Төрт түлік жырлары. Қой
Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Шүрегеева Дариға
|
Пәні: Ана тілі |
Мұғалім: Д.Шүрегеева. |
Оқушылардың жасы: 7-10 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Төрт түлік жырлары. Қой |
|
|
Сілтеме |
Ана тілі 2– сынып, «Шаңырақ» энциклопедиясы. |
|
|
Жалпы мақсаттар |
Төрт түлік мал туралы алған білімдерін саралап, қорытындылау.
|
|
|
Оқыту нәтижесі |
Төрт түлік малға қатысты білімдерін тиянақтау. |
|
|
Негізгі идеялар |
|
|
|
Тапсырмалар |
I –тапѡырма. 1-ѓоп Төрт түлік малдан алынатын өнімдер. 2-топ Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер 3-топ Төрт түлік малға байланысты ұлттық ойындар 4-топ Төрт түліктің пірлері 5-топ Төрт түлікке байланысты жұмбақтар II-тапсырма. Түйе, жылқы малына қатысты тұрмандарды таба білу
III-тапсырма. Төрт түлікті жасына қарай қалай атайды? Топтық жұмыс
|
|
|
Кейінгі тапсырмалар |
Өзгерістерді бағалау Басқа әріптестермен ақылдасу Үйге тапсырма: төрт түлік малға қатысты эссе жазып келу.
|
|
|
Жүргізетін жұмысым
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
5 минут
3-4 минут
12 минут
2-3 минут
3 минут
4-6минут
3-4 минут
2 минут
1минут
|
Сыныппен сәлемдесу. Сыныптың оқушыларын сиырға, қойға, түйеге қатысты сөздер арқылы 5 топқа бөлу. Жаңа тақырыпты оқушылардың өздері таныстырады және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру. Ортақ бағалау парағы
«5» төрт түлікке қатысты теориялық білімдерін тиянақты айтып, сұрақтарға толық жауап бере алса. «4» Төрт түлікке қатысты теориялық білімдері бар, бірақ толық айтып жеткізе алмаса «3» Төрт түлікке қатысты теориялық білімі жоқ, бірақ сұрақтарға жауап берсе «2» Сұрақтарға дұрыс емес жауап берсе «1» Сұрақтарға жауап бере алмаса
«5» Төрт түлікке қатысты теориялық білімдерін постерде бейнелеп, айтып, өмірмен байланыстыра білсе. «4» Төрт түлікке қатысты теориялық білімдерін постерге бейнелейді, бірақ толық айтып жеткізе алмаса. «3» Төрт түлікке қатысты білімін постерде толық бейнелей алмаса, тек басқалардың көмегімен ғана жауап берсе. «2» Постер толық бейнеленбесе, оны қорғай алмаса. «1» Постерде жұмыс жасалынбаса, ешқандай сұрақтарға жауап болмаса.
«5» төрт түлікке қатысты теориялық білімдерін өмірмен байланыстыра айтып, сұрақтарға толық жауап бере алса. «4» Төрт түлікке қатысты білімдері бар, бірақ өмірмен байланыстыра алмаса «3» Төрт түлікке қатысты теориялық білімін тек сұрақтарға жауап беру арқылы ғана жеткізсе, өмірмен байланыстыра алмаса «2» Сұрақтарға дұрыс емес жауап берсе. «1» Төрт түлік туралы мүлдем хабары жоқ, өзіндік пікірі мүлдем жоқ болса.
14-15- өте жақсы 10-13 – жақсы 6-9 – қанағаттанарлық 5-төмен қанағаттанарлықсыз
Ой шақыру
Неліктен?
Ойлан-жұптас-талқыла 1-топ Төрт түлік малдан алынатын өнімдер (сүті, жүні, еті) 2-топ Төрт түлікке байланысты мақал-мәтелдер 3-топ Төрт түлік малға байланысты ұлттық ойындар 4-топ Төрт түліктің пірлері 5-топ Төрт түлікке байланысты жұмбақтар
Сәйкесін тап. Түйе, жылқы малына қатысты тұрмандар Ертоқым, ноқта, мұрындық, көпшік, қамшы, бұйда, қом, шөлке, жүген, шылбыр, таға.
