Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы
Ақтөбе қаласы, Есет батыр атындағы облыстық
әскери-полициялық мектеп-интернаты
тарих пәні мұғалімі Ертемиров А.С.
Ашық сабақтың тақырыбы: Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы.
Класс: 10 «б» Пәні: Дүние жүзі тарихы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Фашистік Германияның Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуылы мен Ұлы Отан соғысының басталуы, кеңестік армияның алғашқы сәтсіздіктері туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік: Соғыс барысындағы халықтардың ұлы қантөгісті қасіретке наразылығы мен фашизмнің ойраны жөнінде деректер беру.
Дамытушылық: Тынық мұхиттағы соғыс қимылдарының маңызы мен жапон-американ қатынасының ерекшеліктерін саралау арқылы түсіндіру.
Сабақ түрі: Дәстүрлі (аралас) сабақ
Көрнекілігі: карталар, деректер (ақпарат беттері) сурет, сызбалар
Әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
1. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептерін ата.
2. Соғыстың хронологиясы қандай?
3. «Оғаш соғыс» дегеніміз не?
4. 1939-41 ж.ж. Германия, Италияның жаулап алған жерлерін картадан көрсет.
5. Франция қашан жаулап алынды?
Жаңа тақырып
І. Ұлы Отан соғысының басталуы.
ІІ. 1941-1942 ж.ж. соғыс қимылдары.
ІІІ. Тынық мұхит соғысы. Перл-Харбор.
І. «Барбаросса» жоспары – 1940 ж. 18 желтоқсан
Құрылымы
1941 ж. 22 маусымда – Ұлы Отан соғысы басталды.
1941 ж. 30 маусымда – Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті құрылды.
ІІ. 1941-1942 ж.ж. соғыс қимылдары.
Неміс-фашист әскерлері – КСРО-ға ішкерілей енді – 300-600 км КСРО-ң 1200 соғыс ұшағын жойып жіберді. Алғашқы 3 аптада Литва, Латвия, Молдавия, Эстония, Белоруссия, Украина жауланды.
Қызыл Армия – 7 млн. адамнан айырылды.
Кеңес армиясының жеңілу себептері:
1. Дұшпанның сан жағынан басым болуы (5,5 млн. фашист)
2. Гитлерлік армияның соғыстағы тәжірибесінің молдығы.
3. Кеңес әскери техникасының сапасыз болуы.
4. Кеңес армиясындағы «репрессия» әсері.
5. Армиядағы әскери басшылығының қателіктері.
6. Әскердегі Сталиннің жеке басына табынушылықтың сақталуы.
7. Әскердегі бытыраңқылық (әр жерде орналасуы).
8. Германия армиясының соғыс экономикасы жоғары болуы.
9. Герман соғыс техникасының күштілігі.
Кеңес-герман армиясы арасындағы ірі шайқастар:
ІІІ. 1941 ж. 7 желтоқсан – Тынық мұхит соғысы басталды.
АҚШ-тың Гавай аралындағы әскери күші орналасқан – Перл-Харбор базасына Жапонияның шабуылы.
АҚШ: 18 кеме, 300 ұшақ, 2400 адам. «Масқара күн»
1941 ж. 8 желтоқсан: Жапонияға АҚШ, Англия, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия соғыс жариялады.
Терминдермен жұмыс.
«Вайс»
Польшаға қарсы соғыс жоспары. 1939 ж. 11 сәуірде дайындалды.
«блицкриг»
Қауырт соғыс жоспары – Гитлердің аз уақытта жаулап алу операциясы
«Барбаросса»
Германияның КСРО-ға қарсы соғыс жоспары. 1940 ж. 18 желтоқсан
«Тайфун» – Мәскеуді алу операциясы.
«Эдельвейс» – Германияның Солтүстік Кавказды жаулап алу жоспары.
«Ленд-лиз» – АҚШ-ң КСРО-ға әскери қарумен көмек беру заңы.
Қорытынды. Сиқырлы сандар.
«1940 ж. 18 желтоқсан» –
«1941 ж. 7 желтоқсан» –
«1941 ж. 22 маусым» –
«6-10 апта» –
«1941 ж. 30 маусым» –
«900 күн» –
«1941 ж. 8 желтоқсан» –
«1943 ж. қараша-желтоқсан» –
«1944 ж. 6 маусым» –
«1945 ж. 9 мамыр» –
«1945 ж. 16 сәуір» –
Бекіту.
1. Неліктен Германия «кеңес-герман» келісімін бұзды?
2. КСРО-ң Финляндиямен соғысы не үшін болды?
3. Ұлы Отан соғысы хронологиясын атаңдар.
4. Тынық мұхит соғысы қашан, қандай оқиғамен басталды?
5. 1941 ж. Жапония Тынық мұхитында қай елдерді жаулады?
6. Сталинград шайқасы туралы не білесің?
7. Ұлы Отан соғысының тарихи маңызы қандай?
Үйге тапсырма: §25. Хронология жазу.
Бағалау.
