Атырау қаласы
№31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
ІІ санатты мұғалімі
Рыскалиева Гаухар Серікқызы
Мұғалімнің аты — жөні |
Пәні |
Сыныбы |
Күні |
|||||||||||||||||||||||||||||||
Гаухар Рыскалиева |
Қазақ тілі |
7 «д» — сыныбы |
17.10.2012ж.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың атауы |
Есімдіктердің түрленуі. Жіктеу есімдіктерінің түрленуі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сілтеме |
Қазақ тілі 7-сынып. Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мақсаттар |
Есімдіктер туралы білімдерін тереңдету, жіктеу есімдіктерінің түрленуін үйрету, сөйлемдегі қызметі мен мағынасына қарай түрленуін білуге машықтандыру; |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқыту нәтижесі |
Есімдіктердің түрлену жолдарын, жіктеу есімдігінің септеуіндегі және жіктеуіндегі ерекшеліктерін меңгеру. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі идеялар |
Есімдіктердің түрленуін, жіктеу есімдігін меңгертіп, талдау, анықтау |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар |
І.Ұйымдастыру ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс) «Тілдік тренажер» арқылы сын есім, зат есім, сан есімдерге талдау. IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу) VІІ. Нәтиже. «Киіз үй» құрастыру VІІІ. Өзіңді бағала |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар |
«Киіз үй» құрастыру Сықырлауық: Есімдік дегеніміз не? Кереге: Есімдіктің түрлерін ата. Кереге: Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Уық: «Сен» жіктеу есімдігін ауызша септе Уық: «Ол» жіктеу есімдігін ауызша септе Шаңырақ: Жіктеу есімдігі түрленудің қай түрімен тығыз байланысты? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалімнің жазбалары І.Ұйымдастыру Бағалау критерийлері 1. «Есіңе түсір» кезеңі – 10 ұпай 2. «Сынап көр» кезеңі – 10 ұпай 3. «Анықта» кезеңі –10 ұпай 4. «Іске асыр» кезеңі – 10 ұпай 5. «Ойлан тап» кезеңі – 5 ұпай 6. «Нәтиже» кезеңі – 5 ұпай «5» — 40 – 35 ұпай «4» — 34 – 30 ұпай «3» — 29 – 25 ұпай «2» — 24 – 0 ұпай ІІ. Есіңе түсір (қайталау) 2. Құрамына қарай нешеге бөлінеді? «Бес жолды өлең» әдісі 1 – топ: Мұғалім 2 – топ: Оқушы 3 – топ: Кітап ІІІ. Сынап көр (есім сөздермен жұмыс) 1.Оқулық IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)
Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады. Таныстырмас бұрын мынадай сұрақтарға жауап аламын: 3. Мағынсына қарай нешеге бөлінеді? Жекеше, көпше. І. Мен Жіктеу есімдіктерін септеу, жіктеу. 1- топ – мен 1- топ – біз 2— топ – сен 2—топ – сендер сіз сіздер 3- топ – ол 3-топ – олар
Мысалы: Септелу үлгісі
Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі:
V. «Іске асыр» (жаттығу жұмысы) Сен – жіктеу есімдігі, ІІ жақ Оны – жіктеу есімдігі, табыс септігі Ол – жіктеу есімдігі, ІІІ жақ Бізді — жіктеу есімдігі, табыс септігі Өз – өздік есімдігі Сенің — жіктеу есімдігі, ілік септігі
78-жаттығу Мәтіннен ашық және жасырын тұрған есімдіктерді табу, қандай тұлғада тұр? Жіктеу есімдігі: біз, ол, мен, менің, сені, менде, сен, мені. Сілтеу есімдігі: осы, осының, мұндай, сол, бұл, міне. Сұрау есімдігі: не? Өздік есімдігі: өз, өзім. Белгісіздік есімдігі: біреу, біраз. Сергіту сәті. «Ниш» қимыл жаттығулары.
VІ. «Ойлан, тап»
І топқа Әкем- менің тәңірім, пайғамбарым Ұмтылатын биігім,сайран бағым. Ол білмейтін дүниеде құпия жоқ, Біліп алған, япыр-ай,қайдан бәрін?! ІІ топқа Ол тұрғанда сезінбей қатер демін, Хандардың да қалпағын әпермедім. Әділ шешім ататын барлық істе Біздің үйде бас қазы — әкем менің. ІІІ топқа Сұлу мүсін, бір мін жоқ келбетінде! Батыр,дана сол ғана. Асығамын әкеме ұқсап тезірек ер жетуге.
VІІ. Нәтиже. «Киіз үй» құрастыру Сықырлауық: Есімдік дегеніміз не? Кереге: Есімдіктің түрлерін ата. Кереге: Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Уық: «Сен» жіктеу есімдігін ауызша септе Уық: «Ол» жіктеу есімдігін ауызша септе Шаңырақ: Жіктеу есімдігі түрленудің қай түрімен тығыз байланысты?
VІІІ. Өзіңді бағала Оқушылар бір – біріне деген ризашылықтарын төменнен жоғарыға қарай 3 рет шапалақтайды. Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.
Үйге: 1) 79-жаттығу 2) «Есімдік патшалығы» деген ертегі құрастыру. |
3 мин.
5 мин.
2 мин.
2 мин.
10 мин
3 мин.
3 мин.
7 мин.
2 мин.
3 мин.
3 мин.
1 мин.
1 мин. |