Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Жүйелік блок. Процессор. Жедел жад. Монитор. Пернетақта

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылы
Әбу Сәрсенбаев атындагы орта мектебінің І санатты
 информатика пәнінін мұғалімі Тахаева Нұргүл Сағадаткызы

 

Пәні: информатика

Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы

Оқушылардың жасы: 12-13 жас

(7 сынып)

Сабақтың атауы

Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы. Жүйелік блок. Процессор. Жедел жад. Монитор. Пернетақта

Сілтеме

Информатика 7 сынып, электронды оқулық

Жалпы мақсаттар

Дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың қызметтерімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғысы процессор, жүйелік блок, жедел жадпен таныстыра отырып оқушылардың білімін жетілдіру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту

Оқыту нәтижесі

Оқушылардың

  • компьютерді одан әрі тереңірек білуі

  • әр құрылғы бойынша жеке түсінік қалыптасуы

Негізгі идеялар

  • Оқи білуге үйрету арқылы, оқушылардың ақпарат құралдарына қызығуын арттыру

  • оқушылармен диалог құру арқылы, сыни ойлауға үйрету, берілген білімді ұзақ мерзімге сақтауға ықпал ету

Тапсырмалар

1-тапсырма: "Ойлан, жұптас, пікірлес" ЕТдаму тарихы. Есептеу құралдары мен машиналар. ЭЕМ буындары. тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру(сұрақ-жауап)

2-тапсырма: Топтық тапсырма. Жүйелік блок. Процессор. Жедел жад. Монитор. Пернетақта – постер құрау.

3-тапсырма: "Авторға сұрақ қою" тақырып бойынша 1 топтың оқушысына қалған 2 топтың оқушылары сұрақ қояды.

4-тапсырма: "Аяқталмаған сөйлем"

«КОМПЬЮТЕР» дегеніміз …

Адам ақпаратты …

Компьютер ақпаратты …

Компьютер . . . құрылғыларынан құралған, …

5-тапсырма: "Екі түрлі түсініктеме күнделігі"

тақырыптағы қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады

6-тапсырма: "Еркін жазу"

Тақырып бойынша алған әсері жайлы өз пікірін жазу

Жүру барысы:

І. Қызығушылықты ояту

1.Сабақтың ұйымдастыру

– оқушының сабаққа қатысын тексеру

– оқушыларды бойы бойынша сапқа тұрғызып, 1,2,3 деп санау арқылы топқа бөлу

– психологиялық дайындық, бүгінгі сабаққа әр топ оқушылары бірігіп ортақ 1 тілекті хормен айтады.

– бағалау бетшесі үлестіріледі

№

Оқушының аты жөні

Жаңа тақырып

5 ұпай

Сұрақ-жауап

5ұпай

Не? Қайда? Қашан?

5 ұпай

Еске сақта

5 ұпай

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

20-18 ұпай – "5"

17-12 ұпай – "4"

11-6 ұпай – "3"

5-тен төмен –"2"

 

2. "Ойлан, жұптас, пікірлес"

– Сендердің үй тапсырмасын қалай дайындалып келгендеріңізді байқау үшін, сандық диктант жүргіземін, егер айтылған пікірге келіссеңіз -1, егер келіспесеңіз 0 қоясыздар.

1. Ең ерте заманғы есептеу құралы есепшот болып табылады 1

2. 1761 жылы ағылшын ғалымы Д. Робертсон жүгертпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызгышын жасады. 1

3. Алғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы неміс математигі Лейбенц еді, сондықтан оны компьютер атасы деп атады. 0 (ағылшын оқымыстысы Чарлз Бэббидж)

4. 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде жасады, оны ENIAC деп атады.1

5. 1955 жылдан бастап екінші буындағы ЭЕМ-дер пайда бола бастады. Оларды жасау үшін электрондық лампалар қолданылды. 0 (жартылай өткізгіштер – транзисторлар)

6. ЭЕМ-нің дамуы 4 буыннан тұрады 0 (5буын)

7. Қазіргі кезде қолданыста жүрген дербес компьютерлер 5 буынның компьютерлері 0

Жауабы: 1101000

 

Эпиграф: "Халық пен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе – БІЛІМ" М. Әуезов

 

ІІ. Мағынаны тану

 

1. Топтық тапсырма

– әр топқа тақырып беріледі, топ тақырыпты постер арқылы қорғайды, әр топ жаңа ақпаратты меңгеру процесінде шешім қабылдайды, сараптайды,білімдерін жаңа біліммен салыстырады.

– нәтижелілігін анықтайды.

– жаңа сабақ түсіндіріледі

Жаңа сабақ тақырыптары

  • Жүйелік блок. Процессор.

  • Жедел жад. Монитор.

  • Пернетақта

 

2. "Авторға сұрақ қою" стратегиясы

– жаңа тақырыпты 3 топ оқушыларының ішінен бір-бірден оқушы шығып берілген тақырыпты постер арқылы түсіндіргеннен кейін, сол түсіндірген топтың оқушысына қалған 2 топтың оқушылары сұрақ қояды.

 

3. «Аяқталмаған сөйлем» стратегиясы

«КОМПЬЮТЕР» дегеніміз …

Адам ақпаратты …

Компьютер ақпаратты …

Компьютер . . . құрылғыларынан құралған, …

 

ІІІ. Ой толғаныс

1. Екі түрлі түсініктеме күнделігі

Бөліктің оң жағына – мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. Сол жағына әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп салдары қандай)

 

2. Еркін жазу

жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырылады

 

3. Бағалау /бағалау бетшесі арқылы бағалау/

№

Оқушының аты жөні

Өзін-өзі бағалауы

Топ басшысының бағалауы

Мұғалімнің бағалауы

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

үйге шығармашылық тапсырма: Әңгімені жалғастыр: Баяғыда пернетақта, монитор, жад және процессор болыпты. Олар өте тату тұрыпты. Бір күні олар кім мықты деп олар дауласыпты …

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше