Без рубрики

Қыстың сиқырлы сұлулығы

Ақтөбе қаласы.
№ 41 «Назерке» мектепке дейінгі ұйымның

тәрбиешісі Кистаубаева Даметкен

Сабақтың тақырыбы: «Қыстың сиқырлы сұлулығы»

Сабақтың мақсаты:

Жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту саласында бейнелеу өнерін ұштастыра отырып, сұлулыққа тәрбиелеу. Айналаны

қоршаған ортаны бақылау арқылы қыс мезгілінің көз тоймас қызықтарын табиғаттың әсемділігін көріп қана қоймай тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарау сияқты адамгершілік дағдыларын қалыптастыру. Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктерін сүйе білуге, қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілінің ерекшелігін айтуға көргендерін мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

 

Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, қыс ойындары туралы суреттер арқылы

әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қыс қызықтары суреттері.

 

Сабақтың өту барысы;

1.Келген қонақтармен амандасайық. Енді назарларыңды маған аударыңдар.

Қазір мен сендерге жұмбақ-өлең айтудан бастаймын.

Аяз қысып,өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,бет домбығып,

Сырғанап балалар ойнайды.

Кейде ұлып,кейде ысқырып,

Ұйытқып боран соғады.

Бөбектерім ,айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады.?

(Қыста)

II.Тәрбиеші: Қыс белгілерін атаңдаршы?

Балалар:Аяз, суық, ызғар, боран болады.

III.Тәрбиеші:Жұмбақтар шешу.

1)Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тонады.

( Қар)

Қарды неге ұқсатуға болады?Түсі қандай?

Балалар: Қанттай, сүттей, күмістей жылтыр, айранға аққағазға т.б

2)Суға батпайды, отқа жанбайды.(мұз)

3)Ақсақалды атаны-ай,

Мінезінің шатағы-ай.(Қыс)

Тәрбиеші:Ал,балалар сендер жұмбақ білесің дер ме?

Рита:Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен мұрыны

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші сен осы (Аққала)

Темірлан: Шанамен зырғып, желдетіп,

Шаңғы,коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың (Қыс)

Альбина:Жалтырайды сайда,

Сынбайтын айна. (Мұз айдыны)

Ильяс: Табаныма байладым,

Қос аяқпен айдадым (шаңғы)

Нұрдәулет:Кіп-кішкентай темір тұлға арғымақ,

Мінер соған мұз үстінде әркім-ақ (Коньки)

Тәрбиеші:Балалар осы жұмбақтарымыздың көбісінің шешуі не екен?

Балалар:Қыста ойнайтын құралдар туралы. Аққала ,шана, шаңғы, коньки,

хоккей.

Дидактикалық ойын: «Аққалаға не жетіспейді?»

IV.Енді балалар, сурет бойынша әңгіме құрастырып , ат қоямыз. «Қар адам»

Тәрбиеші:Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Жылдың қай мезгілі?

-Балаларға ат қойғызу.

-Ағаштар не жамылған?

-Күн суық екенін қайдан білдің ?

-Балалар жылы киімдер киген.

V.Дамытушылық ойын: «Суретшінің қатесін тап, көмектес»

«Шаңғышы бала не ұмытты?»

VI.Суретпен жұмыс «Қар қамалы»

-Балалар далаға шығып нені көрді?

-Қалың қар жауғанын көріп қуанды.

-Олар қардан не жасады?

-Қалған балалар не істеді?

-Шанамен сырғанады.

 

Тәрбиеші: Балалар ақын жазушы ағаларымыздың қысқа арналған қандай тақпақтарын білесіңдер?

Рита. Абай Құнанбаевтың «Қыс» тақпағын айтамын.

Ақ киімді денелі ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы ақ қырау , түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Дем алысы-үскірік , аяз бен қар.

Кәрі құлаң- қыс келіп әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Ильяс: Бұтаға жабу кидірген,

Боранға қарын үйдірген

Қыздың бетін қызартқан,

Мұздың бетін ұзартқан.

Қызыл шұнақ қатал қыс.

