Атырау облысы Жылыойы ауданы Құлсары қаласы
№24 мектеп-гимназиясының тарих және қоғам тану пәнінің
І санаты мұғалімі Мулдагалиева Бибигул Беибитовна
1-апта |
2-күн |
1-сабақ |
11-12 жас |
||
Сабақтың тақырыбы: |
Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы |
|
Сілтеме |
Авторы: Т.Төлебаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов. «Ежелгі дүние тарихы» 6 сынып |
|
Жалпы мақсаттар |
Ежелгі Египеттегі мемлекеттің пайда болу жолдарын көрсете келіп, мемлекеттегі бұқара халықтың ауыр тұрмыс-тіршілігін көрсету. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; Оқушыларды топта жұмыс жасай білуге дағдыландыру, бірін-бірі тыңдай білуге, сыйлауға тәрбиелеу. |
|
Оқыту нәтижесі |
|
|
Негізгі идеялар |
|
|
Тапсырмалар |
Зерделі жаттығулар блогы. Қызығушылығын ояту. «Ежелгі Египет» бейне көрсетілімін таныстыру.
Ақпарат блогы.
Жаттығу блогы.
Бекіту блогы.
|
|
Кейінгі тапсырмалар |
|
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
3 минут |
Сыныппен амандасу. Сынып ережесін шығарғыздым. Сыныптың оқушыларын 4 топ бойынша отырғызу (алдын-ала оқушылардың үлгерімі бойынша 4 топқа – түстер бойынша бөлу). Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. Бағалау өлшемдерімен таныстыру.
|
Мұғаліммен сәлемдесу. Оқушылар түстер бойынша бөлініп, өз үстелдерінің басына жиналады. Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға ұмтылады. |
5 минут
12 минут
10 минут
7 минут
5 минут
3 минут
|
1. Қызығушылықты ояту сатысы Тіке жауап арқылы үй тапсырмасын тексеріп алдым.
2.«Ежелгі Египет» бейнекөрсетілімін көрсеттім. 3. Мағынаны тану сатысы Топта оқыту стратегиясы 1.Мәтінді төмендегідей төрт топқа бөлдім. 1-топ. Құлдар. 2-топ. Шаруалар. 3-топ. Қолөнершілер. 4-топ. Тау-кен жұмысшылары. а. Әр топ өздеріне берілген тақырыпшаны оқыттым.. ә. Осы төрт таптың ортақ ұқсастықтарын таптырттым. 4. Суретке қарап әңгіме айтқыздым.
5.Бекіту блогына топтау сауалнамасын жүргіздім.
1.Тапсырманы орындауда оқушыларға еркіндік бердім. 2. Оқушыларға өздеріне тиімді әдіспен орындауға болатындығын айттым. 1.Оқушылар өз жауаптарын интерактивті тақтадан шыққан дұрыс жауаппен тексереді. Бағалау. Бағалау өлшемдері 1.Тапсырманы дәл уақытында аяқтау 2.Топ мүшелерінің барлығы қатысуы 3.Мәтінді нақты түсіндіруі 4.Тапсырманы орындауы Үйге тапсырма: Осы тақырыптар бойынша интернеттен, басқа әдебиеттерден қосымша материалдар іздестіреміз.
Кері байланыс Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? -қандай тапсырма орындаған ұнады? -қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
|
Тіке жауапқа жылдам,нақты жауап береді.
Бейнекөрсетілім қарай отырып тақырыпты ашады. Оқушылар мәтінді оқыды. Кейбір оқушылар мәтіннен өзіне керегін тезис түрінде жазып отырғанын байқадым.
Мәтінді оқып танысқан соң бір-бірімен кеңесіп, постер постер қорғады. Оқушылар қағаздан «қуыршақтар», яғни өздерін қиып алда да, сабақтың қалай өткенін жазып берді.
|