§ 16 Ми діңінің құрылысы.Мишық
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№13 жалпы орта білім беретін мектептің
І санатты биология пәні мұғалімі
Таугистауова Зинаида Саламатқызы
|
|
8 сынып |
Биология |
|
Сабақтың атауы |
§ 16 Ми діңінің құрылысы.Мишық |
|
|
Сілтеме |
Интернет материалдары, флешь анимациялар |
|
|
Жалпы мақсаттары |
Ми діңінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру. Адам миының үш бөлімнен тұратындығын,олардың бір-бірінен құрылысы мен қызметінің ерекшеліктерін ажырата білу |
|
|
Оқыту нәтижесі |
Түрлендірілген тапсырмаларды топпен,жұппен орындау арқылы бір –біріне көмектесе білу арқылы өз білімдерін тұрақты дамытуға қол жеткізу |
|
|
Негізгі идеялар |
Ми діңінің құрылысы,үлкен ми сыңарлары,аралық ми,ортаңғы ми,сопақша ми,мишық,көпір. |
|
|
Тапсырмалар |
1.Үй тапсырмасы: Жеке тапсырма. а Берілген сөйлемді аяқта б Кесте толтыру. Оқулықтағы 50 бет. Қызығушылықты ояту. 1.Эвристикалық сұрақтар Мағынаны тану. Топпен жұмыс. Ойлан,талқыла. Ой толғаныс. 1 жұмыс .Талдау бөлімі: Топпен жұмыс Ми бөліктерінің құрылысы және қызметі кесте толтыру. 2-жұмыс: (І-ҮІ) сұрақтарға ( 1-6) жауапты таңдап алып,сәйкестендіріңіз. |
3-жұмыс: Сәйкестік тесті: Мұнда бірінші бағанада сұрақтар,екінші бағанада жауаптар беріледі. Жауаптарын дұрыстығына орай сәйкес тауып жазыңыз. 4 жұмыс “Кім жылдам” /сұраққа жауап/ 5-жұмыс аТест сұрақтары. в Сөйлемді жалғастыр Жұппен жұмыс Көршіңе көмектес
|
|
Кезекті оқу |
Тақырыпты оқу 1– 4 сұрақтарға талдау жасау 5 – 8 сұрақтарға жауап беру 5 сұрақтан тұратын сауалнама сұрақтарын дайындап келу. Топтық жұмыс: Қазақстандағы миды зерттеу орталықтары туралы материалдар іздеу.Интернет,мерзімдік баспасөз материалдарын пайдалану |
|
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеттері |
Оқушының іс-әрекеттері |
||||||
|
1 мин
5 мин
20 мин
14 мин
1 мин
1 мин
1мин
1 мин
|
Сабақтың жүрісі: 1.Ұйымдастыру бөлімі а Сынып оқушыларын түгендеу бСынып оқушыларын санау арқылы топқа бөлу 2. Үй тапсырмасының меңгерілуін тексеру а Берілген сөйлемді аяқта. 1.Ағза қызметінің реттелу жолдарын………жүйке жүйесі басқарады.. 2.Ағзаның сыртқы ортамен байланысы……жүйке жүйесі арқылы іске асырылады.. 3.Әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа тарайтын жұлын жүйкелері…….31 жұп 4.Жұлынның қызметі…………….өткізгіш же рефлекстік… 5.Жүйке ұлпасының негізгі клеткалары…….нейрон.. 6.Жүйке дегеніміз……..ми мен жұлыннан шығатын жүйке жасушаларының ұзын өсінділерінің шоғыры 7.Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі……………рефлекстік және өткізгіштік 8.Қимыл нейрондары арқылы импульстер қайда өтеді……………жұлын 9.Қозуды орталық жүйке жүйесінен қызмет мүшесіне жеткізетін жүйке талшығы………афферентік 10.Қызметіне қарай жүйке жүйесінің бөлінуі………….