Нұрдәулет: Қар жауды жаплақтап,

Далаға орманға.

Қолымды шапалақтап,

Қызықтым жауған қарға.

Темірлан: Нұрсұлтан Әлімқұлов

Аяз келіп қаһарлы ,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

Жерге көрпе салынды,

Қаймақтанды су беті.

Терезеге салынды,

Талай гүлдің суреті.

Альбина: Өлеңді жазған Сейтқұл Оспанов «Ақ қыс»

Қар жатыр аппақ,ойнауға жақсы –ақ.

Осындай шақта, кім үйде жатпақ?

Әп-айбат қана, жасадым шана,

Жеп –жеңіл шанам,отырып алам.

Томирис: « Ақ қыс»

Аппақ қыстың бояуы,

Аппақ қыстың бораны.

Ақ көрпеге орайды,

Ақ қар байтақ даланы.

Суық та аздап болады,

Туған жердің ақ қысы,

Ақ құшағын жаяды.

Сергіту сәті: Аппақ,аппақ дала,

Аппақ ауыл қала,

Жапалақтап ақша қар,

жауға берсін жауа.

Тәрбиеші: Ал, енді кім маған жыл қайыруды айтып береді?

Ерасыл:Тышқан жылы-тыңғылықты жыл басы,

Сиыр жылы- сапалақтың жалғасы.

Барыс жылы-береке,ырыс тасқыны,

Ұлу жылы-ұйымшылық үлгісі

Жылан жылы- жаңашылық белгісі.

Жылқы жылы-жақсылықтың жеңісі,

Қой жылы- құт қайырымды еңбек жемісі.

Мешін жылы-молшылықтың мәресі,

Тауық жылы-тоқшылықтың төресі,

Ит жылы-игі,игерілге жұмыстар,

Доңыз жылы –дәулет,сәулет құрылыстар.

 

Суретпен жұмыс: «Құстарға қамқорлық»

-Мына суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Балаларды.

-Балалар не істеп жатыр?

-Құстарға жем беріп жатыр.

-Қанаттың қолында не бар деп ойлайсың?

-Қанаттың қолында газетке оралған жем бар.

-Балалар осы қыстайтын құстар туралы кім мақал-мәтел біледі?

Ерасыл:Қыста құсқа қамқорлық жасасаң,

Жазда жақсылығыңды өтеп берер.

Ырым сөздер:

Қарға қарқылдаса, қар жауады.

 

 

 

 

Арман: «Суық торғай»

Қылшылдаған қыс мұнау,

Әбігерге түстің –ау.

Торғай,торғай, тоңдың ба?

Тұра алмайсың орныңда.

Гауһар:Қарға, қарға,қарғалар.Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қор болар.Бұтаға келіп қорғалар.

Жаңылтпаш кім біледі?

Томирис:Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп,ісіп кетті.

Киген тон, оңды тон,өңді тон.

Рита:Тасқа қара ала қарға қонды,

Қара ала қарға талға қонды,

Қар аппақ, дала аппақ, Бәрі аппақ,қорап бақ.

Арман:Қыста қырға қонба,

Жазда сайға қонба.

Ескендір:Аппақ, аппақ, бәрі аппақ,

Ақ қар аппақ, бәрі аппақ,

Ақ сүт, айран, қантта аппақ,

Тағы нелер аппақ?

Енді балалар,біз осы қыс мезгіліне байланысты балауызбен ,яғни май шам арқылы сиқырлы суреттерді бейнелейміз және «Суретшіге көмектесейік,не жетіспейді?» тақырыбына байланысты триздік әдіспен.

Салынған суретерді анықтап қарау, жақсы салған жұмыстарды мадақтап қарау.

Тәрбиеші: Өтірік өлеңді оқиды.

1.Жыртып мұзды бір қабат,

Егін ектім тырмалап,

Мұз үстінде шілдед,

Тептім жаздай сырғанақ.

2.Мүйізінде тайлақтың,

Ойнап жүріп тай бақтым,

Қазанымды қайнаттым.

Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

«Қыс қызығы» сабағымыз осымен аяқталды.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.