§15 Сабақтың түрөзгерістер
Атырау облысы Мақат ауданы
Хамза Санбаев орта мектебінің
Биология пәнінің мұғалімі Құрманғазиева Нұргүл Тлешқызы
| Мұғалімнің аты-жөні |
Пәні
|
Сабақтың тақырыбы | Сыныбы | Күні | ||
|
Құрманғазиева Нұргүл
|
Биология
|
§15 Сабақтың түрөзгерістері.
|
6 |
18.10.12ж |
||
| Сілтеме |
|
|||||
| Жалпы мақсаттар | Оқушыларға түрі өзгерген сабақтар,олардың құрылыс ерекшеліктері туралы мағлұмат беру.Оқыту барысында оқушыларға түрлі тапсырмалар бере отырып,олардың ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасай білуге,алған білімдерін іс – жүзінде қолдана білуге,интерактивті тақтамен тиімді жұмыс істей білуге тәрбиелеу. | |||||
| Оқыту нәтижелері | Сояу шырынды сабақтардың түрлерін ажырата білу. | |||||
| Негізгі идеялар | Сабақтың түрөзгерістерінің әр түрлі жағдайда болуы. | |||||
| Тапсырмалар |
Үй тапсырмасы 1.Лездемелік сұрақтар Тірек-сызба 2.Жаңа сабақ(постер қорғау) 3.Венн диаграмасы. 4.Қортынды.(Блум таксономиясы) |
|||||
| Жеті модуль |
1,2,3,4,5,6,7.
|
|||||
|
Дереккөздер немесе жабдықтар
|
Кітап,постер, маркер, стикер, слайд,Венн диаграммасы картоп,жуа.кеппешөп. | |||||
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1.Ұйымдастыру а)Амандасу ә) Сынып оқушыларын түгендеу б)Сынып оқушыларын геометрия фигуралар арқылы топқа бөлу 2 Үй тапсырмасы І топқа.1.Лездемелік сұрақтар. 1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ . (өркен) 2. Өсімдіктің орталық тірек бөлігі. ( сабақ) 3. Сабақтың жапырақ өсетін жуан жері. ( буын) 4. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері. ( жапырақ қолтығы) 5. Өсімдікті ұзартып өсіретін бүршік. (төбе бүршігі) ) 8. Қабықтан кейінгі қабат. (камбий) 10.Сабақтың орталық бөлігі. (өзек) 2. Сабақтың атқаратын қызметі. 1 (сабаққа – бүршік,жапырақ ,гүл,жеміс бекінеді) 2 (қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады) 3 (органикалық заттар қорға жиналады) 4 (көбеюге қатысады)
3 Сабақтың түрлері.
тік қысқарған сабақ жатаған жабысқақ шырмалағыш Өрмелегіш
ІІІ. Жаңа сабақ .Сабақтың түрөзгерістері. Түсіндірме І Түрі өзгерген жер үсті сабақтар. 1-тапсырма Сұрақ: Мыналар қандай өсімдіктер? Мұқият қарап қандай ерекшелігі бар екенін айтып беріңдер? 1. Сояу сабақтың бұтағына жатады,оны бөліп алу қиын. Сабақтың сояуға айналуының себебі: 1) Ылғал жетіспегендіктен. 2) Жабайы өсіп,қолайсыз жағдайға бейімделуінен. 2.Шырынды сабақтар. Кактус – бұл өсімдік ылғал жетіспегендіктен сабағына су және еріген заттарды жинайды. Органикалық заттар жасыл түсті сабақтарында жиналады. ІІ Түрі өзгерген жер асты өркендер. Тамырсабақ, түйнек, пиязшық түрін өзгерткен жер асты өркендерге жатады. 2-тапсырма.Постер қорғау.Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша сурет салып постерлерін қорғайды. І топқа «Тамырсабақ» Тамырсабақтың буын аралығы ұзын немесе қысқа болуына байланысты ұзын тамырсабақты, қысқа тамырсабақты өсімдіктер болып бөлнеді.Тамырсабақтар жатаған, қысқарған, шырынды, түйнек. Тамырсабақта өнеркәсіп пен медицинада пайдаланатын әр түрлі заттар қорға жиналады.Мысалы, бояғыш заттар,эфир майы мен ұшқыш қышқылдары бар шүйіншөптер,қант,крахмал және т.б алынады. ІІ топқа «Түйнек» ІІІ топқа «Пиязшық »
3-тапсырма. 1-топ Вендиграммасы. Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы. Джигсо әдісімен әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа түсіндіреді.
2-топ. Пияз бен тамырдың айырмашылығы
3-топ Түйнек пен тамырдың айырмашылығы
3-тапсырма. Сергіту сәті « Нөсерлі жаңбыр » 4-тапсырма Қортындылау.Блум таксономиясы 1.Білу. Сабақтың түрөзгерістері дегеніміз не? 2. Түсіну. Тамырсабақ пен түйнектің айырмашылығы не? 3. Қолдау. Тамырсабақ қоңырқай күңгіт болуы неге байланысты? 4.Талдау.Картоптың түйнегі мен жуаның пиязшығын жеміс деп атауға болама?Дәлелдендер,олардың жемістері қалай аталатынын түсіндіріңдер? 5.Жинақтау. Шырынды сабақтар өсімдіктеқандай қызмет атқарады? 6. Бағалау .Жер асты өркендерді атаңдар ,түрін өзгертуіне не себеп? Бағалау критерийлері: Оқушы жауабы: «төмен» «орташа» «толық» Формативті бағалау – стикерге жазылған оқушы пікірі
|
3 мин
3мин
3 мин
3 мин
3-мин
3мин
10мин
6мин
2-мин
5-мин
2мин
|
|||||
|
Кейінгі тапсырмалар немесе портфолио деректері
|
Үй тапсырмасы 15 оқу, эссе жазу. | 2-мин | ||||