өткізгіштік және рефлекстік 11.Қимыл қозғалыс талшықтары орналасқан………….алдыңғы тамыршалар 12. Артқы тамыршада орналасқан талшықтар…………сезімтал 13.Жұлын жарақатының салдары қандай………………..сал болу, рефлексті сезінбеу 3. Жаңа тақырыпты меңгеру: Рефлексия: Білетінім, Білгім келеді? Жоспары: аӨткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру.Қызығушылықты ояту. Жұлынның қызметін қай мүше реттеп отырады? Жұлын қай мүшемен жалғасып жатыр? 1. Атақты адамдардың ми салмақтары 2.Эвристикалық сұрақ: Адамның миының салмақтылығына қарап,адамды ақылды санауға бола ма? 3.Адам миының зерттелу тарихы 4.Бағыттау. Мұғалімнің бастама ұғымдарды беруі Мидың құрылысы туралы ақпарат беру. 5. Мағынаны тану. Топтық жұмыс Сілтеме материалдарды қосымшаға пайдалану. Ресурстар: Ойлан,жұптас,талқыла. Совет фантаст-жазушы Александр Беляевтың өткен ғасырда жазған ғажайып «Профессор Доуэльдәі басы» деп аталатын шығармасы бар. Ол шығармада Ұлы профессор-нейрохирург Доуэль өзінің өлімінен кейін тірі болған .Физикалық тұрғыдан болмасада,оның басы денені күрделі операция жасау арқылы денесінен бөліп алынып,түрлі түтіктер арқылы басты оттегімен және түрлі қоректік негізі бар сұйықтық заттармен қамтамасыз етіп, бастың физикалық тұрғыдан ғана емес, сергектік,ұйқы,көңіл-күйдің де сақталғанын байқаған. Осы әрекет қазір мүмкін бе? Неліктен адам миын «өте тереңде жатқан жұмбақ» деп атайды. -Мүмкін адам миы әлі толық зерттеліп болмағандықтан болар. -Ендеше осы сыры ашылмаған миды зерттеуді алдағы уақытта сіздердің араларыңыздан шыққан нейрохирургтар, физиологтар,дәрігерлер зерттеп білетін болар. – Өмірде кездескен жағдайлардың ішінде мынадай да оқиғалар бар. Жұлыны зақымдалып, мүлде жұмыс жасамай қалған кезде де ол өмір сүруін және ойлау жұмысын жасай береді.Неге? Тақырыпты оқулықтағы материалдан меңгеру.Жигсо-2 әдісін пайдалану Топ болып берілген материалды игеріп,ішінен көшбасшы сарапшылар тобына барып берілген ми бөлігі туралы тапсырмалар мен сұрақтарын алып топ болып жауап береді. 5.Ой толғаныс. Іздену жұмысы: Оқушылардың үйден дайындап келген миды зерттеу туралы қосымша ақпараттарымен бөліседі
6. Жаңа сабақты бекіту. Жеке жұмыс. аҚай жауап дұрыс 1. Ересек адамның миының орташа салмағы:
2. Адам миы қандай бөліктерден тұрады:
3.Сопақша ми қай мимен жалғасады:
4. Жарық пен дыбысқа жылдам реакция көрсететін ми:
б.Талдау бөлімі: Топпен жұмыс Ми бөліктерінің құрылысы және қызметі
в Сөйлемді жалғастыр Жұппен жұмыс Көршіңе көмектес
ми діңі,мишық,үлкен ми сыңарынан тұрады.
Қара да есіңе сақта 2-жұмыс: (І-ҮІ)сұрақтарға ( 1-6) жауапты таңдап алып,сәйкестендіріңіз: І. Ми қайда орналасқан? ІІ . Орташа салмағы қанша? ІІІ .Қанша жасқа дейін өседі? ІҮ. Ми қандай бөліктерден тұрады? Ү. Ми қарыншалары дегеніміз не? Олар нешеу?
