керек.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше