Қазақ тілі

Қос сөздер олардың түрлері

Атырау облысы Махамбет ауданы
Жалғансай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Досқалиева Ағис Хайроллақызы

Мұғалімнің атыжөні Пәні Сабақтың тақырыбы Сыныбы Күні
Досқалиева Ағис Қазақ тілі Қос сөздер олардың түрлері

6а-сыныбы

15.10.2012ж.

Сілтеме

С.Исаев, К.Назарғалиева,Ж.Дәулетбекова,

Қазақ тілі 6а-сыныбы

Жалпы мақсаттар

Қос сөздер олардың түрлері: Қайталама, қосарлама қос сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру, өз беттерімен бірлесіп жұмыс істеуді қалыптастыру.
Оқу нәтижелері Қос сөздердің жасалу жолдарын меңгереді, бір-бірінен ажырата алады.
Негізгі идеялар Қос сөздерден алған білімдерін жаттығу жұмыстарында дәлелдей алады.
Тапсырма
  1. Қызығушылықты

Жұмбақ шешу. Жұмбақ шешу арқылы сабақтың ұранын шығару.

  1. «Жаң сабақ ой шақыру»

«Жаңа сабақтың құпиясы»- жасырынған әріптер

  1. Қос сөздердің айтылуы бойынша ереже шығару.
  1. Құрамында қос сөздері мақал-мәтел айту.

  2. Жаттығу жұмысын орындау.

  3. Тапсырма

Еркін жазу.

  1. Венн сызбасын толтыру.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық
 
  1. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында төменде берілгендей жұмбақ шешуді ұсындым.

Үлкен алтын табақтан Әлемге нұрын таратқан

Бұл жұмбақтың шешуін не деп ойлайсыңдар? -Бұл жұмбақтың шешуі-Күн -Күннен адамға қандай қасиеттерді алуға болады? -Мейірімділік, жылылық, әлемге ортақ, шуағы мол.

 

Ендеше бүгінгі сабағымыздың ұранын хормен айтайық:

Хормен: Бола білсең күндей бол,

Жұрттың бәрін бірдей көр.

Мейіріміңді аямай,

Жылуыңды бөліп бер.

 

Суреттерді құрастыру арқылы оқушыларды екі топқа бөлдім.

 

Үй тапсырмасын сұрау.

 

Жаңа сабақ. «Ой шақыру»

 

«Жаңа сабақтың құпиясы»

 

«Жасырынған әріптер»

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойсаң өлеңнен үзінді оқи аласыз.

Ат,айғырлар, биелер

Шалғыннан жүні жылтылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап,

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап.

-Бұл қай ақынның өлеңі?

-Қазақтың бас ақыны, кемеңгер.

-Абай атамыздың өлеңі.

-Өлеңде күрделі сөздердің қай түрлері бар?

-Қос сөздер.

-Олай болса, бүгінгі сабағымыз күрделі сөздердің бірі-қос сөздермен және олардың түрлері, жасалу жолдарымен танысамыз.

 

Топпен жұмыс.

 

Слайдтағы қос сөздерді оқып, сол сөздердің айтылуы бойынша ереже шығару.

 

  1. Әке-шеше, аға -іні, туған- туыс.

  2. Жылы-жылы, сөйлей-сөйлей, қилы-қилы.

  3. Ап-анық, жап-жасыл, әп-әдемі.

  4. Өте-мөте, мө-мө, у-шу.

 

Құрамында қос сөздері бар мақал-мәтелдер айту.

Жаттығу жұмысын орындау.

Сергіту сәті.

Еркін жазу тапсырмасында әр топ қос сөздерді қатыстырып отырып, жұмыс жүргізеді.

І топ: Бір шумақ өлең немесе шығарма.

ІІ топ: Ой толғау, Бес жолды өлең.

 

Сабақты қорытындылау мақсатында венн сызбасын толтыру.

Бағалау.

Оқушы төмендегі бағалау өлшемдері арқылы, қатысқын тапсырмалар тұстарына белгі қойып, өзін-өзі бағалайды.

 

 

 

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні______________________________________________________

 

Р/с

Бағаланудың түрлері

Ұпай

Белгі

1

Үй тапсырмасын орындау

5

 

2

Жаңа сабақты меңгеруге берілген тапсырмалардың орындалуы

8

 

3

Жаттығу жұмыстарының орындалуы

5

 

4

Жаңа сабақты меңгеру

10

 

5

Қосымша тапсырмалар

7

 

30-35 -5

25-29 -4

20-24 -3

19 төмен -2

 

Үйге тапсырма

 

5-жаттығу, 71-бет. Қос сөздерді оқу.

 

Сабақты жақсы көңіл күйде аяқтау мақсатында оқушылар жүрекше стикерге жазылған жылы тілектерін айтып, бір-біріне ұсынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.