Без рубрики

Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің ІІ санатты Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тулегеновпа Венера Марленовна

.

Пәні

Өзінөзі тану

Мұғалім: Тулегеновпа Венера

Оқушылардың жасы 13-14 жас

1-апта

3- сабақ

Сілтеме 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал
Сабақ атауы

Аялай біл, сен деп соққан жүректі

Жалпы мақсаттар
  • Жаныңда жүрген жақын адамдарды (отбасы мүшелері, құрбы-құрдастар, достар) сыйлауға, құрметтеуге үйрету.

Оқыту нәтижелері
  • Адамдардың бір-біріне деген мейірім-шапағатының мән-мағынасын түсіндіру.

  • Жаныңда жүрген жақын адамдарға деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

  • Жаныңда жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу.
Негізгі идеялар

Адамдардың бір-біріне мейірім-шапағаты.

Жаныңдағы жақын адамдарды сезіне білу, оларды аялай білу. Әрбір қарым-қатынасты ізгі ниетке құрған жағдайда ауызбіршілік сақталып, жүректер үйлесімділік табатыны сөзсіз екенін ұғындыру.

 

 

 

Тапсырма

  1. «Ана махаббаты» мәтінін оқып, сұрақтар арқылы талдау.

  2. Жағдаяттарды шешіп, сұрақтарға жауап беру.

 

  1. Өзіңнің жақындарыңды қалай қуантар едің? Постер қорғау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Шаттық шеңбері.

Оқушылармен бірге үлкен шеңбер құрып, Ғ.Қайырбековтің «Ана туралы жырын» үнтаспаға қосылып айту.

(Екі түрлі гүлдің бейнесін құрасытру арқылы екі топқа бөлу, бірін-бірі бағалау арқылы бағалау)

 

 

2 мин

Әңгімелесу.

Оқушыларға «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар

арқылы тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үйрету мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар бірін-бірі тыңдау арқылы жаңа нәрсеге үйреніп, біліміне білім қосады.

 

7 мин

Оқу ақпараты

Балаларға әңгімелесу арқылы өз қорытындыларын жасаған соң,

оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аударуды ұсыну. Жаңа ақпараттағы мәтінге қарап, оқушы өз жауабын тереңірек қарастыруды ойластыруы керек.

 

 

2 мин

Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға «Ана махаббаты» мәтінін оқып, талдап сұрақтар арқылы өз ойларын ортаға салуды ұсыну.

 

8 мин

Жағдаяттарды талдау.

Оқушылардың айнала қоршаған ортаға, адамдарға түсіністікпен қарауға, өздерін өзгелердің орнына қоя білуге үйрету және жақындарына құрмет, жанашырлық сезімдерін туғызып қана қоймай оның бекуіне жағдай жасау мақсатында жағдаяттарды талдауды ұсыну.

 

 

5 мин

Дәйексөз

Балалардың сабақта меңгерген білім, біліктерін қорытындылап, түйіндеу мақсатында оқулықта Альферд Адлердің қанатты сөзін бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріп, талқылау.

 

 

2 мин

Тапсырма

Оқушыларды меңгерген құндылықтардың күнделікті өмірдегі

маңыздылығын түсініп, қолдана білуге үйрету мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі:

Өзіннің жақындарыңды қалай қуантар едің? Тізбектеп жазып, сол арқылы постер қорғау.

 

 

7 мин

Түйіндеме

Ата-ана жүрегінің дүпілін сезе біл, жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш сәулесін беймасаздығы мен әбігерленуін, қиналысы мен кейістігін көре біл. Ата-ананың көзінен оның жан-дүниесін көре білуге жастайыңнан үйрен деген В.А.Сухомлинскийдің өсиет сөздерін оқушыларға есте сақтап жүрулерін ескерту.

 

3 мин

Бағалау

Оқушыларға бағалау өлшемдері жазылған парақшалар үлестіріліп, бір-

бірлерін бағалауды ұсыну.

 

2 мин

Менің түйгенім

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін анықтау үшін «Менің түйгенім» тақырыбында парақша ұсынылады. Ол парақшада «Сабақ маған ұнады, себебі….», «Сабақ маған ұнамады, өйткені…», «Сабақтан не үйрендім…», «Сабақтан не үйренгім келеді…» деген сауалға оқушылар өз ойларын жазады.

 

5 мин

Жүректен жүрекке

Сабақты жақсы көңіл күймен аяқтау үшін ортаға үлкен шеңбер құрып, Қ.Қазыбековтің «Әке арм аны» атты әнін үнтаспаға қосылып орындау.

 

2 мин

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.