Ең үздік ауыл

Тлеужанов Асылбек Амантайұлы
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Қызылту негізгі мектебі
География пән мұғалімі

Құрметті әріптестер сіздерге ұсынып отырған жобамды өз игіліктерінізге пайдаланыңыздар!

Жақсы іс – жақсылық жаршысы

«Ең үздік ауыл»

интеллектуалдық сайысы

Сайыстың мақсаты:

– ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалды ауыл жастарының дарынын ашу,белсенділігін арттыру, білімін көтеру

– Үздік ауылды анықтау

– Селолық округтердің тыныс тіршілімен таныстыру

Сайыстың шарты:

І тур – Таныстыру (3 мин)

ІІ тур – Өз өнері (5 мин)

ІІІ тур – Бейнебаян (5-7 мин)

ІҮ тур – Сұрақ – жауап (3 мин)

Ү тур – Капитандар сайысы (3 мин)

ҮІ тур – Портфолио

Қатысатын командалар: 12 селолық округ

Керекті құрал жабдықтар: банер, шарлар, проектар, ту т.б

Сайыс шарттарына түсінік беру:

І тур – Таныстыру Бұл турда командалар келіп тұрған ауылдарын және өздерін таныстырып өтеді. Таныстыру слайд, стенд, өлең т.б түрінде болады

ІІ тур – Өз өнері Бұл турда команда мүшелері толық құрамда өз өнерлерін көрсетуі керек. Жанрға шектеу жоқ

 

ІІІ тур – Бейнебаян Ауыл жастарының ұсынысы мен тілектерінен құралған бейнебаян. Сондай-ақ бейнебаянда мыналарды қамтуға болады: Қазақстанның дамуы оның ішінде ауылдың дамуы, Президент жолдауларының ауылда орындалуы, қазақтың салт дәстүрлері (бастаңғы, алтыбақан), түрлі жиналыстар, кедесулер т.б

Ескерту: бейнебаянға қатысқалы тұрған топ мүшелері түсе алмайды, негізінен ауылдағы жастарды кеңірек тарту

ІҮ тур – Сұрақ – жауап Аудан тарихына, белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне байланысты. Әр команда 2 сұраққа жауап беруге мүмкіндігі бар

Ү тур – Капитандар сайысы (Турдың сұрағы құпия болуы керек)

Бұл турдағы басты мақсат жастардың оратрлық деңгейін, саяси сауаттылығын арттыру.

 

Сұрақтар мынадай көлемде болуы мүмкін:

 

Егерде мен әкім болсам … жас отбасы

Егерде мен әкім болсам … зейнеткерлер

Егерде мен әкім болсам … Қазақстандағы саяси жағдайды

ҮІ тур – Портфолио

Жеңімпаздарды марапаттау:

Бас жүлде – біреу

І орын біреу

ІІ орын біреу

ІІІ орын біреу

Екі номинация белгілеу

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше