Жеңіс күні Т.Молдағалиев

Қызылорда қаласы
№ 101 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Маденова О.Т

Сабақтың тақырыбы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
Б

Білімділік:Тұманбай Молдағалиев әлеміне шолу жасай отырып,ақын шығармашылығымен таныстыру.Өлеңнің мағынасын аша отырып,Ұлы Отан соғысы жайында,жеңіс күні жайында мәлімет беру.Батырлардың ерлігін дәріптеу.

Дамытушылық:Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Сөздік қорын молайтып, өз ойларын ашық айтуға үйрету.

Тәрбиелік: Бейбітшілік үшін күрескен батырлардың ерлігін, еңбегін үлгі ете отырып, есімдерін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнектілігі: Бауыржан Момышұлының портреті, гүлдер, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа психологиялық дайындық. Тренинг.

  • Саламатсыңдар ма, балалар! Бүгін біздің ерекше сабағымызға интербелсенді тақта, кітап, дәптер, қаламсап және білімді өздігінен меңгере алатын оқушылар және әрине көтеріңкі көңіл – күй керек. Осы аталғандардың барлығы біздің сыныбымызда бар ма?

Балалардың жауабы.

  • Ендеше балалар, бізге сабақ өтуге мүмкіндік бар екен. Сабағымызды бастамас бұрын, ойымызды жинақтап алайық. Мен сендерге түрлі – түсті қағаз таратамын. Осы қағаздан сендер өз «достарыңды» қиып аласыңдар.

  • Енді осы қиып алған адам сұлбасына бүгінгі сабағымыздың қалай өткенін қалайсыңдар? Сол тілектеріңді жазыңдар.

  • Осындай тілектерің бүгінгі сабақта көрініс тапсын деп, сабағымызды бастаймыз. Ал өздерің қиып алған достарыңды «бойтұмар» ретінде партаның оң жағына қойып қойыңдар.

  1. Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді.

1. Ә. Бөриевтің «Бауыржан» мәтінін түсініп оқу.

2. «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына шығарма жазу.

– Балалар, бүгін біз үй тапсырмасын мына жайқалып тұрған әсем гүлдерден гүл шоғын жасау арқылы орындаймыз. Оларды жәй ғана жинаймыз. Әр гүлдің сұрақтары мен тапсырмалары бар.

1. Әңгімедегі оқиға қай кезеңде болған және ол кімнің баяндалған?

2. Бауыржан Момышұлы кім? Ол қай жылы қай жерде дүниеге келген?

3. Қарақұл баласының атын Бауыржан деп қандай мақсатпен қойды?

4. Б. Момышұлы соғыста қандай ерлік көрсетті?

5. Соғыстан кейін немен айналысты?

6. Батыр ағамыз неше жаста қайтыс болды?

(Әр балаға гүл мен смайлик беру)

  • Енді жазып келген әңгімесін кім оқып береді екен? (3 оқушыға оқыту, смайлик беру)

  • Жарайсыңдар, балалар, өткен сбақты өте жақсы меңгерген екенсіңдер, енді осы жинаған гүлімізді Бауыржан атамызға арнайық! (Оқушылар гүлдерін портрет жанына қояды.)

  1. Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту. (Интербелсенді тақтадан жеңіс күнін атап өтіп жатқан адамдар және «День победь» өлеңін қою)

  • Балалар, сендер жаңа ғана нені тамашаладыңдар?

Өлең не жайында деп ойлайсыңдар?

Оқушылар жауабы.

  • Дұрыс айтасыңдар. Бұл жерде адамдар жеңіс күнін тойлап, ән айтып жатыр.

  • Балалар, ал сендер бұл әнді қандай соғыстан кейін шығарылғанынсоғысқа аттанған білесіңдер ме?

