EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. Місrosoft Excel – мен танысу
Мұгалімі: Елтаева Жұпар.
Жамбыл обл. Шу қаласы, Алтынсарин орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ. Місrosoft Excel – мен танысу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: EXCEL КЕСТЕЛІК ПРОЦЕССОРЫ туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, шыншылдыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, проектор, презентация, плакат тақта.
Сабақтың барысы:
І ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыру
ІІІ Жан – жақты білімін тексеру кезеңі.
· MicrosoftWord қандай программа?
· Microsoft Word – ты қалай іске қосамыз?
· Microsoft Word – та кестені қалай саламыз?
IV Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі Ребус шешу (Ехсел)
V Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау кезеңі
Excel – кестелік процессор. Кестелік процессор-бұл электронды кестелерді
құру үшін және кестелік мәліметтерді автоматты өңдеуге арналған қолданбалы программа.
Excel мүмкіндіктері
Кестелік процессор Excel деректермен әртүрлі амалдарды орындауға мүмкіндік береді:
Кестелерді құру және оларға ат беріп, дискіде сақтау;
Сақталған кестелерді ашу және оларды жөндеу;
Кестеге қатар, бағана немесе ұяшық қосу;
Кестеден қатарды, бағананы немесе ұяшықты өшіру;
Қатарлардың, бағаналардың немесе ұяшықтардың мазмұнын көшіру немесе жылжыту;
¤су немесе кему реті бойынша ұяшықтардың мазмұнын сұрыптауға болады;
Қолданушының өзі құрастырған немесе кестелік прцессорда дайын формулаларды қолданып, есептеулер жүргізуге болады;
Кестенің деректері бойынша диаграмма құру және оларды кестеге кірістіру;
Кестеге графикалық объектілерді, стандартты суреттер кітапханасынан суретті кірістіру;
Кестелерді баспаға жіберу.
Microsoft Excel-ді іске қосу үшін келесі командалар тізбегін орындау керек:
Пуск-Программы- Microsoft Excel
Microsoft Excel іске қосылған соң мәліметтерді енгізуге болатын жұмыс кестесі ашылады. Жұмыс кітабы 3 парақтан тұрады, парақтың санын 255-ке дейін көбейтуге болады. Жұмыс кестесі қатар мен бағана түрінде болады. Бағаналар латын әріптерімен(А,В,С, т.с.с,) , ал қатарлар сандармен белгіленеді. Әрбір парақ 256 бағанадан және 65 536 қатардан тұрады.
Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі ашу (открыть) командасын немесе батырмасын таңдауыңыз керек, сол кежде Құжатты ашу диологтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет. Төменде рналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және кітаптың өзін таңдау керек. үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі және белгісі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана тізімге шығады.
Жұмыс кітабын сақтау. Жұмыс кітабын сақтау үшін Файл менюіндегі Сақтау командасын немесестандартты аспаптар тақтасының батырмасын шерту керек. Бірінші сақтау кезінде Құжатты сақтау диологтік терезесі көрінеді, одан бума өрісінің тізімінен диск, ал төменгі тізімнен кітап сақталатын Бума таңдалады. Файл типі өрісінің тізімінде – кітап форматы сақталады. Файл аты өрісінен кітап атын енгізіңіз және сақтау батырмасын шертіңіз.
КЕСТЕ БЕТІНІҢ ТАҢБАСЫНЫҢ АТЫН ӨЗГЕРТУ.
Таңбаның атын өзгерту үшін келесі командаларды орындаңыз:
Керекті таңбада тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз;
Переименовать командасын таңдаңыз, таңба аты қара түспен ерекшеленеді;
Жаңа атты енгізіңіз;
Кестенің кез келген ұяшығына шертіңіз
VI Жаңа материалды түсінгенін тексеру кезеңі
1. Місrosoft Excel программасын іске қосу жолдарын ата.
2. Місrosoft Excel терезесі қандай элементерден тұрады?
3. Місrosoft Excel программасында неше жол, неше баған бар?
4. Кесте бетінің таңбасының атын қалай ауыстырамыз?
VII Жаңа материалды бекіту, оқушылар білімін бекіту кезеңі.
1. Excel дегеніміз не?
А) кестелік процессор В) мәтіндік редактор Д) программалық қабықша
Б) графикалық редактор Г) Операциялық жүйе
2. Excel программасының атқаратын қызметтерінің бірі?
А) диаграмма құру В) сурет салу Д) қағаз шығару
Б) мәлімет алмасу Г) Архивтеу
3. Excel – де жолдардың максималды саны нешеге тең?
А) 17585 Б) 15384 В) 65536* Г) 18585 Д) 63536
4. Электрондық кестенің жұмыс аймағы нелерден тұрады?
А) Жолдар В) суреттер Д) парақтардан
Б) бағандар Г) Жолдар мен бағандар*
5. Курсормен белгіленіп тұрған ұя қалай аталады?
А) баған ұяшығы В) блок Д) ағымдағы ұяшық
Б) ұяшық көрсеткіші Г) ұяшықтар
6. Excel – де үнсіз келісім бойынша неше парақ ашылады?
А) 1 Б) 3 В) 2 Г) 4 Д) 5
7. Excel – де формула қандай таңбамен басталады?
А) жақша Б) азайту В) қос нүкте Г) қосу Д) теңдік
8. Тақырып жолының міндеті?
А) Әртүрлі командаларды орындайды
Б) Екпінді ұяшықтағы мәліметті көрсетеді
В) Кітаптың аты жазылады
Г) Парақ бойымен жылжуға мүмкіндік береді
Д) Әрбір аттарды анықтайды
9. Excel – де бағандардың максималды саны нешеге тең?
А) 255 Б) 355 В) 258 Г) 256 Д) 356
10. Excel –де құжатты сақтау қай батырманың көмегімен орындалады?
VII үйге тапсырма беру. 8 – тарау 8.1 тақырыпты оқып келу.
