Без рубрики

БІЛІКТІЛІКТІ КӨТЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ РОЛІ

Ермұханова Алмира Жоланқызы
4 Хромтау орта мектебі

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында мұғалімдердің біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарлары жасақталуда. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр

. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес. Психологиялық-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, педагог мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты педагог мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады. Қоғамда ақпараттандыру өзге тілде оқытатын мектептерде қазақ тілін оқытуға, оқу үрдісін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог- психолог және оку үрдісін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Жаңа технологиялар педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту бағдарламасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспериментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелермен байыта түсуге жол ашады. Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әр түрлі анықтамалык мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар қашықтықтан оқыту технологиясын
меңгеру де бүгінгі таңда білім алудың негізгі бағыттары екенін атап өткен жөн.
Мұғалім араласпайақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады . Жаңа акпараттық технология кұралдарын,әсіресе, қашықтықтан оқыту қазақ тілі пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардың еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісі қазақ тілі пән мұғалiмдерiне жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны мұғалімдердің кәсiби шеберлiгiн жаңа ақпараттық технологияны , қашықтықтан оқытуды пайдалану бойынша жетiлдiруге, басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

-оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту үрдісіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;

-қашықтықтан оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және т.б.);

-проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;

-жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану, қашықтықтан оқыту саласы бойынша педагог мамандардың біліктілігін арттыру кезеңдері төмендегідей анықталады.

 

Сонымен бірге педагог мамандардың біліктілігін және курстың сапалық өлшемін айқындайтын компьютерлік тест сұрақтарын құрастыру алгоритмі түсіндіріледі.

Оқу процесінде пайдаланылатын мулътимедиялық үйретуші программалардың, тексеру программаларының, электрондық оқулықтардың өскелең өмір талаптарына сай дайындалып, компьютерді окыту кұралы ретінде пайдалана алатындай деңгейде болуы керек. Бұл мәселе өз алдына үлкен ғылыми ізденістерді талап ететін мәселе, сондықтан осы мәселе жөніндегі зерттеулер одан әрі жалғасуда.

Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға дейін даму Тұжырымдамасында ашық оқу кеңістігі идеясы атап көрсетілген: «Аймақтық деңгейде білім сапасын көтеру мақсатында қашықтықтан-виртуальды оқытуды және жаңа білім беру технологияларын өңдеу.
Білім берудің жаңа парадигмасына оқытуда басты назар білім алушыға аударылады. Қашықтықтан оқытуда білім алушылар курс мазмұнын, оқу стратегиясымен оқыту қорларын таңдауда және бақылауда кең мүмкіндікке ие. Қашықтықтан оқытудың көптеген қырларын ашатын анықтамалардың біреуінде «қашықтықтан оқыту — білім алуда оқытушыға немесе институтқа назар аударылмайтын, білім алушылардың жеке қажеттілігіне негізделген әдістеме.
» Білім алушыға көңіл аударылғаны соншалық, олардың қайда, қалай білім алып жатқаны бақыланып отырады. Бұл оқытушының ролін білім бастамасынан оқытудың менеджеріне дейін алмастырады. Аталған білім алу жүйесіне қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту әдісі мен жаңа ақпараттық технологиялардың артықшылықтары қолданылады.
Қоғамды ақпараттандырудың негізгі бөлігі – білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, ол – пән мұғалімдерінің ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютермен оқыту дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше.

Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз.

Қазiргi кезеңде бiлiм берудегi ақпараттық және коммуникациялық технологиялар қазақ тілі мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.

Компьютерлік техниканың дидактикалык, мұмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденген. Бірақ, бүгінгі таңда қазақ тілінің пәнаралық байланыс негізінде оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуте тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қайшылық бар.

Мұғалiм – ақпараттанушы емес, оқушының жекетұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.

Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.

Еліміздің табысты әлеуметтік-экономикалық дамуы білім беру жүйесінде анықталған өзгертулерді қажет етеді, атап айтсақ, таңдап алынған бағытта қиын да күрделі мәселелердің шешімін таба білетін жоғары маманданған мамандарды дайындау. Бұл мақсатқа жету кең мүмкіндікті және әр түрлілікпен сипатталу үшін жаңа мазмұнды және оқыту формаларын енгізуді қажет етеді. Бұл мәселенің жетістікпен шешілуі білім беру орындары жаңа заман талабына сай білім беруді қамтып және бірыңғай оқыту кеңістігіне келтірілген «ашық жүйелерге » айналуы тиіс.
 

Қашықтан оқытуды жүзеге асыру кезеңдері

 

 

 

Қашықтан оқыту — қоғамды ақпараттандырудың маңызды бағыттарының бірі-білім беру ісін ақпараттандыру. Бұл жаңа ақпараттық құралдар мен әдістерін дамыта оқытудың идеяларын жүеге асыруға, оқу –тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін бір-бірімен тағыз байланысты өрістетуге және олардың тиімділігі мен сапасын көтеруге, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайында өмір сүруге дайындауға пайдалану деген ұғымды білідіреді.

Қашықтықтан оқыту жуйесінде мамандарды даярлау. Қашықтықтан оқыту жүйесін құрудың негізгі міндеттерінің бірі-мамандарды даярлау. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

қашықтықтан оқыту жүйесі мен оның негізгі элементтерін басқару;

оқу процесінің әкімшілік жүйелері;

— оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны өткізу;

тьюторлар мен желілік әдіскерлерді даярлау;

— оқу курстары мен оқу- әдістемелік материалдарын жасақтау;

— білім беру қызметіндегі нарықтық маркетингілік зерттеу.

 

 

 

Бұл күнде қашықтан оқыту білім берудің дамытудың нақты элементті болып табылады. Өйткені қашықтан оқыту жүйесінің икемділігі сол, оқушылар негізінен дәріс, семинар түріндегі сабақтарға бармай, өздеріне ыңғайлы мезгілде, қолайлы жерде, қолайлы жылдамдықта жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады .

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ

  2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

3.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін

дамыту тұжырымдамасы

4.Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.

5.Пазылова Г.Қашықтықтан оқыту.Қазақстан мектебі//2005

6.Б.Молдағалиев, А.Махимова, Г.Сатқанова. Интерактивті оқыту әдістері.// Қазақстан мектебі,2006/9

7.«Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж 44, 45 бет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.