  • Ұлы Отан соғысынан кейін.(смайликпен бағалау)

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 мамыр күні таң аалдында басталды. Фашистік Германия Совет үкіметінің жерін басып алу мақсатында соғыс жариялады. Сол кезде біздің қазақтың балалары үйлерінде бейқам ұйықтап жатқан болатын. Олар алдында не тұрғанын білмеді. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Бұл соғысқа көптеген ұлттан адамдар қатысты. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал әйел азаматтар соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, балаларға қарады, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді. Ал сендер сол соғысқа өз еркімен сұранып аттанған қандай қазақ қыздарын білесіңдер?

(Оқушы жауабы. Слайд)

Осы сұрапыл соғыс 1945 жылдың 9 мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік, мына көгершінді «бейбітшілік құсы» деп атаған екен. Біздер олардың ерлігін ешқашан есімізден шығармаймыз.

Бір минут үнсіздік. (Слайд)

Біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз міне сы жеңіс күні болмақ. Кітаптарыңда 184 бетті ашыңдар. Дәптерлерімізге күннің ретін жазамыз. (сәуірдің 19-ы)

Бұл өлеңнің авторы Т. Молдағалиев атамыз туралы бірер сөз айта кетейін. (слайд. Портрет ТМ.)

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы «Жарсу» ауылында дүниеге келген.Ол Қазақстанның халық жазушысы Т.Молдағалиевтің өлең,поэмалары 40-тан астам жинақ болып шықты.Ақынның шығармашылығының ең басты ерекшелігі – оның өлеңдері сезімге толы. «Қош көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Жаңа дәптер», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүрегім менің сапарда» және басқа да көптеген шығармалары бар.Жазушы өмірінің аяғына «Балдырған»балалар журналында бас редактор болып жұмыс істеді.2011 жылы 10 қазанда сырқаттанып қайтыс болды.

Оқулықпен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп,түсінікті етіп оқу.

  • Ал,енді балалар,өлеңді кезектесіп мәнерлеп оқимыз.

Дәптермен жұмыс.

Мақалды оқып,мағынасын ашу,дәптерлеріне жаздыру.

«Батыл болмай,батыр болмайсың.»

Сұрақ-жауап (Слайд)

  • «Бейбітшілік құсын ата»

Көгершін бізге сұрақтарын әкеліпті,соларға жауап беріп көрейік.

-Жеңіс күні қай күн?

-Бейбіт күн мен соғыс күнді қалай түсінесің?

-Біздерге бейбіт өмірді кім сыйлады?

7.Ой толғаныс сатысы. «Бірігіп сурет салу »әдісі.

– Балалар,бүгін біз Жеңіс күні жайында,бейбітшілік жайында сөз қозғадық,енді осы бейбітшілікті сендер қалай бейнелер едіңдер,осыны қағаз бетіне түсіріп көрейікші.

 

Оқушылар салған суреттерін қорғайды.

Сабақты қорытындылау.

Нені білдім?Нені білгім келеді? стратегиясы бойынша оқушылардан сабақтан алған білімдері туралы сұралады.

  • Балалар,бүгін біз «Жеңіс күні» өлеңімен таныстық.Ендеше тақтаға қарайық.(Слайд)

Нені білдім? Нені білгім келеді?
«Жеңіс күні» өлеңін оқыдым Жеңіс күні туралы тағы қандай ақындар жазды екен?
Т.Молдағалиев туралы білдім Б.Момышұлының ұрпағы қандай екен?
Соғыс өте ауыр тигенін білдім Ұлы Отан соғысында тағы қандай біз білмейтін қазақ азаматтары қайтыс болды екен?

 

Балалар сабақтың басында жасаған достарыңды қолдарыңа ала қойыңдар,сонда жазылған тілектерің орындалды ма?Ендеше алдағы өмірлерің бүгінгі сабағымыз секілді көңілді,қызықты,пайдалы әрі мазмұнды болсын деп сабағымызды аяқтаймыз!

Үйге тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқу. «Мен бейбітшілікті қалаймын» тақырыбына әңгіме жазу.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше