Ахметова Самал Ағытайқызы.Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Әдеби сазды кеш
Тақырыбы: «Абай-дара, Абай-дана»
Мұғалім сөзі:
Қазағымның данышпаны, данасы,
Ұлы тұлға Құнанбайдың баласы.
«Абай» атты бір періште келгенде
Тербеліпті ұлы қазақ даласы.
Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Бүгінгі біздің «Абай-дана, Абай-дара» атты әдеби музыкалық кешке қош келдіңіздер!
Абай- қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға. Ол туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Абай- қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай-әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» -деді.
Енді осы тұлғаның өмірбаянына кезек берейік.
1-оқушы:
Абай- қазақтың ұлы ақыны, данышпан ойшыл, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ саз өнерін жаңа биікке көтерген ұлы тұлға.
Абай-(Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы 22 тамызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей обл,) Абай ауданында, Шыңғыстау бөктерінде Қасқабұлақ жерінде дүниеге келген. Әкесі Қүнанбай аға сұлтан болып, ел билеген, қайраткер адам болған. Әжесі Зере немересі Ибраһимді еркелетіп Абай деп атаған. Анасы Ұлжан өте сабырлы, сөзге ұста, тапқыр, шешен кісі болған. Анасы мен әжесі Абайға ертегі, аңыз-әңгімелерді көп айтатын.
2-оқушы:
Абай әуелі ауылдағы Ғабитқан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Медресенің үшінші жылында қосымша орысша оқыды. Өз өлеңдерін қағаз бетіне түсіруді 1880 жылдардан бастайды. Абай 1904 жылы 5 шілдеде қайтыс болды.
3-оқушы:
Абай «Қалың елім, қарағым қайран жұртым», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», т.б. өлеңдерін, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» поэмаларын, қарасөздерін, аудармаларын қалдырыд. Алғашқы жинағы 1909 жылы «Қазақтың ақаны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңдері» деген атпен Петербургте басылды.
Мұғалім сөзі:
Абай-лирик ақын. Олай дейтініміз, Абай өз шығармасына табиғат лирикасын қосқан. Жалпы табиғат, оның адам өміріндегі алатын орны ерекше. Табиғат қылқалам шеберлері мен ақын жазушылар және өнер иелерінің сүйікті тақырыбы екендігі. Бұл тақырып та Абай қаламына ілінді. Абай табиғаттағы тіршілік иелерінің өмірін, іс-әрекетімен байланысын сөзбен суреттейді.
Табиғат лирикаларына арналған өлеңдеріне құлақ түрейік.
4-оқушы: Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайда аспан,
Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?
Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал –кемпірдей түсі кетіп.
Жапырағынан айырылған ағаш қурай.
5-оқушы: Қыс
Ақ киімді, денелі ақ сақалды,
Соқыр , мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы –үскірік, аяз бен қар
Кәрі құдаң -қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып
Аязбенен қызарып ажарланды.
6-оқушы: Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
7-оқушы: Жаз
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көк орай шалғын бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда:
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап.
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шыпылдап,
Арасында құлын-тай.
Мұғалім сөзі:
Жаманға «жар» деген-ақ ән көрінер.
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп,
Жабырқаған көңілің көтерілер.
Ән: «Көзімнің қарасы» 9-сынып
Мұғалім сөзі:
Абай тек табиғат лирикасына арнап қана өлеңдер жазған жоқ. Сонымен қатар махаббат лирикасына, еңбек туралы және қарасөздер жазды. Ол:
Ғащықтық, құмарлықпен ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сеннен артық жан жоқ деп ғашық болдым.
Мен не болсам болайын, сен аман бол,-деп жырласа, еңбек туралы өлеңдерінің бірінде:
Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей,
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.
«Бір тойған-шала байлық» дейді қазақ.
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?-дейді.
Ал Абайдың қара сөздері өзінің мазмұны, тақырып жанры жағынан өзіндік ерекшелігі бар шығарма. Кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлармен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын қарасөздерінде айтады.
Кезек қарасөзде.
8-оқушы: Бірінші сөз
Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық-әурешілікті көре-көре келдік. Енді ер ортасы жасқа келдік; қажыдық, жалықтық, қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын, көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып, өткіземіз? Соны таба алмай өзімде қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар, бағамын демесе, бізщді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің көре алмайтұғын, ұры, залым, тілімсектердің азығын бағып, беремін деп. Қалған аз ғана өмірімді қор тқылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам да жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын.
Он жетінші қара сөзі. Оқушылар ролге бөліп оқиды.
Толқимыз, толқып тұрмыз бәрімізде,
Мұндай күй болған бәлкім бәріңізде
Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.
Биші қыздар келсін біздің төрімізге.
Би: 9- сынып
Мұғалім сөзі:
Абай туралы қандай тақырыпта пікір айтсақ та біз оның дана, дара ақын екендігін білеміз. Оның тағы бір себебі, оның аудармалары. Ол орыстың ғұламаларының шығармаларын аударып халыққа жеикізді.
Ендігі кезек Абай аудармаларында.
9-оқушы: Онегиннің сипаты (Пушкиннен)
Жасынан түсін билеп сыр бермеген,
Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.
Нанасың не айтса да амалың жоқ.
Түсінде небір кәдік жоқ «алдар» деген.
Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық формыменен.
Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,
От жалындай жауапкер құрбыменен.
10-оқушы: Альбомға ( Лермонтовтан)
Сал демеймін сөзіме ықыласыңды,
Қайғылы өлең еттім өз басымды.
Көкірегім, бар сырым өз әлінше.
Көрінгенге көрсетпей, көп жасырды.
Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер
Өзі қысқа, өзң асау, тентек өмір.
Арттағыға бір белгі қойса нетер?
11-оқушы:
Амал жоқ –қайттім білдірмей
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.
Талапсыз, бақсыз мен сорлы
Еріксіз аттап ұяттан.
Қорлыққа көндім бұл құрлы
Байқалар халім бұл хатпен.
12-оқушы:
Махаббат, достық қылуға
Кімде болса тең емес.
Қазір дайын тұруға
Бес күндік ғашық жөн емес.
Сүйіспек көңілім ойлайды,
Жанның бәрі –қатыбас
Сүйісу тозбай тұрмайды
Еңбекке аз күн татымас.
13-оқушы:
Мен көрдім ұзын қайың құлағанын
Бас ұрып қара жерге сұлағанын
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын
Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік,
Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп
Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен,-
Кімге батар ол байғұс тартқан киік.
Мұғалім сөзі:
Жастайынан алғыр болған нұр болған,
Ұрпақтарға ұлағаты жыр болған,
Ұлы жолды бастаған сен Абайсың,
Оқып, біліп осы біздер сыр қылған.
Халқым сені есте ұстар мәңгілік,
Есімің де тұр әлемде жаңғырып,
Сенің еткен еңбектерің халқыңа
Мына өмірде біздер үшін жаңғырық.-деп «Абай-дана, Абай-дара»атты әдеби музыкалық кешімізді аяқтаймыз. Алтын уақыттарыңызды бөліп тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!