3. Ми қарыншаларында болады, түссіз,құрамында қан жасушалары мен ақуыз болады.Бұл бұзылса ,ми қызметі бұзылады. 2. Ми бөліктері өзара қатынасатын қуыс,4. 3. 1300-1400гр. 4.Бассүйек қуысында орналасқан. 5 . 20 жасқа дейін өседі. 6. 5 бөліктен тұрады- үлкен ми сыңарлары, аралық ми,ортаңғы ми,мишық,сопақша ми. Жауабы: І- 4 ,ІІ- 3 ,ІІІ-5 ,ІҮ-6 ,Ү-2 ,ҮІ-1 . 3-жұмыс: Сәйкестік тесті: Мұнда бірінші бағанада сұрақтар,екінші бағанада жауаптар беріледі. Жауаптарын дұрыстығына орай сәйкес тауып жазыңыз. І. Адам миының ең жақсы дамыған бөлігі: 1.Сопақша ми ІІ.Тепе-теңдік қызметін реттеуші ми: 2.Аралық ми ІІІ.Бағдарлау рефлексі қай ми бөлігі арқылы өтеді? 3. Үлкен ми сыңарлары ІҮ.Қозғалтқыш рефлексі мидың қай бөлігіне байланысты? 4 .Мишық Ү.Ішкі жүйке жүйелер қызметін реттейтін ми. 5.Ортаңғы ми Жауабы: І- 3 ,ІІ- 4 ,ІІІ- 5 , ІҮ – 2 , Ү- 1 . 4 жұмыс “Кім жылдам” /сұраққа жауап/ 1.Адамның қимыл -әрекетін реттейтін ми бөлімі: Мишық 2.Сопақша ми,ми көпірі, ортаңғы ми нені түзеді? қозуды өткізу тізбегін 3.Бұлшық еттің жиырылуын,ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін ми бөлігі?аралық ми 4.Мидың қабықшалары:қатты,торлы,қан тамырлы 5.Ми бағанасы мен ми сыңарларының астыңғы бөлігі ми табаны 6. Мидағы қарынша саны 4 7.Ми сұйықтығы қалай аталады? ликвор Тест сұрақтары: 1.Адам миының ең жақсы дамыған бөлігі: А) мишық б)үлкен ми сыңарлары в)сопақша ми 2) Ми қабықшасы қандай ретпен орналасады: а)торлы,қатты,қан тамырлы б)қатты ,торлы, қан тамырлы 3) Ми бағанасы неден тұрады? а) сопақша ми,мишық,ортаңғы ми,аралық ми б) ми көпірі,ортаңғы ми,аралық ми,сопақша ми 4) Ми көпірі мен мишық қай мида болады? а)аралық ми б)ортаңғы ми в)артқы ми
Ү.Қолдану бөлімі /психологиялық жаттығу орындау
Есіңе сақта: Балалар жас кезімізден терең білім алып сергек болу үшін жүйке жүйесін қорғаудың қандай ережесін білу керек? Кластер құру Қажетті сөзді теріп жаз -жақсы көңіл –күй өмірді ұзартады. -таза ауада жүруді дағдыға айналдыр -жүйкені қорғайтын ең жақсы нәрсе –ұйқы -қажетсіз ақпарат жүйкенің жауы /қатты шу, даңғаза музыка / -жүйкені қорғайтын ең сенімді жол – имандылық ,жүйкенің досы –сабыр.
7Кері байланыс: Рефлексия 3 бөлімін толтырады Оқушының аты –жөні______________________________________
8Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу 1– 4 сұрақтарға талдау жасау 5 – 8 сұрақтарға жауап беру 5 сұрақтан тұратын сауалнама сұрақтарын дайындап келу. Топтық жұмыс: Қазақстандағы миды зерттеу орталықтары туралы материалдар іздеу.Интернет,мерзімдік баспасөз материалдарын пайдалану
9Бағалау. Алынған ұпайларын критерийге сәйкес бағаға айналдыру
|
Оқушылар жинақталады
1234 сандарына сәйкес келгендер сол топқа бөлінеді
Сөйлемді аяқтайды
1,2 бөлімдерін толтырады.
Сұраққа жауап береді Жауабы: Ми
Сын тұрғысынан ойлайды
Бастапқы ақпаратты алады
Сын тұрғысынан ойлайды, өзара топ арасында талқылайды тұжырым шығарады
Топ бірігіп тақырыпты талқылайды, сарапшылар сұрақ қояды.
Оқушылар үйден миды зерттеу туралы хабарламаға дайындалып келеді
Әр оқушы жеке жұмыс жасайды
Ми құрылысымен қызметін топпен бірігіп талдайды
Жұппен бірігіп жұмыс жасайды көшбасшылар топтағы әлсіз оқушыларға көмектеседі
Суретке қарап есіне сақтайды
Естеріне сақтағандары бойынша сәйкестердірудің дұрыс жауабын орнына тауып орналастырады
Сәйкес келетін жауаптарды табады. Топ басшылары бағалайды
Сұрақтарға жауап береді, топ бірігіп орындайды
Психологиялық жаттығу орындады.
Жүйке жүйесін қалай қорғаймыз постер құрады
ББҮ кестесінің 3 бөлімін толтырады
Үйден қосымша материалдарға ізденеді Топ мүшелерін топ басшылары бағалайды, ал топ басшыларының ұпайын топ басшылары бір-бірін бағалайды, бәрін біріктіріп мұғалім бағалайды.
|
