Суды қорғау

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылы
Жалпы білім беретін Х.Халиуллин атындағы

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі –
Базарғалиева
Сұлушаш Амангелдіқызы

Класы: 4
Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың су экологиясы туралы білімдерін қалыптастыра отырып, суды тиімді пайдалануға және қорғай білуге баулу;

2. Топпен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту;

3. Халықтық салт-дәстүрге негізделген экологиялық тәрбие беру;

Қолданылатын кұралдар: интерактивті тақтаны пайдалану, Қазақстанның физикалық картасы, Венн диаграммасы, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: ана тілі

Сабақтың түрі: жаңа материалды игерту; аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, ой қозғау, топпен жұмыс.

Сабақ барысы:

I .Психологиялық дайындық.

Тақтадан табиғат суреті көрсетіледі: тау, етегінде айдын көл, таудан ақкан бұлақ, айналасында көкорай шалғын т.б. Үнтаспадан сылдырап аққан су дыбысы және Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқылады. Таулардан өзен ағар сарқыраган, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Арапап таумен тасты арқыраған. Коңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар, Өзеннен рахат тауып басылады. Ел қыстап күн көреді жанабында, Дәм болар алуан-алуан балығында. Тас тас та, алтын тас та сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында.

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз!

Үлкенге ізеттіміз!

Кішіге қамқормыз.

Көп оқимыз!

Өнерліміз.

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін,

Біз қазақ елінің болашағымыз!

 

 

 

II. Үй жұмысын тексеру

Оқушылардан «Өзен және көл» тақырыбына берілген үй тапсырмасы жоспар бойынша сұралады.

а) Өзеннің ерекшелігі, оның жеке бөліктерінің атауы.

ә) Көлдің өзеннен айырмасы.

б) Көлдің түрлері,суының касиеті.

в) Өзендер мен көлдерді пайдалану.

 

 

Ш.Ой түйіндеу.

Физикалық картамен жұмыс жасалады. Оқушылар картадан Қазақстанның ірі-ірі өзендері мен көлдерін табады. Арал теңізіне және Балқаш көліне құятын езендерді көрсетеді.

Топтастыру.

өзен көл

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті. "Менің жерім" ойыны.

Есіл Семей

Қызылорда Қостанай

Іле Ақтөбе

Жайық Сырдария

Елек Астана

Тобыл Алматы

Ертіс Орал

IV.Жаңа сабақ.

-Балалар, адам суды қандай мақсатқа пайдаланады? (сызбаны толтыру)

-Су қалай ластанады?

Су

 

пайдаланады зиян келеді, ластанады

 

 

Өз қажетіне:

ішеді, тамаққа пайдаланады, жуынады. т.б,

су шайынды, ластанған суға

айналады,

Өнеркәсіпке:

құрылыстарға кен орындарына,

мұнай өнеркәсібіне, т.б.

судағы тірі табиғатқа зияны тиеді, ауру тарайды, ауаны ластайды.

Ауыл шаруашылығына:

егін егеді, өзендсрге бөгеттер салады т.б.

өзен, көлдердің суы азаяды, тұз тозаңы ауаға ұшады, жаңбыр сирек жауады т.б.

 

-Судың қандай қасиеттері бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім оқушылар жауабын толықтырып, жаңа сабақты түсіндіреді.

  • Су – ғажайып зат.Олай деуіміздің бірнеше себебі бар.Су бір мезгілге үш түрінде кездеседі.

  • Мұз-судың қатты күйі,оның сұйыққа айналуы мен булануы бірге жүреді.

  • Су – тіршілік көзі.Тірлігі оттегінсіз өтетін ағза бар,бірақ сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысымен жүреді.Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90% дейін судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның мөлшері 17 кг кемісе, адам өміріне қауіпті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Судың пайдалануы: Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, күнделікті тұрмыста, тұрғын үйлерде т.б.

Тұщы су алу проблемасы: Тұщы су – 20 %, Тұзды су – 98 %. Дүниежүзінің көптеген елдерінде және Республикамыздағы Кәспий маңы, Орталық Қазақстан жерінде тұщы су тапшы. Сондықтан тұщы су мен қамтамасыз ету жолдары іздестірілуде.

 

 

 

 

 

V. Оқулықпен жұмыс.

1. Мәтінді оқытып, сұрақтарға жауап алынады.

2. "Арал қасіреті" дегенді қалай түсінетіндері сұралады.

3. Суды қорғау жөнінде қазақ халқының мақал -мәтелдері айтылады.

VI. Топтық жұмыс

(Су туралы мақал-мәтелдер айту, тиым сөздер сұрау)

М а қ а л д а р

1. Сулы жер – нулы жер.

2. Таста тамыр жоқ, суда қаймақ жоқ.

3. Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас.

4. Тау мен тасты су бұзар, ел арасын қу бұзар.

Т ы й ы м д а р

– Қайнамаған су ішпе.

– Суға түкірме.

– Суды ластама.

– Суды босқа ағызба.

С ұ р а қ т а р

– Не ? (су)

– Қандай ? (Түссіз, мөлдір, ащы, тұщы)

– Түрлері (Өзен, көл, теңіз жауын – шашын, мұз, бұлт, бұлақ)

– Зиянды заттар (қоқыс, өндіріс қалдықтар, шайынды сулар)

– Пайдасы (көлік, тазалық, ауыз су, өсімдік)

VIІ. Сабақты қорытындылау.

– Қазіргі кезде адамдардың суды шамадан тыс пайдалануының нәтижесінде қандай қажеттілік туды?

– Қазіргі кезде лас суды тазартатын арнайы қондырғылар орнату қажеттілігі туды.

– Арал теңізін дағдарыстан құтқару қажеттілігі туды. VII. Шығармашылық жұмыс.

"Су атынан сөйлеймін" тақырыбына шағын эссе жазу. VІІІ.Үйге тапсырма. Өздері тұратын жердегі су айдындары туралы үлкендерден сұрап келу және олардың тазалығын бақылап, қорытынды жасау. Мәтінді оқу, мазмұндау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше