«13 жас сәбилік мүшел»
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ә.Тәжібаев ауылы
№214 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Cәрсенбаева Төлекүл Қайыпназарқызы
Сабақтың тақырыбы: «13 жас сәбилік мүшел»
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі өмір кезеңдерін ұғындыру, мүшел жастарын атап өту.
Тәрбиелік мәні: Адамгершілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Наушаруан: Армысыздар, бармысыздар көрермен.
Батыр: Бүгінгі қуанышымызға қош келіпсіз қадірменді ата –ана, абзал
ұстаздар!
Наушаруан: Ал, енді көрерменмен амандасып алсақ кешімізді байтаймыз ба?
Батыр: Бастасақ бастайық
Наушаруан: Ал, баста
Батыр: Бойың ұзын емес пе, баста.
Наушаруан: Ау, Бәке бойың қысқа болса да менен бақандай 8 күн
үлкендігің бар ғой өзің баста.
Батыр: Ендеше, Наушаруан бүгінгі акт залына жиналуымыздың себебі:
Мүшел жасты тойлауымыз, жұртымызға мүшел жастың
кезеңдерін айтып өтейік.
Наушаруан: 13 – сәбилік мүшел;
Батыр: 25 – ер жету мүшел;
Наушаруан: 37 – жігіттік мүшел;
Батыр: 49 – орта жас мүшел;
Наушаруан: 61 – ақсақалдық мүшел;
Батыр: 73 – қарттық мүшел;
Наушаруан: 85 – кәрілік мүшел;
Батыр: Наушаруан халқымызды көп күттірмей бүгінгі мүшел жастарын тойлағалы отырған сыныптастарымызды ортаға шақырайық;
– Мүшел жастың бір боларын білгенбіз,
Жақсы өлеңді соған сақтап жүргенбіз.
Күн жылынып, қар еритін мезгілде,
Көктемде біз дүниеге келгенбіз.
Ойна, ойна осы тойда
Биле, биле осы тойда
Ойна, ойна осы тойда
13 мүшел тойыңда
Наушаруан: Біз атақты Тәжібаев елденбіз,
Жақсы сөзді мүшел жасқа тергенбіз.
Жаздың шіркін жайма шуақ күнінде,
Әнді салып дүниеге келгенбіз.
Ойна, ойна осы тойда
Биле, биле осы тойда
Ойна, ойна осы тойда
13 мүшел тойыңда
Батыр: Күз мезгілі бәрінен де жарайды,
Қуат беріп қанымызға тарайды.
Астықпенен дүниеге келгенбіз,
Нұрға бөлеп жатқан кезде маңайды.
Ойна, ойна осы тойда
Биле, биле осы тойда
Ойна, ойна осы тойда
13 мүшел тойыңда
Наушаруан: Әуелгі аты Телікөлдей жерденбіз,
Үлкендердің ізгі ісіне ергенбіз.
Жердің беті ақ көрпеге оранып,
Жатқан кезде дүниеге келгенбіз.
Ойна, ойна осы тойда
Биле, биле осы тойда
Ойна, ойна осы тойда
13 мүшел тойыңда
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Он үш жасқа толғанда,
Бірінші мүшел болғанда.
Жастықты жарқын сезім көп,
Жас адам «білем өзім» деп.
Шыңына жетер бала шақ,
Шыңдайды жасты болашақ.
1 – жүргізуші: Кешімізді әрі қарай жүргізу үшін қадірменді қонақтарды ортаға шақыратын сәт те жетті.
2 – жүргізуші: Қарт ұстаздар болсын күнің қайырлы,
Ұстаздардың біреуі едің байырғы.
Сіз оқытқан шәкірттерің ер жетіп,
Еңбек етіп ел ішіне жайылды.
Көпшілігі білім берді жастарға,
Ал біреуі болды ауылға басқарма.
Бүгінгі той салтанатын ашуға,
Сөз береміз директор ағай Асқарға.
1 – жүргізуші: Білім – теңіз, ақыл – біздің кемеміз,
Үлкендердің игі ісіне ереміз.
Құттықтау сөз айту үшін тілекпен,
Әкім ағай Сайлауға сөз береміз.
2 – жүргізуші: Балаларын тағы бір қырдан байқады,
Өнеріне тамсанып бас шайқады.
Құттықтау сөзді бар баланың анасы,
Ата – ана комитеті Сүйенішова Кенже айтады
1-жүргізуші: Ауыл имамы, Рамазан қажы ағай біздің санамызда мүшел жас қауіпті кезең деп саналады, осы жайында не айтасыз. Өзіңізден бата сұрасақ.
Ән: «Аллаға шүкір» Батыр, Наушаруан.
2 – жүргізуші: Қадірменді қонақтардың құрметіне С. Сыздықовтың орындауында «Отырардағы той».