Сергіту сәті: «Қошақаны қойдың»әніне билету
Төрт түлікті жасына қарай қалай атайды? 1-топ жылқы малына қатысты 2-топ сиыр малына қатысты 3-топ түйе малына қатысты 4-топ қой малына қатысты 5-топ ешкі малына қатысты Постерге жазу тапсырылады.
Қатемен жұмыс: Жылқы малына қатысты Құлын, жабағы, тай, байтал, құнан, дөнен, құлық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр. Сиыр малына қатысты Бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз, бұқа.
Түйе малына қатысты Бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, бұзбана, інген, атан, бура. Қасиетіне қарай: біртуған, бекпатша, құлпатша, нар, аруана, жанпоз, мая, желмая, айыр, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ Қой малына қатысты Қозы, бағлан, тұсақ, тоқты, саулық, қой Ешкі малына қатысты Лақ, шыбыш, туша, серке, теке, ешкі
Оқушыларға барлығын дәптерлеріне жазып алуға тапсырма беріледі.
Білімдерін бағалау бетшесіне толтыртып, топ басшылары тобын бағалайды. Сабаққа рефлекция жасап, стикерге жазып, тақтаға жапсырады.
Үйге тапсырма: төрт түлік малға қатысты эссе жазып келу.
|
Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар қолдарына таратылған сөздердің қай малға қатысты екендіктерін ойласып, топқа бөлінеді.
Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. Белсенді қатысады. Сабақтың мақсатына жетеді. Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен танысады.
Оқушылар жауап береді
Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс істейді, яғни топта талқылап, бір шешімге келеді, постер жасап, қорғайды.
Сөздердің сәйкесін табады.
Бойларын сергітіп алады.
Топтарында талқыға салып, постерлерін қорғайды.
Жаңа, білмейтін мәліметтерін дәптерлеріне жазып алады.
Бағыттау парағына өз өздерін бағалап, топ басшысы өз топтарындағы оқушылардың бағыттау парағын жинап береді . мұғалім өз тарапынан әр топқа ынталандыру «сыйлығын» береді. Тақтаға өз ойларын стикерге жазып жапсырады Оқушылар орындарынан тұрып, қош айтысады. |
||||||||||||||||||||||||||||||
1-сабақтың рефлективті есебі
|
Мұғалімнің ойлары |
Тренердің пікірі |
Тренердің пікірі |
|
Сынып: 2-сынып. Тақырып: Төрт түлік жыры.Қой Өзімнің практикамды әр түрлі жастағы бастауыш сынып оқушыларына жүргізіп көргендігімді айтып өткенімдей, екінші сыныптың оқушылары бұдан қандай нәтиже береді деген оймен іс-тәжірибемді бастап кеттім. Алдымен оларды шеңбер бойымен тұрғызып, қолдарына қағаздар бердім. Ол қағаздарда төрт түлік малға қатысты сөздер жазылған. Сол сөздер бойынша түйе малына қатысты «мұрындық, ойсылқара, шұбат, шуда, бура» сөздерімен бірігіп топ құраса, осылай сиыр, жылқы, қой топтары да топтасып, өз орындарына отырды. Қолдарындағы сөзге қарап, оқушылар бүгінгі сабақтың төрт түлік малға қатысты екенідігін өздері болжады. Одан кейін бағалау бетшесімен таныстырдым. Мұнда олар төрт түлік туралы білімдерін, қолданылуын, сол арқылы өмірмен байланыстырып қорыта алатындығы арқылы өз білімдерін сабақтың мақсатына сәйкестендіріп бағалай алатындығын ұқты. Сонымен сабағымызды ой шақырумен бастап