Без рубрики

Сөйлем

Астана қаласы
68 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Жанар Жеңісқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы алған білімдерін толықтыра отырып,
сөйлемнің мағыналық түрлерін ажырату, қайталау, пысықтау.
Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларны қалыптастыру. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.

Шығармашылыққа, топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Қазақ тілі өз жұлдызың көктегі

Қазақ тілі өмірің де, өлең де.

Қазақ тілі тамыр жайған тереңге

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп

Ұрпақтарды танытады әлемге.

Сөзжұмбақ шешу:

 

 

 

с

 

 

 

ө

 

 

 

й

 

 

 

 

л

 

 

 

е

 

 

 

 

 

м

 

 

 

  1. Иесі оның – сәби.

Әрі төсек,әрі үй.

  1. Ескі сөзінің синонимі

  2. Қыздың аты

  3. Ешкінің төлі

  4. Киіз үйдің бөлігі

  5. Ұшатын жәндік

Ережесін сұрап өту, мысалдар келтіру.

Сөйлем

 

Мағынасына қарай

 

Хабарлы

Сұраулы

 

Лепті

  1. Сөйлемнің түрлерін ата.

  2. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

  3. Сұраулы сөйлем қандай мақсатта айтылады?

  4. Лепті сөйленің соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

Кітаппен жұмыс:

  1. жаттығу. Сөйлемдерді оқы. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрі екенін анықта.

  2. жаттығу. Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жаз.

1-қатар: Хабарлы сөйлем

2-қатар: Сұраулы сөйлем

3-қатар: Лепті сөйлем

3-жаттығу ауызша орындалады. Өлеңді мәнерлеп оқу. Сөйлем соңындағы тыныс белгісі не үшін?

4-жаттығу . Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемге айналдырып мақал етіп жаз. Тақтада орындалады.

  • Береке көзі бірлікте.

  • Отан оттан да ыстық

  • Ат адамның қанаты.

Шығармашылық тапсырма:

Тақтаға бір шумақ өлеңнің екінші және төртінші жолдың соңғы сөздері беріледі. Оқушылар өздіктерінен бір шумақ өлең шығаруы керек.

Өздік жұмысы:

5-жаттығу Сөйлемдердің жігін тауып, тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.

Қорытынды:

Өзім ойдан тұрамын

Аяқталған ойды құрамын? /Сөйлем/

 

Өзім сөзден тұрамын

Хабар мен нүкте жиғаным. /Хабарлы сөйлем/

 

Мен де сөзден тұрамын

Сұраулы ойды құрамын. /Сұраулы сөйлем/

 

Қуану, ренжу, өкіну

Мақсатым соны сездіру.

Ұранды да айтамын,

Қарқындап барып қайтамын. /Лепті сөйлем/

Үйге тапсырма:

Үйде өздіктерінен 2 хабарлы, 2сұраулы, 2 лепті сөйлемдер жазып келу.

Бағалау:

 

 

 

Бекітілді: Келісілді: Қаралды:

68 орта мектеп мектеп директорының мектеп директорының

директоры ғылыми -әдістемелік жұмысы оқу-тәрбие жұмысы

Ш. Жакенбай жөніндегі орынбасары жөніндегі орынбасары

Карбоз Н.Е С.З. Сулеева

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.