Бір таңбалы сандарды үш таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бір таңбалы санға бөлу тәсілдері.Бекіту сабағы
Астана қаласы
№68орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Хамитжанова Бағила Амангельдиновна
Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы:Бір таңбалы сандарды үш таңбалы сандарға жазбаша
көбейту және бір таңбалы санға бөлу тәсілдері.Бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері жайлы алған білімдерін
пысықтау, күрделі теңдеулер құрастыру туралы білімдерін бекіту;
Дамытушылығы: оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық
сезімін,логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Тәрбиелігі: оқушылардың танымдық және коммуникативтік іс-әрекет пен өздігінен
білім алуға және еңбекке бейімдеу,пәнге деген көзқарасын,білімге
құштарлығын қалыптастырып,ұйымшылдыққа,достыққа тәрбиелеу.
Типі: бекіту сабағы
Түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі. Сұрақ-жауап,ойландыру,өздік,топтық жұмыс
Көрнекілігі: оқулық,интерактивті тақта,тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: еңбек, әдебиет
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ,өйткені бізге көп қонақтар келіп отыр.сондықтан сендер өз білімдеріңді ,тәртіптеріңді көрсетіңдер.қазір мен сендерге санжұмбақ жасырамын:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
||
1.1дей 4.5ік
2.7ім 5.т10
3.к 3ті 6.100у
2.Психологиялық дайындық.
Қандай сандар жасырынып тұр екен?
Берілген өрнектердің мәнін табу арқылы ,сызба бойынша аяқтау.
18×2 : 12 × 20
360:6 : 20 × 30
360:3 : 60 × 38
280:10 × 2 × 10
Жақсы,балалар,енді келесі тапсырманы дәптерге орындаймыз
(.Дискіден тапсырма орындату.)
3. Шығармашылық тапсырма. Теңдеу құрастырып,шығар:
Қаптарға картоп тең бөлініп салынды.Егер 10 қаптың әрқайсысында 50 кг картоптан болса,онда барлығы қанша килограмм картоп болғаны?барлық картоптың массасы х болсын делік.
Х:10=50
Х=50х10
Х=500
500 :10=50
4.Сергіту сәті.Мен көрсеткен мақалдарға сан қою арқылы толықтырыңдар:
1……….. саусақ бірдей емес.
2.Жігітке ………… өнер де аз.
3. ………. қырлы, ….. сырлы.
4…….. жақсы дос…….. туыстан артық
.Рахмет,балалар,енді әрі қарай жұмыс жасайық.
5.Қызығушылығын ояту
Үш қатарға үш баған беріледі, орындарыңда отырып шығарасыңдар Ең тез,дұрыс шығарған үш баланыкі ғана тексеріледі де ,олар тақтаға жазады
690:3 468:2 900-73
480:4 322*3 65+498
120*4 220*4 880-287
410*2 320*3 66+398
630:3 250*3 540:2
6.Оқулықпен жұмыс. Сөз есепті шығару
Зауыт жұмысшылары 80 тоқайырғыш және 120 розетка дайындады.Өнімнің әрқайсысы қорапқа 10 данадан салынды.Тоқайырғышқа қарағанда ,розетка салынған қораптардың нешеуі артық?
80: 10=8
120: 10=12
12-8=4
Жауабы: розетка салынған қораптың 4-еуі артық
Ә)(80+120) :5 =40
40 өнім қораптарға салынды.
7. Геометриялық фигуралар
Қабырғалары 4 см және 2 см тіктөртбұрыш сыз.Периметрі осындай болатын шаршы сыз. А=4см В=2см Р-
Р=4+2+4+2=16см
Периметрі осындай болатын шаршы сыз.Шаршының барлық қабырғалары қандай болады?Әр қабырғасы неше см болады?
№6логикалық есептер
1.Қалаға қарай 3жеңіл машина бара жатыр,оған қарсы 2 жеңіл,3 ауыр машина келе жатыр.Қалаға барлығы неше машина бара жатыр?
2.Сатыда 15 баспалдақ бар.Сатының ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек?
3.1 кг темір ауыр ма 1 кг мақта ауыр ма?
4.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды.Бұл қалай?
5.4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа неше минутта піседі.
7.Қорытындылау.бағалау.
8.Үйге тапсырма 137 бет №3 ә,4 б,в
Логикалық есептер
1.Қалаға қарай 3жеңіл машина бара жатыр,оған қарсы 2 жеңіл,3 ауыр машина келе жатыр.Қалаға барлығы неше машина бара жатыр?
2.Сатыда 15 баспалдақ бар.Сатының ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек?
3.1 кг темір ауыр ма 1 кг мақта ауыр ма?
4.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды.Сонда бір асық дорбада қалды.Бұл қалай?
5.4 жұмыртқа 4 минутта піседі.Бір жұмыртқа неше минутта піседі.
Сергіту сәті.
1…..5…… саусақ бірдей емес.
2.Жігітке …..7……. өнер де аз.
3. ….8…… қырлы, .1…. сырлы.
4….1…. жақсы дос…100….. туыстан артық
