Филология

Тұйық етістік

Қазақ  тілі, 6сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұйық етістік.

Мақсаты: Етістік,тұйық етістік туралы білімдерін пысықтап,тұйық етістіктің түрленуі мен

                 түрлену ерекшеліктері туралы түсінік беру;

Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын,өз бетінше зерттеп оқу, дәлелдеу дағдыларын,еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелеу: Ана тілін сүйе,қадірлей білуге баулу,адалдыққа,мейірімділікке,адамгершілік

                   қасиеттерге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Түрі: Дәстүрлі емес

Әдісі: Деңгейлік тапсырмалар

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,кестелер.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: амандасу,түгелдеу,даярлау

Үй тапсырмасы:

1.Көсемшенің жұрнақтарын ата.

2.Көсемшенің қай жұрнағы жіктелмейді?

3.Көсемшенің сөйлемдегі қызметін айтыңыз.

4.Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Сөйлемнен көсемшені тап.

5. «Сөйле» деген етістікті жікте.

Жаңа сабақ

І Қызығушылығын ояту

Ой қозғау

Көсемше               Есімше           Етіс

Рай                         Етістік               Шақ

Сабақты,салт         Болымды,болымсыз

ІІ Мағынаны тану

Сендер,балалар,заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік екенін білесіңдер.

Ал етістіктің ерекше түрі-тұйық етістік туралы мәлімет алу үшін тақтаға көз салайық.

1.Тұйық етістік-шақпен,жақпен байланысы болмай,қимылдың атауын ғана білдіретін етістіктің түрі.

2.Тұйық етістік –у жұрнағы арқылы жасалады:

Негізгі етістік                                           қара-у

Туынды етістік                                     ойна-у

Болымсыз етістік                                    алма-у

Етіс                                                          оқыт-у

Тұйық етістіктің  түрленуі

1.     Көптеледі: Жүгірулер, жарысулар,тексерулер

2.     Тәулденеді:      І Менің айтуым                Біздің айтуымыз

                                 ІІ Сенің айтуың                Сендердің айтуларың

                                 Сіздің айтуыңыз              Сіздердің айтуларыңыз

                                  ІІІ Оның айтуы                Олардың айтуы

3.     Септеледі:       А. Білу

                    І.   Білудің

                    Б.  Білуге

                    Т.  Білуді

                    Ж. Білуде

                    Ш. Білуден

                    К.  Білумен

Тұйық етістік жіктелмейді.

 

Тұйық етістіктің емлесі

Соңғы дыбысы и,й,к,қ,п,ы,,і болатын етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда,мынадай өзгерістер болады.

Емле                      Мысал

Й+у-Ю                   жай+у-жаю

И+у-ю                    жи+у-жию

К+у-гу                    төк+у-төгу

Қ+у-ғу                    жақ+у-жағу

Ы+у-у                    оқы+у-оқу

І+у-у                      жекі+у-жеку

Йы+у-ю                 байы+у-баю

Йі+у-ю                   кейі+у-кею

П+у-бу                   жап+у-жабу

Тұйық етістік әрі заттық,әрі қимылдық мағынада қолданылады.

 

Заттық мағына                           Қимылдық мағына

Көсеуді әперші                           Отты көсеу керек

Сабаумен жүн сабайды             Малды сабауға болмайды

Жасау-қызға жиналған               Нағыз домбыраны шебер жасау керек.

 Дүние-мүлік

Оюдың түр-түрімен таныстық    Ұлттық нақышты ескере ою қажет.

 

Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар

 

І деңгей

 

274-жаттығу.Тұйық етістіктерді теріп жазып,түбірі мен қосымшасын ажырату.

 

ІІ деңгей

 

275-жаттығу Тұйық етістіктің астын сызып,сұрақ қойыңдар.( Жазбаша)

276-жаттығу Мәтіннен тұйық етістікті табамыз.Зат есім болатын тұйық етістікке мысал келтіріңдер. (Ауызша орындау)

 

ІІІ деңгей

 

277-жаттығу Тұйық етістіктің қандай мағынада ( заттық немесе қимылдық) жұмсалып тұрғанын көрсетіңдер)

 

ІV деңгей

 

279-жаттығу. Қыранның ұшу мәнеріне тән атаулар мен сөз тіркестерін естеріңде сақтаңдар және оларды мүмкіндігенше пайдалана отырып, «Қыран құсты қастерлеген халықпыз» тақырыбында шағын әңгіме жазыңдар.

 

                      Қорытындылау

Үйге:278- жаттығу

Бағалау

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.