Без рубрики

Газет туралы маңызды хабарландыру

Құрметті оқырмандар. Республикалық басылымға жариялануға тілек білдіруші ұстаздардың саны артуына байланысты және Ұстаздың еңбегінің таралымы қазіргі заманға сай болуы үшін, 45minut.kz газеті екі түрде жарияланатыны туралы хабарлаймыз.

  1. Газеттің қағаз нұсқасының сапасы артады және толық түрлі-түсті (полноцветный) болып жарияланады. Қағаз нұсқадағы газетте негізінен жаңалықтар, маңызды ақпараттар, сұхбаттар, хабарландырулар, мақалалар, оқушылар жетістіктері, суреттер жарияланады. Газет оқуға ыңғайлы информациялармен толығады.
  2. Газеттің электронды түрі сабақтарды жариялауға арналады.

Газеттің электронды түрінің артықшылықтары:

  • Электронды газет нөмірін жарияланған уақыттан бастап www.45minut.kz сайтында жүктеп алып оқуға, электронды түрде пайдалануға мүмкіндік болады.
  • Сабақтар суреттері және  таблицаларымен толықтай жарияланады.
  • Сабақтардың бет санына, көлеміне шектеу қойылмайды. Республика бойынша сабақтар арқылы электронды түрде тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар.
  • Электронды газеттегі қажет болған сабақты көшіріп алуға және принтер арқылы шығарып алуға болады.
  • Сабақ Республикалық басылымның электронды нөмірінде жарияланғаны туралы арнайы анықтама сұраныс бойынша тегін әзірленеді және Казпочта арқылы жіберіледі.
  • www.45minut.kz  сайтында және газеттің қағаз түріндегі нұсқасында электронды нөмірге жарияланған сабақтар тізімі тұрақты түрде жарияланады.
  • Категория алу үшін құжаттар жинақтаған уақытта сабақ жарияланған электронды газетті принтерден шығарып алуға болады және арнайы анықтамасы жарияланғаны туралы ресми құжат болып есептеледі.

Қағаз нұсқадағы газеттің сабақ жариялаудағы кемшіліктері:

  • Қағаз нұсқадағы газетті электронды түрде пайдалануға мүмкіндік жоқ. Пайдалану үшін компьютерде қайтадан жазып шығу керек.
  • Сабақтардың суреттері, таблицалары жариялануда қиындықтары бар
  • Сабақтың көлеміне шектеу бар. Газеттің бір нөмірінде 15-17 сабақ қана жарияланады. Республика мұғалімдерінің сабақтарының барлығын қамтуға және электронды түрде тәжірибе бөлісуге мүмкіндік жоқ

Газет туралы маңызды хабарландыру: 2 комментария

  1. Газеттің екі нұсқада болуы өте тауып ұйымдастырылған екен! Еңбектеріңіз өрлей берсін!

  2. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі ұстаздарды осындай жағымды жаңалықтарыңызбен қуантып жатырсыздар!Бұл деген ұстаздар еңбегінің жаңа сатыға көтерілгені деп білеміз!
     

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.