Без рубрики

Тамырын жайып тереңге

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің ІІ санатты Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

Тулегеновпа Венера Марленовна

 

 

Пәні

Өзінөзі тану

 

Мұғалім: Тулегеновпа Венера

 

Оқушылардың жасы 13-14 жас

1-апта

2 сабақ

Сілтеме 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал
Сабақ атауы

Тамырын жайып тереңге

Жалпы мақсаттар
  • Оқушыларға отбасы құндылықтары, ата-баба дәстүрі, ұрпақтар сабақтастығы туралы түсіндіру.

Оқыту нәтижелері
  • Отбасы құндылығы, отбасы бақыты, ұрпақтар сабақтастығы туралы білім беру.

  • Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту.

  • Өз туған үйлері мен отбастарын құрметтеуге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Негізгі идеялар Отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа,құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс екенін және отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негізделген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш, түсіністік орнайтынын ұғындыру.

 

 

 

Тапсырма

  1. «Ақылды егінші» мәтінін оқып, сұрақтар арқылы талдау.

 

  1. «Дос қандай болу керек?» тақырыбында постер қорғату.

  2. Өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер, олардың мағынасын ашып, дәптерге жазғызу.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Шаттық шеңбері.

Ортаға үлкен шеңбер құрып, амандасып,Б.Тәжібаетің «Ауылым-әнім» әнін үнтаспаға қосылып айту.

(Оқушыларды санау арқылы екі топқа бөлу)

 

 

2 мин

Әңгімелесу.

Оқушыларға «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар арқылы тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үйрету мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар бірін-бірі тыңдау арқылы жаңа нәрсеге үййреніп, біліміне білім қосады.

 

5 мин

Оқу ақпараты

Оқушыларға отбасындағы өзара қарым-қатынас сыйластыққа, құрметке, қайырымдылыққа құрылуы тиіс. Отбасының әрбір мүшесі бір-бірінің алдындағы парызы мен борышын, жауапкершіліктерін сүйіспеншілікке өзара сыйластық пен құрметке негіздеген жағдайда шаңырақта шаттық, қуаныш, түсіністік орнайды деген ұғымды есте сақтап жүру керектігін ұсыну.

 

 

 

2 мин

Мәтінмен жұмыс.

«Ойланайық, пікірлесейік» әдісінен кейін, оқушыларға ата–баба дәстүрі, ұрпақтар жалғастығы мен сабақтастығының мән-мағынасын түсіндіру мақсатында берілген Р.Ақдемірдің «Ақылды егінші» мәтінін оқып, сұрақтар арқылы талдау.

 

8 мин

Дәйексөз.

Мәтінді талдап болғаннан соң үлкенді, ата-ананы құрметтеу туралы үйренген білімдерін тиянақтап, қорытындылау мақсатында МұхтарӘуезотің «Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала қарызы- әдеп пен сый» деген қанатты сөзін сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріп, мағынасын ашу.

 

 

1 мин

Тапсырма.

Ұсынылып отырған тапсырма ұқсас нәрселерді салыстыру, яғни ойлау түрі аналогия арқылы жасалған. Тапсырма былай беріледі:Үзінділерді оқып, онда қандай қасиеттер туралы айтылғанын баяндап беру.

 

 

8 мин

Тыныштық сәті.

Сабақ ары қарай «Тыныштық сәті» релаксациялық тәсілін өткізумен жалғасады. Сыныпта оқушылардың дем алуына жағдай жасалатын бұл тәсілде балалар іштерінен адам бойында кездесетін жақсы қасиеттер мен жаман қылықтарды өзара салыстыруға бағытталған.

-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла-бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

 

 

2 мин

Дәптермен жұмыс.

Оқушыларды өз беттерінше ізденуге, шығармашылыққа баулу мақсатында төмендегідей тапсырма беріледі: Оқушыларға өз отбастарыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріп, олардың мағынасын ашып, дәптерлеріне орындап, ортаға жария етуді ұсыну.

 

9 мин

Түйіндеме.

Оқушыларға отбасының қандай қасиеттерге бағыттайтынын ұғындыру мақсатында төмендегідей түйінді түсіндіру:

ОТБАСЫ-

1. Сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді

2. Жақсылыққа жетелейді,

3. Әрқашан қамқоршың, тілеулесің болады;

4. Білім алуға, еңбектенуге

үйретеді

5. Үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға

тәрбиелейді

 

 

 

 

2 мин

Бағалау.

Балалардың белсенділіктерін байқап, ынталандыру және екі топтан көшбасшы шығару мақсатында «Белсенді оқушы», Зерделі оқушы», «Білімді оқушы», «Көшбасшы» атақтары арқылы марапаттау.

 

2 мин

Үйге тапсырма.

Өз ата, әжелеріңнен ұрпақтарыңа қалдыратын немесе қалдырған өсиеттері туралы сұрап, қысқаша шығарма жазып келуді тапсыру.

 

2 мин

Жүректен жүрекке

Оқушыларға жүрекше стикер беріп, берілген терекке өздеріннің отбасыларындағы үлкен де, сыйлы адамдарға жақсы тілектеріңді жазып, жапсыруды ұсыну.

 

2 мин

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.