Без рубрики

Б.Майлин «Күлпаш». С.Торайғыров «Кедей»

Атырау облысы Қызылқоға ауданы
 Қаракөл орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Шүрегеева Дариға

 

Уақыты

12.10.2012ж

4 «ә» сыныбы

Сабақ тақырыбы:

Б.Майлин «Күлпаш». С.Торайғыров «Кедей»

Сілтеме

4-сынып, Ана тілі оқулығы, интернет материалдары

Жалпы мақсаттар

Шығарманың идеясын , тақырыбын ашқыза отырып, Жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту. Шығармадағы үзінділерге ой түйін айта білуін, сын тұрғысынан ойлауын,тіл байлықтарын дамыту, Адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, кейіпкер тағырына ортақтаса білуге тәрбиелеу, бірін-бірі тыңдауға уйрету,

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың кейіпкер бейнесін дәл аша білуі, шығарма желісін ұғына білуі, Күлпаштың, Қалидың тағдырын түсініп, өмірмен байланыстыра, салыстыра отырып әңгімелеуі.

Негізгі идеялар

Кейіпкер (персонаж) – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам, әдеби образ.Көркем шығармада жан-жақты толық суреттелетін, негізгі тұлға басты кейіпкер болады.

Тапсырмалар

  1. Сандар сөйлейді.

  2. ББҮ кестесін толтыру

  3. Портрет туралы ойларын айту

  4. Үзінді бойынша сұраққа жауап беру

  5. Күлпаш бейнесін ашу

  6. Қиындық туралы ойларын жазу

  7. Бейнебаянды шығармамен салыстыра отырып, талдау

Қосымша тапсырмалар

Қалидің болашағын қалай елестетесің? тақырыбына шағын эссе жазу

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізетін жұмысым

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Үзіліс кезінде

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

13 минут

 

 

 

3 минут

2 минут

 

 

1 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу («Қамқор», «Мейірім», «Ізгілік» топтары). Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

ІІ. Сынып ережесін еске түсіру.

ІІІ. Сабақтың жүру барысы Блум таксономиясы бойынша

І: БІЛІМ: А) «Сандар сөйлейді» Сабақтың тақырыбын шығару

Шығарма авторы өмірінен сандар беріледі. Әр топ сол бойынша жауап береді. Қамқор тобы: Күлпаш бейнесі Ізгілік тобы: Қали бейнесі Мейірім тобы: Кедейдің бейнесі

Ә) Тақтадағы портрет туралы ойларын айту Беті іскен, қатты тоңған, тарыққан әйел, тозығы жеткен ескі күпі, жыртық шәлі, аш бір бала бүрісіп жатыр.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.Мұғалім: -Ия,дұрыс айтасыңдар.Бұл С.Торайғыровтың «Кедей» поэмасындағы кедей бейнесі және Б.Майлиннің «Күлпаш» шығармасындағы Күлпаш бейнесі, Қали бейнесі.

Б) Шығарма бойынша өздері білетін мәліметтер мен білгісі келетін мәліметтерді ББҮ кестесінің алғашқы екі графасына толтыру

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

Бағалау критерийлерімен таныстыру (әр топқа таратылады):

  1. Қалидың бейнесін дәл, толық аша білу.

  2. Бейнебаян бойынша өз ойларын нақты жеткізе білу.

  3. Үзінді бойынша сұраққа нақты жауап беру

  4. Қайырымдылық туралы мағыналы эссе жазу

Бітібаеваның өзін-өзі бағалау әдісі бойынша әр тапсырмаға өз тобы басқа топтар және мұғалім баға береді.Соңында қорытынды ортақ баға қойылады.

Ортақ бағалау парағы(әр топқа таратылады)

тапсырма

Өз тобы

Басқа топтар

Мұға

лім

Қоры -тынды

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

3

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

ІІ. ТҮСІНУ: Шығармадан үзінді беріліп, сол бойынша сұрақ қойылады. 1-топқа : Күлпаш пен Қалидың сыртқы тұрпаты қандай? деген үзінді нені байқатады?

