Атырау облысы Махамбет ауданы жалғансай орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досқалиева Ағис Хайроллақызы
Мұғалімнің аты-жөні |
Пәні |
Сабақтың тақырыбы |
Сыныбы |
Күні |
|
Досқалиева А.Х. |
Қазақ тілі |
Күрделі сөзден өткенді қайталау. |
6-сынып |
24.10.2012 |
|
Сілтеме |
Қ.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова Қазақ тілі 6-сынып Алматы. Атамұра |
|
|||
Жалпы мақсаттар |
Күрделі сөздердің түрлерінен алған білімдерін кеңейте отырып, шығармашылығын арттыру. |
|
|||
Оқыту нәтижелері |
Күрделі сөздердің түрлерін мәтінде шатастырмай таба білуге үйрету, оқушыларды еркін сөйлеуге, ойын ашық айта білуге бағыттау. |
|
|||
Негізгі идеялар |
Өз ойын жеткізуде күрделі сөздерді орынды қолдана білу, тапсырмаларды жүйелі орындату. |
|
|||
Тапсырма |
Тест |
|
|||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесіп,сынып оқушыларын түгендеу б) Оқушыларды топқа бөлу. в) Бағалау парағын тарату. 2. Өтілген тақырыптар бойынша күрделі сөздерді топтастыру арқылы постер қорғау. Оқулықтан жаттығу жұмыстарын орындау. 1-топ. 108-жаттығу. Мәтінді оқып шығып,күрделі сөздерді теріп жазыңдар. 2-топ. 109-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, құрамындағы күрделі сөздерді түріне қарай ажыратыңдар. Семантикалық картамен жұмыс. Шығармашылық тапсырма: Күз мезгіліне байланысты оқушылар өз бейімділіктеріне қарай шығарма, сурет немесе өлең шумақтарын дайындау. Тест. |
2 мин.
10 мин.
10 мин.
3 мин. 12 мин.
5 мин. |
||||
Бағалау көрсеткіші. 1.Өтілген тақырыптар бойынша бағалау. 2. Жаттығу жұмыстары бойынша бағалау. 3. Семантикалық картамен жұмыс. 4. Шығармашылық жұмыс. 5. Тест. Бағалау өлшемдеріне қарай отырып, топ жетекшісінің оқушыларды бағалауы. |
3 мин. |
||||
Үйге тапсырма. 111-жаттығу. Төмендегі қысқарған сөздердің толық мәнін біліп, есте сақтаңдар және қысқарған түріне қосымша жалғап,сөйлем құраңдар. |
|
||||
Дереккөздер мен жабдықтар: Қ.Исаев «Қазақ тілі» |
|
||||
Кейінгі тапсырмалар немесе портфолио деректері |
Оқушылардың орындаған шығармашылық жұмыстары. Салған суреттері. |
|