Атырау облысы, Құрманғазы ауданы
Мақаш ауылы
Тахаева Нұргүл Сағадаткызы
І санатты информатика пәнінін мұғалімі
Пәні: информатика |
Мұғалімі: Тахаева Нұргүл Сағадатқызы |
Оқушылардың жасы: 12-13 жас (7 сынып) |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың атауы |
Дербес компьютер. Компьютердің құрылысы.Маус.Баспа құрылғылары. Сыртқы жад. Компакт дискілер. Сканер |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме |
Информатика 7 сынып, электронды оқулық | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаттар |
оқушыларға компьютердің қосымша құрылғылары мен қызметін таныстыру; теориялық білімді өз бетінше алуға, қарапайым бақылаулар жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға қағдыландыру. |
||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту нәтижесі |
Оқушылардың
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар
|
1-тапсырма: Компьютердің негізгі құрылғыларының атқаратын қызметі — құрылғының атын тауып, анықтама беру 2-тапсырма: Топтық тасырма: Маус.Баспа құрылғылары. Сыртқы жад. Компакт дискілер. Сканер — постер қорғау 3-тапсырма: "Қатені анықта" —сөйлемдегі қателерді анықтап, қалпына келтір |
4-тапсырма: "Сен білесің бе?" тест тапсырмасы 5-тапсырма: "Ақ тізім, қара тізім"-компьютердің пайдасы мен зиянына постер жасайды
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Жүру барысы: |
І. Ұйымдастыру
— оқушылардың сабаққа қатысын тексеру — психологиялық дайындық "Карусель"жаттығуы /оқушылар екі топқа бөлінеді. мынандай тапсырма беріледі: 2 топ бірінің ішіне бірі шеңбер жасап тұрады да, ішкі шеңбер қозғалмайды да сыртқы топ сағат тілімен бағыттас айналады. Мысалы: бір-біріне қарама қарсы келгені бір біріне қарап мадақтау немесе жағымды сөз айтады./ — бағалау бетшесі үлестіріледі
20-18 ұпай — "5" 17-12 ұпай — "4" 11-6 ұпай — "3" 5-тен төмен —"2" ІІ. Білім — "Ойлан, тап"
/Шығармашылық тапсырма оқытылады/ — "Жасырын сөзді тап" ІV. Түсіну — әр топқа тақырып беріледі, топ тақырыпты постер арқылы қорғайды Тышқан – ақапартты енгізу манипуляторы. Ол алақанға ыңғайлы және кілемше бетінде еркін жылжитын арнайы құрылғы. Тышқанның екі түрі болады: екі батырмалы және үш батырмалы. Принтер – ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы. Ол дисплейге не шығарылса, соның бәрін қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді. Принтерге мәтіндік, кестелік, графикалық ақпараттарды шығаруға болады. Принтердің үш түрі болады: матрицалық, сия бүріккіш, және лазерлік. Сыртқы жад – компьютер өшірілген кезде де жазылған ақпаратты сақтайтын жад. Сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде негізгі ақпарат тасуыш болып табылады. Олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған. Магниттік дискілердің екі типі болады: иілгіш дискеттер және қатқыл диск. Терте – компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған рычагты манипулятор. Терте қорап пен басқарушы тұтқадан тұрады және тұтқада немесе корпусында орналасқан бір немесе бірнеше батырмалары болады. Компакт-дискіні лазерлік дискі деп те аталады. Оның көлемі өте үлкен, олардан тек оқуға болады. Компакт дискілерге басқа жаңа ақпараттар жазуға немесе ақпараттарды қайта жазуға болмайды. Сканер – қағаздағы кескінді түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге болады. Кескінді сканерлегеннен кейін, графикалық бағдарламаларда оларды өңдеуге болды.
V. Қолдану "Қатені анықта"
— Сөйлемдегі қателерді анықтап, қалпына келтір Қате сөйлем: Сканермен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін иілгіш дискетті, мәліметтерді тасымалдау үшін пернетақтаны қолданамын. Дұрысы: Пернетақтамен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін сканерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін принтерді, мәліметтерді тасымалдау үшін иілгіш дискетті қолданамын.
VI . Талдау «Сен білесің бе?»
VII. Жинақтау "Ақ тізім, қара тізім" /компьютердің пайдасы мен зиянына постер жасайды/
VIIІ. Бағалау
Рефлексия Стикерге "Бүгінгі сабақтан алған әсерлері , не үйрендің, сен үшін не ұнамады, тағы сабаққа не қосу керек деп ойлайсың?"
ІХ. Үйге тапсырма: 2 — тарауды қайталау |