Мейірім
Астана қаласы
№ 68 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Утебаева Жайна Ераханқызы
Сабақтың тақырыбы: Мейірім
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-
Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
-
Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
-
Мейірбандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: интераетифтік тақта, гүлдің суреті, парақшалар
Сабақтың әдісі; түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезең
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
-Психалогиялық дайындық
Үмітім зор ертеңге,
Ермес ешкім селтеңге.
Әдебиетім, дами бер!
Ана тілім өркенде
-Үй тапсырмасын тексеру
-Оқушылардан мәтіннің мазмұнын сұрау
Сұрақ- жауап
Слайд арқылы көрсету
2.Жаңа сабақ:
Мейірімділік-асыл қасиетіміз,
Жүректегі таза ақ ниетіміз.
Жан дүние кілті,
Шаттық пенен күлкі.
Биік ұстап соны,
Қадірлейік біз!
Сабақтың тақырыбын ашып, мәтін авторымен таныстыру
-Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру «слайд арқылы»
3.Өз бетімен жұмыс
–Мәтінді тізбектеп оқыту
-Сұрақ-жауап әңгіме
Дәйексөз
4.Ойланайық, пікірлесейік (слайд )
-
Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
-
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.
5. Топтастыру: (слайд)
5.Сергіту сәті
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз, тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс
6.Шығармашылық тапсырма
І топ: «Мейірім» тақырыбына эссе жазу
ІІ топ: «Бес жолды өлең»
(оқушылардың жұмыстары тыңдалады)
7.Ойын: «Мен қандаймын?»
Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің астын сызады.
(оқушыларды тыңдау)
8.Сабақты бекіту:тапсырма
«Мейірімділік» кестесін сызып, толтыру. Бірінші бағанға-мейірімді істердің, екінші бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.
9. Сабақты қорыту: Жүректен жүрекке «слайд»
– Күлімдеген күн мейірімді!
-
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
-
Таза мөлдір су мейірімді!
-
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
-
Аяулы анам мейірімді!
-
Қамқоршы апам мейірімді! т.б.
10. Бағалау.
11.Үйге тапсырма беру(слайд)
1.Мейірім туралы мақал-мәтел жинау
2. Мәтінді мазмұндау.
