Без рубрики

Қазақстан – менің елім

Мусағалиева Гүлжан Имантайқызы
Ж.Қаражігітов атындағы №16 орта мектеп

I санатты бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: Қазақстан менің елім

Мақсаты: «Отан», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Дамытушылығы: Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың бәрінің Отаны Қазақстан екендігін түсіндіру. Отанға сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиелілігі: Отанын сүюге тәрбиелеу

Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, ақ қағаздар, фломастерлер

 

I. Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып А.Асылбековтың сөзіне жазылған Р.Гайсиннің «Туған жер,армысың» әнін орындайды.

 

II. Ойланайық, пікірлесейік.

  1. Картамен жұмыс. Егеменді еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл. Жер көлемі,халықтары,қалалары, табиғаты жөнінде.

  2. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

  • Ия, дұрыс айтасыңдар,Қазақстанда қазақ, орыс, ұйғыр, кәріс, неміс, армян, молдаван, белорус т.б. көп ұлт өкілдері тұрады. Олардың бәрі бір-бірімен дос жандос және тату тәтті өмір сүруде. Олардың тілі мен мақсаты бір. Олардың әрбірінің жүрегі Отан деп соғады. Ал олардың Отаны – Қазақстан. Осындай татулығы жарасқан халқы бар біздің Отан бақытты.

 

III. Шығармашылық жұмыс

Сурет бойынша «Достық мерекесі» тақырыбында әңгіме құрастыру.

Отанға сүйіспеншілігін, басқа ұлттарға құрметін арттыру мақсатында ұлттардың бір-бірімен тату-тәтті достықта өмір сүріп отырғанын түсіндіру.

 

 

 

 

Ынтымақ достық

Татулық сыйластық құрмет

 

 

Дәйексөз «Ынтымақ бар жерде бақыт бар» нақыл сөз.

 

Қазақстанда қанша ұлт тұрмасын бәрі бірге оқып, бірге қызмет етеді. Бірге мереке тойлап, бірге қуаныш бөліседі.

Не жасаса да бірлесіп жасайды, келісіп әрекет етеді. Татулықта,достықта өмір сүреді. Осындай ажырамас бірлік біздің Отанымыздың үлкен ел екендігін басқа елдерге танытады. Отанымыздың бірлігі-елдігінде дегеннің мағынасы осында.

 

IV.Мәтінмен жұмыс

  1. «Отан деген …..» А.Ілиясованың мәтінін бірнеше оқушыға оқыту.

  2. Балалар өз көшелерін қалай мақтан етеді?

Ал сендер «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

  1. Отан тақырыбында мақал- мәтел құрастыру.

  2. Отан туралы өлеңдер жатқа айту.

Отанды біз атамекен Отанды жас кәріміз де,

Деп аялап атаймыз. Туған жер деп сүйеміз.

Өйткені оны мекен еткен Өйткені онда бәріміз де

Бабамыз деп атаймыз Туып өмір сүреміз.

 

Отанды әркім аясындай Алтын дәнді даласы бар

Қастерлейді, қолдайды. Ақ күмістей қаласы бар.

Өйткені Отан баласындай Неткен сұлу, неткен көркем!

Бізді асырап сақтайды. Осы менің туған өлкем.

 

V. Топтық жұмыс.

1) «Қазақстан -бүгін», «Қазақстан – болашақта» тақырыбында әңгімелеп беру.(2- топқа бөлініп)

2) «Менің елім» тақырыбында сурет салу.

 

VI. «Бақыт ағашы»

Бақыт ағашына Отанға деген тілектерін жазады.

 

VII. Жүректен жүрекке

Сабақтың аяқталу сәтінде балалар Отанға деген өз ризашылықтарын білдіреді. Мысалы, «Отан, мен саған ризамын,бейбіт күнің үшін», «Отан, мен саған ризамын, тыныштық үшін», «Отан, мен саған ризамын, жарық күнің үшін», «Отан, мен саған ризамын, достарымның көп болғаны үшін», «Отан, мен саған ризамын, басқа ұлттан да дос тапқаным үшін».

 

Бәрі бірге Қ.Ыдырысовтың «Ризамыз саған біз» әнін шырқайды.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.