2-топқа: « Қали неге бүк түсіп жатыр»деген үзіндіде нені байқадыңдар?

3-топқа: «Бәрі де шықпа жаным шықпа» деп отырған секілді дегенді қалай түсінесің?»Қалай ойлайсыңдар? Күлпаш неге жыламады?

Топтар бір-бірімен ақылдасып, ортақ ойларын айтады. ІІІ. ҚОЛДАНУ: Топтастыру әдісі арқылы Күлпашқа мінездеме беру.

 

 

 

 

ІV. Талдау: «Жетімдер» бейнефильмінен үзінді көрсету.Оқушыларға сұрақ қойылады. Фильм кейіпкерлері мен шығарма кейіпкерінің тағдырлары ұқсас па? Несімен? Жалпы жетімдіктің себебі неде? Оқушының ойы тақтадағы жетімдіктің себебі жазылатын кестемен түйінделеді.

сол кездегі жетімдер

Қазіргі кездегі жетімдер

 

V. ЖИНАҚТАУ: А) «Кедей» өлеңі мен «Күлпаш» әңгімесінің арасында айырмашылық бар ма? Сендер өмірде қайырымдылық туралы қалай түсінесіңдер? Ойларыңды дәптерге шағын эссе түрінде жазыңдар.

 

Ә) ББҮ кестесінің соңғы бөлімін толтырады.

VІ. Бағалау. Топ белсендісі алдарындағы бағалау парақшаларындағы бағалардан қорытынды баға шығарады.

 

Үй тапсырмасы Шығармашылық жұмыс: “Кедейдің өмірі” тақырыбында өз қиялдарыңмен шығарма жазыңдар..

Рефлексия Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерге жазып тақтаға ілейік.

 

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!!!

Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар топқа бө- лініп, өз үстелдерінің басына жиналады.

Өткен сабақта құрған сыныптың ережесін еске түсіреді

Оқушы өздері білетін мәліметтер бойынша ойланып жауап береді.

 

 

Тақтадағы жазылған портретті оқу арқылы көз алдарына кім елестегенін айтады.

Оқушылар күннің жады мен сабақ тақырыбын дәптерге жазып алады.

 

Әңгіменің авторы және шығарма туралы білетіндері мен білгісі келетіндерін жазып, кестені толтырады.

 

Оқушылар бағалау көрсеткіштеріне сүйене отырып, жақсы жауап беруге ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді.

 

 

 

Топ белсендісі тапсыр- маларды орындау барысында мұғалімнің және өзге топтардың өздерінің жұмыстарына берген бағаларын түртіп алып отырады.

 

 

 

Оқушылар берілген үзіндіні топта талқылап, ойлана отырып, берілген сұраққа топтың ортақ жауабын айтып, жауап береді. Жағдаятқа байланысты ұтымды ойларын ортаға салады. Сыни ойлайды. Нақты жауап берге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күлпаштың қасиеттерін ашып жазады, бір-бірімен ақылдасады. Топпен жұмыс жасайды, сын тұрғысынан ойланады, постер жазады.

 

Фильм кейіпкерлерінің тағдыры мен шығарма кейіпкерінің тағдырын салыстыра отырып, әңгімелейді.

 

«Кедей» өлеңі мен «Күлпаш» әңгімесінің арасындағы байланысты өз ойларын эссе түрін- де жазып, әр топтан бір оқушы айтып береді. Бүгінгі сабақта не үйренгенін, не білгенін жазады. Балалар парақшадағы бағалар бойынша өздерінің қорытынды бағаларын біліп отырады.

Әңгіменің аяқталуын өз қиялдары бойынша жазады.

Сабақтан алған әсерін парақшаға жазып,жапсырады.

 

Б.Майлин «Күлпаш». С.Торайғыров «Кедей»: 1 комментарий

  1. Дариға апай,сабағыңыз керемет  екен,шығармашылық табыс тілеймін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.