Без рубрики

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАРЫНДЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

_Ақтөбе _ облысы,
__Ақтөбе _ қаласы
_№ 40 орта мектебі
математика_ пәнінің мұғалімі
Тлеуова Дания Алтоновна

«Бізге керегі – шын дарындар. Мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» Н.Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуальдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт бағдар бере білу ерекше қиын іс. Заман талабына сай қазіргі білім беру процесінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны белгілі. Әр мұғалімнің басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған, дарынды бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Оқу процесінде қанша өзгерістер болғанмен, тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына сіңіре алады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.

Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанмен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріпті: «Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі». Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім беру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.

Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің, өмірге құштарлық, биік ізгіліктің бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген ұлы Абай ақын. Бұл сөздер еш уақытта өз мәнін жоймайды деп есептеймін. Баланың бойындағы күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік деген не? Оқушы дарындылығын, қабілетін қалай анықтауға болады? Неліктен кей адамдардың мысалы: Паскаль, Моцарт, Гете, Архимедтің қабілеті ерте жасынан, ал Ньютон, Дарвин, Менделеевтердің қабілеті ересек жасында пайда болған. Осы сұрақтарға талмай жауап іздеген ұстаз ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс жүргізе алады. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет.

Шығармашылық – өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы.

Талант – қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.

Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарынды баланы анықтау – баланың таңдауымен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды.

1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жасау.

2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренигтік әдістерді пайдалану.

3. Баланың дарындылық белгісін оның болашақтағы даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау.

4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдермен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

5. Түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдету, оқыту және оқушы танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.

1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар:

  • Дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі;

  • Оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

  • Дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу таныту және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

  • Дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

  • Дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижеге жетуге ұмтылуы;

2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

  • Өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

  • Педагогикалық процесті білуі;

  • Оқушы дарындылығының моделін білуі;

  • Жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

  • Дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

  • Дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу процесінде үлгерімге ғана емес, оның басқа көрсеткіштермен байланысына да көңіл бөлуі;

3. Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

  • Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

  • Дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, онымен тұрақты жұмыс жасай білуі;

  • Оқушының дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • Дарынды оқушымен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

  • Дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

Оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

  • Отбасы жағдайын зерттеу,

  • Шығармашылық қабілетін анықтау;

  • Сауалнамалар, психодиагностикалық тренигтер өткізу;

  • Ата-анасымен әңгімелесу;

  • Пәндік олимпиадаларға, ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру;

Шешім:

  • Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу-тәрбие процесінде жаңа педогогикалық технологияларды кеңінен қолдану;

  • Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына, пәндік олимпиадаларға, түрлі интеллектуальдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып дарынды тұлғаларды анықтау, дамыту және қолдау;

  • Психологиялық қызметті жетілдіру;

  • Ғылым негіздері бойынша олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға жолдамаға ие болған оқушылармен жүйелі, нақты түрде жұмыс жүргізу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.