§15. Жүйке жүйесінің бөлімдері
Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласы
№13 жалпы орта білім беретін мектептің І санатты
биология пәні мұғалімі
Таугистауова Зинаида Саламатқызы
|
2-апта |
4-күн |
2-сабақ |
|
Сабақтың атауы |
8 «г» сыныбы Биология §15. Жүйке жүйесінің бөлімдері |
|
|
Сілтеме |
Жұлынның құрылысының суреті,жүйке жүйесінің құрылысының жалпы сызбанұсқасы,кестелер, презентация |
|
|
Жалпы мақсатары |
Жүйке жүйесінің бөлімдерімен таныстыру,жұлынның құрылысы мен қызметі туралы білім беру
|
|
|
Оқыту нәтижесі |
Жұлынның құрылысы мен қызметін толықтай біледі, топтық жұмыста өзін көрсете біледі,жеке және жұппен жұмыс жасауға қалыптасады. |
|
|
Негізгі идеялар |
Жұлынның құрылысы,ақ зат,сұр зат,жүйкелер,жұлынның қызметі.жұлынның зақымдануы. |
|
|
Тапсырмалар |
Жаңа тақырыпты меңгеруге арналған тапсырмалар. 1. Топпен жұмыс 1-топқа тапсырма. Оқулықтағы материалды пайдаланып,жүйке жүйесінің бөлімдеріне сипаттама беру. 2-топқа тапсырма. Оқулықтағы материалды пайдаланып,жұлынның құрылысына сипаттама беру 3-топқа тапсырма беру. Оқулықтағы материалды пайдаланып, жұлының қызметіне сипаттама беру 4-топқа тапсырма. Жұлында өтетін құбылысты рольдік ойынмен көрсету.
|
Тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар 1.Нейронның қызметі туралы кесте толтыру.Сәйкес жауаптарды жазу. 2.Сын тұрғысынан ойлау.Топтық жұмыс. Толық жауап 1 ұпай Ойланып жауап беріңдер Жұлынның артқы тамыршалары зақымданғанда адам өзін қалай сезінеді? Алдыңғы тамыршалары зақымданса ше? Жұлынның жарақатының салдары қандай? Егер адам қарақұс бөлігіндегі жұлыннын зақымдаса не болуы мүмкін?
|
|
Кезекті оқу |
Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау
|
|
|
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||||||||||||||
|
1 мин
10 мин
10 мин
10 мин
1 мин
1 мин
5 мин
4 мин
1 мин
1 мин
1 мин |
1. Ұйымдастыру а Сынып оқушыларын түгендеу,белгілеу бКөңіл күйлерін смайликтер арқылы анықтау вБағалау критерийімен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Жеке жұмыс.
Ι.Қызығушылықты ояту . Ой шақыру. а Жаңа сөздерді еске түсіріп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Әр сөз 1 ұпай. бЕнді осы жазған сөздеріңізге анықтама беріңіздер.Әр жауапқа 1 ұпай 1Нейрон – жүйке жасушасы 2Аксон – нейронның ұзын өсіндісі 3Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі 4Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары 5 Сұр заты – нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды 6Ақ зат – май қабығымен қапталған ұзын өсінділер 7Сезімтал нейрондар – орталыққа тепкіш 8Қимыл – қозғалыс нейрондар-орталықтан тепкіш 9Аралық нейорндар – өткізгіш 10Синапс – нейронның бұлшықет талшығымен түйісуі 11Медиатор – химиялық зат 12Биоэлектрлік ток – жүйке талшықтары бойынша 0,5-120 мс-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері 13Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы 14Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол 15Тізе рефлексі – ең қарапайым рефлекс Барлығы: 15*3= 30ұпай
ΙΙ.Мағынаны тану 2Жаңа тақырыпты меңгеру: Жақсы меңгерген топқа 10 ұпайдан Жоспары аСыныпты топқа бөлу. Барлық оқушыға мозайка бөліктерін үлестіріп, сәйкестерін табу арқылы топқа бөліну. б « Ой ашар » вӨздіктерінен тақырыпты меңгеру. Диалогпен оқыту. 1-топқа тапсырма. Оқулықтағы материалды пайдаланып,жүйке жүйесінің бөлімдеріне сипаттама беру. 2-топқа тапсырма. Оқулықтағы материалды пайдаланып,жұлынның құрылысына сипаттама беру 3-топқа тапсырма беру. Оқулықтағы материалды пайдаланып, жұлының қызметіне сипаттама беру 4-топқа тапсырма. Жұлында өтетін құбылысты рольдік ойынмен көрсету. гКері байланыс.Мұғалімге сұрақтары.Тақырыпты нақтылау. Слайдтағы материалдарды қолданып,көз жеткізу. Тренинг «Өзінді және басқаларды тану» 1. «Бағалайтын қолшатыр» –Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына көршіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз.Неше сым сонша сөз болу керек.
3 Тақырыпты бекіту. 1-тапсырма. Дәптерлеріне кесте толтыру. Әр жауап 1 ұпайдан Барлығы: 4-ұпай Сәйкестігін анықтаңдар.
Сәйкес жауаптарды жазыңдар:
Видеоролик көрсету. «Жұлынның зақымдану салдары.» 2-тапсырма Сын тұрғысынан ойлау.Топтық жұмыс. Толық жауап 1 ұпай Ойланып жауап беріңдер Жұлынның артқы тамыршалары зақымданғанда адам өзін қалай сезінеді? Алдыңғы тамыршалары зақымданса ше? Жұлынның жарақатының салдары қандай? Егер адам қарақұс бөлігіндегі жұлыннын зақымдаса не болуы мүмкін? 4. Үйге тапсырма : §15 оқу 50 беттегі кестені толтыру. Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау 5. Бағалау. Алған ұпайларын санау,критерийге сәкес мұғалімнің бағалауы. 6.Кері байланыс: Смайлиті таңдап алып,артына осы сабаққа деген оқушылардың пікірлері,ұсыныстарын жазулары керек.
|
Жинақталып сабаққа көңіл аудару.Смайликтерге өз көңілдерін көрсету
Әр қайысы жеке тапсырмаларды алдарындағы парақтардан орындайды
Оқушылар жауап береді. Берілген тапсырманың керек тұстарын әр оқушы дәптеріне қысқаша жауабын жазып алады. Әр оқушы тапсырманы өз бетінше ойланады және жазады. Келесі адам тексереді
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. Мозайка арқылы өз топтарын табады
Оқушылар топтасып өз ойларын жинақтап,пікірлерін білдіреді,өз деректеріне дәлелдер келтіреді Сілтеме деректерді пайдалана отырып, бойынша оқушылар топтасып бір- бірімен ой бөліседі, яғни топта талқылап, бір шешімге келеді, сол шешімдерін өзге топтарға дәлелдеп түсіндіреді Сарапшы оқушылардың жауап беруін қадағалайды. Ең жақсы сөйлеген ойыншыны бағалау парағына белгілеп қояды.
Қастарындағы көршілестері туралы ең жақсы пікірлерін білдіреді
Тапсырманы еркін әрі тез орындай алады
Оқушылар өз ойларын бүгінгі алған білімдерінен дәлелдер келтіре отырып толық айта алады
Интернет материалдарын пайдаланып дайындалу
Әр топ басшысы топ құрамын бағалау бетшесіне бағалайды. Оқушылар өз ұсыныстарын жазады, «Қара жәшікке» столдағы каропкаға салып кетеді. |