1 – жүргізуші: 2 – жүргізуші:
Жігіттің қапалысын азалысын, Арудың қапалысын азалысын,
Жырменен жұбатпасаң жазылысың. Әнменен жұбатпасаң жазалысың.
Қонақсыз той –думансыз өткен өмір, Қонақсыз той-думансыз өткен өмір,
Өмірге саналмайды қазақ үшін. Өмірге саналмайды қазақ үшін.
Ән: Айдана «Жангүлім» Қазақ биі: Айару
Мәнерлеп өлең оқу: «Әйелдер -ай» Ақниет
1 – жүргізуші: 2 – жүргізуші:
Халықтың ең қымбаты төрі ме еді?, Әуелден жомарт серіміз,
Төрден ол қай уақытта жерінеді. Асылын жырдың теріңіз.
Қонақсыз қалған күні сол қазаққа, Білгінің келсе қазақта,
Бір нәрсе жетпейтіндей көрінеді. Ән – күйін тыңдап көріңіз.
1 – жүргізуші: Ән: «Есіңе ал» Наурызхан, Исламхан,
Көрініс. Би: «Брек» Азидулла
1 – оқушы 2 – оқушы
Мектеп-ашық жарқын көңілім, Мектеп ыстық сенің есімің,
Мектеп-шаттық жолы өмірім. Шәкіртіңе айқара ашық есігің.
Мектеп-әнім болып төгілдің, Алтын ұям,ақ шатырлы мектебім,
Мектеп-жан анам боп көріндің. Сенде оқып, сенде өсіп көктедім.
3 – оқушы 4 – оқушы
Дайындалам сабағыма түнімен, Алдыңа келіп алғашқы менің ұстазым,
Сусындадым өзің берген біліммен. Сіз арқылы тұңғыш қалам ұстадым.
13 деген мүшел жасқа толғасын, Шатастырып 42 әріпті
Келдім саған құшақ толы гүлменен. Білмесемде ұрсып мені қыспадың.
5 – оқушы
Алғашқы ұстаз күлімдеген көзіңнен,
Әр уақытта мейірімді сезінген.
Дым білместі адам қылып шығардың,
Ән айтамыз бүгін міне өзіңмен.
2 – жүргізуші: Алғашқы ұстазымыз Жұмакүл апайды ортаға шақырамыз, сөз беріліп, құттықтау ән жолданады.
Ән: «Ұстазым» Ақниет
6 – оқушы
Екі көздің ағы менен қарасы,
Баласының әркез болған панасы.
Болғандықтан біздер үйдің үлкені,
Атанамыз ата – әженің баласы.
1 – жүргізуші: Ата – әжелер Әзімтай көке мен Зина әжемізге сөз беріп, қонақ кәде сұраймыз. Ән: «Ана» Әлиқан, Досхан.
1 – оқушы 2 – оқушы
Апайменен ағайдың, Бәрімізді оқытқан еркелетіп,
Жолын қуған баламыз. Ұстаз апай ағамыз.
Мектебімнің ісі үшін, Ертең өсіп ер жетіп,
Әркез дайын боламыз. Біз сіздердей боламыз.
3 – оқушы
Сабақта да алдамын,
Ұстаздан осы алғаным.
Өзіңіздей үлкен боп,
Ер жету бар арманым.
1 –жүргізуші:
Ән: «Арманымның ақ құсы» Наурызхан
Көрініс: Түрік биі: Тұрсынкүл
2 – жүргізуші:
Ақылымды санама сіңілім құй деді,
Жақсы істерді көрсең ойға түй деді.
Бізді өйткені еркелетіп өсірді,
Болғаннан соң ең кенжесі үйдегі.
1 – жүргізуші:
Әлихан,Батыр, Шырынкүл, Исламхан, Айдана, Бағдаттардың ата –анасына сөз кезегін береміз.
Ән: «Аңсатпай клші жаным» Исламхан
2 – жүргізуші:
Біздің арамызда ұлдардың ішінде жауқазындай дара қыздарымыз Ақниет пен Сабира болса, бір отбасының тірегі болар Сағынышымыз бар. Ендеше бүгінгі қанышымызда осы сыныптастарымыздың ат – аналарына сөз береміз.
Ән: «Жігіттер» Сағыныш
1 – жүргізуші:
Манадан жақсы сөздер айтылды,
Банкетіміз тілекпенен байытылды.
Көптен бері ойда жүрген жоспары,
Орындалып апайдың көңілі тынды.
2 – жүргізуші:
Бүгінгі кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін сынып жетекшіміз Төлекүл апайымызға береміз.
Думандатып шәкірттерім тойла бүгін,
Дос сүйінсін, күйінсін дұшпан қасың.
Он үш жастың оншақтасын атап өтіп,
Бүтін ғасыр жасауға тағдыр жазсын.
Қуаныштан бәріміз жылы шыраймыз,
Мерекеге әсем өлең құраймыз.
Шәкірттерге ұлағатты сөз айтар,
Үлкендерден қол жайып бата сұраймыз.
