"45minut.kz - Электронды нұсқа"

45minut.kz Газет туралы. Ұстаз пікірі

Ұстаздарға арналған  Республикалық 45minut.kz газетінің жарық көргеніне 6-7 ай болуына қарамастан өз оқырмандарының көңілінен шықты, олардың  қолдауына ие болды. Республикалық басылымға "БАҚ өкілі-Тілші" болып тіркеліп, бірлесе қызмет атқаруға көптеген ұстаздарымыз қосылды. Қазіргі уақытта газеттің шығарылуы, таралымы, тілшілер жұмысы жағынан нақты тәжірибе жинақталып, нәтижелі жұмысқа қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар іске асырылды.

Республикалық басылымға жариялануға тілек білдіруші ұстаздардың саны артып газетіміздің мерейі жоғарылап барады.  Газетке жариялануға берілген әр-бір жаңалықтарды, сабақтарды, мақалаларды жәнеде басқа ұстаздардың және оқушылардың жетістіктерін мумкіндігі болғанша газетке жариялауға тырысады. Газеттің оқырмандары артып бара жатқандықтан газетті екі түрде жариялауға редакция қызметкерлері атсалысып жатыр. Газет қағаз нұсқасында  оқырмандар қолыдауына ие болды. Ал енді электронды нұсқасы жарияланса  бұл мұғалімдер үшін қолдан түспейтін құрал болады деп сенемін.

Газеттің электронды нұсқасының  артықшылықтары өте көп. Мысалы біз газетке мақала немесе сабақтарымызды жариялауға бергенімізді  оның барлығын толықтай жариялауға газет беті жете бермейді. Кейде газетке неге сабақтарымыз жарияланбайды деп ренжіп қаламыз.

Газеттің оқырманы қанша көбейсе сонша жариялауға өз жұмыстарын  ұсынатын ұстаздардың саны көп  болатынын ойлай бермейміз. Оның бәрін 16-17 парақтық газет бетіне жариялауға мумкіншілік болмай қалады. Ал электронды газетте сабақтардың жариялану көлеміне еш қандай шектеу болмайды. Газет бетіндегі жарияланған жұмыстарды пайдалануға алған кезде оны қайта теріп шығуға артық уақыт кетеді. Қазіргі заманда әр-бір ұстаздің уақыты алтынға тең. Алтынға тең уақытымызды үнемдеуге электронды газеттің көмегі өте үлкен. Сонымен қатар бүкіл Республика ұстаздарының тәжрибе алмасу алаңы кеңейеді. Электронды газет нөмірін жарияланған уақыттан бастап http://www.45minut.kz сайтында жүктеп алып оқуға, электронды түрде пайдалануға мүмкіндік болады, немесе принтер арқылы шығарып пайдалана беруге болады. Бұл дегеніміз тек электронды газетті пайдаланып, негізгі газетті ұмыту емес.

Электронды газет біздің негізгі газетке толықтыру болып есептеледі. Сондықтан Ұстаздар газетіміздің бұдан бұлайда қызықты, пайдалы және ақпараттарға толы болуына  атсалысайық! Қорыта келе айтарым, ұстаздарға арналған сайттар, газеттер, журналдар болмаса ұстаздар  құралсыз қалған жауынгерге ұқсамай ма? Егер біз мұғалімдер құралсыз қалсақ болашақта қалай білімді де білікті бала тәрбиелейміз?  Сондықтан Ұстаздарға арналған жаңа мүмкіндіктерден үнемді пайдаланайық! Заманымызға сай ұстаз болайық! Ұстаздарға арналған ақпараттардын үнемі хабардар болып отырайық.

                Тілші: Гурленбаева Жумабике Ражабовна.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.