Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Самал Ағытайқызы
Қазақ тілі, 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Мақсаты: Оқушылардың түбір мен қосымша тақырыбы бойынша білімдерін арттыру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Жаттығу жұмысы барысында дұрыс талдаулар жасай білуге, қызығушылықтарын,ойлау қабілеттерін арттыруға,қиялын дамытып,көркем жазуға дағыландыру;
Тәрбелеу: Сауаттылыққа,білімділікке,мейірімділікке,адамгершілікке баулу;
Сабақтың типі: Жаңа білім беру;
Түрі: Дәстүрлі емес
Әдісі: Деңгейлік тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, қазақ әдебиеті;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгелдеу, даярлау
Үй тапсырмасы:
1. Біріккен сөздер қалай жасалады ?
2. Қос сөздер қалай жасалады ?
3. Қысқарған сөздер қалай жасалады ?
4. Тіркескен сөздер қалай жасалады?
Жаңа сабақ:
І Қызығушылығын ояту
Ой қозғау
Құлақ (тан) кір(іп) бой(ды) ал(ар),
Жақсы ән (мен) тәтті күй
( Абай)
ІІ Мағынаны тану (Мұғалім түсіндіреді)
Сөз
Түбір Қосымша
Негізгі түбір: жол,сау; Жұрнақ Жалғау
Туынды түбір: жол+дас,сау+ын; Сөз тудырушы:қой+шы, 1.Көптік
Өнер+паз,тау+лы 2.Септік
Сөз түрлендіруші:үй+шік, 3.Тәуелдік
Сандық+ша,қала+шық ; 4.Жіктік
Түбірлес сөздер: Өн- өнім, өндіріс, өніс, өнгіш,өнімді т.б.
Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.49- жаттығу. Берілген сөздерден жұрнақ арқылы туынды сөздер жасап,дәптерлеріңе жазыңдар
Үлгі: Сый-лы
І топқа: Күз, қыс, көктем;
ІІ топқа: Сауық, от, темір;
ІІІ топқа: Тәрбие, бақыт, ағайын,жақ;
ІІ деңгей
1. 50-жаттығу. Оқып шығып,сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Қосымшалардың түрін ( жұрнақ па, жалғау ма?)
Үлгі: Ата-анадан: ата-ана қос сөз,-дан шығыс септігінің жалғауы.
І топқа: Есті, білгені;
ІІ топқа: Көргені, жақсыда;
ІІІ топқа: Білімді, адамға;
ІІІ деңгей
1.51-жаттығу. Берілген сөздерге қосымшалар жалғап,сөйлем құрап жазыңдар.
Үлгі: Өнерлі жігіт өрге озар.
І топқа: Ақыл, дала, бала;
ІІ топқа: Тату, үлгі, тәртіп;
ІІІ топқа: Таза,оқу;
ІV деңгей
1.53- жаттығу. «Түбір мен қосымша» тақырыбында шағын ертегі жазып,өз достарыңа оқып беріңдер.
Қорытындылау
54-жаттығу. Алған білімдеріңді қорыту үшін түбір сөзге 10 мысал, туынды сөзге 10 мысал жазыңдар немесе ойын ойнауға болады. Мысалы, бір оқушы бір сөздің түбірін айтады. Басқалары туынды сөз жасайды:ой,ойла,ойшыл т.б.
Бағалау
Үйге тапсырма : 52- жаттығу. Білімдіден шыққан сөз.