Без рубрики

Қарым –қатынас мәдениеті

Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің ІІ санатты Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Тулегеновпа Венера Марленовна

.

Пәні

Өзінөзі тану

Мұғалім: Тулегеновпа Венера

Оқушылардың жасы 13-14 жас

1-апта

1 сабақ

Сілтеме 7-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал
Сабақ атауы

Қарым –қатынас мәдениеті

Жалпы мақсаттар
  • Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын (отбасында,аулада, сыныпта, мектепте,ұжымды) сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету.

Оқыту нәтижелері
  • Оқушыларға жағымды,ізгілікті қарым-қатынас жасаудың мәнін, маңызын түсіндіру;

  • Жағымды қарым-қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

  • Жағымды қарым-қатынас жасай алуға, ізгілікке тәрбиелеу.
Негізгі идеялар Адамдар арасындағы қарым-қатынас өте нәзік дүние. Адами қарым-қатынас әдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке негізделеді. Адамдар арасындағы ондай қатынас ілтипатқа, халықтың сүйіспеншілігіне бөлейді деген ұғымды есте сақтау.

 

 

 

Тапсырма

  1. «Теректің асқақтығы» атты өсиет әңгімені өз ойларымен аяқтап, сұрақтарға жауап беру.

  2. Жағдаяттарды шешу.

 

  1. «Дос қандай болу керек?» тақырыбында постер қорғату.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

  1. Шаттық шеңбері.

Ортаға үлкен шеңбер құрып, амандасып,М.Мақатаевтың «Аңса жаным» әнін үнтаспаға қосылып айту.

(Оқушыларды алтын және күміс түстермен екі топқа бөліп, бағалау өлшемдері жазылған парақшалар туралы түсіндіру)

 

 

2мин

  1. Әңгімелесу.

Оқушыларға «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген сұрақтар арқылы тақырып төңірегінде өзіндік пікірлерін білдіре алу іскерлігіне үйрету мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар бірін-бірі тыңдау арқылы жаңа нәрсеге үййреніп, біліміне білім қосады.

 

10 мин

 

  1. Мәтінмен жұмыс.

«Ойланайық, пікірлесейік» әдісінен кейін, оқушылардың пікірлерін толықтыру, адам рөлін түсіндіру үшін оқулықтағы «Оқып үйренейік» айдарында берілген Данэль Дефоның «Робинзон Крузо» романының үзіндісімен таныстыру.Оқушыларға мәтін соңында берілген сұрақтарға жауап беруді ұсыну.

  1. Балалар мәтін бойынша өз қорытындыларын жасаған соң, оқулықтағы жаңа ақпаратқа назар аударту. Оқушыларға жаңа ақпаратты әрқашан есте сақтап жүрулерін ескерту.

 

7 мин

 

 

2 мин

 

  1. Дәйексөз.

Сабақта берілеген ақпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында Рудакидің қанатты сөзін бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде танып, оқушыларға естерінде сақтауды ұсыну,дәйексөздің мағынасын ашу.

Өмір –теңіз

жүзем онда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз.

 

 

2 мин

  1. Сергіту сәті.

Оқушыларға интерактивті тақтадан «НИШ» жаттығуын көрсетіп,қайталауды ұсыну.

 

2 мин

  1. Жағдаяттарды талдау.

Балаларды күнделікті қарым-қатынаста, әр түрлі өмірлік жағдаяттардың дұрыс шешімін таба білуге баулу мақсатында жағдаяттарды шешу тапсырылады. Жағдаяттарды шеше отырып, айналаңмен жақсы қарым-қатынасқа түсудің құпиясын ашуға болатындығын оқушыларға түсіндіру.

 

 

8 мин

  1. Шығармашылық жұмыс.

Оқушылардың шығармашылықтарын қандай дәрежеде екенін байқау үшін «Дос қандай болу керек?» деген тақырыпта постер қорғату.

 

7 мин

  1. Қорытынды.

Сабақты «Адамдармен қарым -қатынас жасағанда шын көңілмен ниет таныту керек. Қарым- қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты. Егер шын достар, тілектестер тапқың келсе, онда басқа адамдарға уақытыңды,күш қуатыңды,көңіліңді бөліп, солардың жағдайын жасап көр.» деген сөздермен қорытындылау.

 

 

3 мин

  1. Бағалау.

Оқушыларға бағалау критерийлері жазылған парақшаны үлестіріп, өз-өздерін бағалауды ұсыну. Оқушылар өз-өздерін бағалағаннан кейін оларға жұлдызша,төртбұрыш,ұшбұрыш белгілерін тағу.

 

2 мин

  1. Жүректен жүрекке

Сабақты жақсы көңіл күймен аяқтау үшін үлкен шеңбер құрып, бір-біріне жүректен шыққан сөздермен тілектер айтуды ұсыну

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.