кеттік. Мұндағы сұрақтар оқушыларды сыни ойлап, сындарлы пікірлер айтуына жағдай жасайтындай болды. Мысалы, есек неге төрт түлікке жатпайтындығын оқушылар шыққан тегінің жоқтығымен, етінің арамдығымен байланыстырды. Одан кейін топтарға тапсырма берілді. Оқушылар төрт түлік малдан алынатын өнімдер ет, тері, жүн өнімдері деп қарастырып ұтымды пікірлер айта білді. Екінші топ мақал-мәтелдер қарастырып, жақсы нәтиже көрсетті. Келесі топ төрт түлік малға қатысты ұлттық ойындарды тек жылқы малына қатысты деп қарастырып, бірнеше ойын түрлерін жазып, қойға қатыстыға тек көкпарды ғана айтып, басқа мал түрлеріне қатысты ойындардан өзге ұлттың ойын түрлерін білетіндіктерін көрсетті. 4-топ түліктің пірлеріне тоқталды. 5-топ түлікке байланысты жұмбақтар айтты. Келесі сәйкесін тап тапсырмасы бойынша тақтада берілген тұрмандарды қайсысы түйе, қайсысы жылқы малына қатысты екендігін анықтады. Ендігі жақсы бір «Қошақаны қойдың» әнімен, биімен топтар бой сергітіп алды. Бұл анимация оқушылардың сабаққа құлшынысын арттырды. Бұған дейін төрт түлікті жеке-жеке қарастырғанымен, олар туралы толық білімдері қалыптасқан жоқ еді. Келесі тапсырманы топтық жұмыс ретінде малдарды жасына қарай қалай аталатындығы туралы тапсырма берілді. Әрине бастауыш балалары бұл жөнінде көп хабары болмаса да, бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, барынша білгендерін жазды. Содан кейін қатемен жұмыс барысында жылқы, сиыр, түйе малдарының жас ерекшеліктеріне қарай қалай аталатындығын тақтадан қарап, қателерін дұрыстап, дәптерлеріне жазып алды. Әр тапсырма, әр жауап мұғалім тарапынан мардақтау сөздерімен, шапалақтаумен, тәтті кәмпиттер беруімен оқушыларды ынталандырып отырды. Топ басшылары Ділда, Анель, Альфия, Сәкен, Махамбет топ мүшелерін алдарындағы бағалау парағына критерийлерге сүйене отырып бағалады. Сабақ соңы «сабақта не ұнады, не ұнамады» сияқты оқушылардың бүгінгі сабаққа деген рефлексиясын стикерлерге жазып, тақтаға жабыстыруымен аяқталды. Үйге тапсырмаға төрт түлік малға қатысты эссе жазып келулері берілді. Екінші сыныпқа өткізілген жаңаша әдіске байланысты практикадан менің түсінгенім, кейбір балалар мұндай топтық жұмыста өздерін ашып көрсете алмады. Мүмкін, ол бала басқа өзінен төмен оқитын оқушылардың алдыға шығып пікір білдіріп, топ мәртебесін көтеріп, постер қорғау кезінде көрсеткен белсенділігіне қызғанышпен қарады ма, жоқ болмаса басқа да себептері болды ма, топ басшысы Сәкен әйтеуір сабақ барысында бей-жай отырды. Менің уақытым санаулы еді, оған жеке тапсырма бере алмадым. Жалпы оқушылар тақырыпты жақсы алып шықты. Бағалау кезінде топ басшысының берген бағасына барлығы риза болды. Себебі, бағалау критерийі көп көмегін тигізді. Оқушылардың сабақтың мақсатына жетуіне топ болып жұмыла жасаған, ой қосқан әрекеттері көмектесті деп ойлаймын, себебі, Александер мен Мерсер айтқандай, диалогтың пайдасын балалар да сезініп үлгерді және дәл солай рефлексия жазып өз пікірлерін білдірді. Мұндай әдіс менің практикамда екінші-төртінші сыныптарда өз жемісін берді.
|
