Қазақ тілі

Cын есімнің емлесі, сөйлемдегі қызметі

Атырау қаласы
№31
жалпы орта білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ІІ санатты мұғалімі
Рыскалиева Гаухар Серікқызы

Мұғалімнің

аты — жөні

Пәні

Сыныбы

Күні

Гаухар Рыскалиева

Қазақ тілі

7 «д» — сыныбы

10.10.2012ж.

 

Сабақтың атауы

 

Cын есімнің емлесі, сөйлемдегі қызметі

 

Сілтеме

Қазақ тілі 7-сынып. Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова

Жалпы мақсаттар

Сын есімнің түрленуінен алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, мәтін ішінен тауып, талдауға баулу.

Оқыту нәтижесі

Сын есімнің емлесін біліп, дұрыс жазу. Сөйлем мүшелеріне талдай білуге үйрету.

Негізгі идеялар

Сын есімнің емлесін, сөйлемде атұаратын қызметін меңгертіп, талдау, анықтау

Тапсырмалар

І «Қызығушылықты ояту»

Мазайкаларды құрастырып, топқа бөлінгеннен кейін қандай сурет құрастырғандарын сұраймын. Олардың түсін, күйін сұрап, ол сөздер қай сөз табына жататынын анықтап аламын. (Сын есім)

Блум таксономиясы бойынша

1. Есте сақтау.

Интерактивті тақтадан жаңа сабаққа байланысты сұрақтарды шығарып, жауап аламын.

ІІ «Мағынаны тану»

2. Түсіну.

Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады.

3. Қолдану Тақырыпқа сай тапсырмалар, жаттығу жұмытарын орындату

78-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, күрделі сын есімнің емлесін есте сақтаңдар. 80-жаттығу. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып , көрсетілген үлгі бойынша талдаңдар.

4. Талдау. Ережелер арқылы қосымша тапсырмаларға талдау жасау.

Шығармашылық жұмыс: 1. Интерактивті тақтадан құрамында сын есімі бар мақал-мәтелдерді оқып, синтаксистік талдау жасау.

2. Суретке қарап әңгіме жаз.

ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды.

 

5. Жинақтау.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

  2. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

3. Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем

мүшесін атқарады?

4. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін

атқарады?

6. Жасау және бағалау: Оқушылардың бағалау критериясына сай жиналған ұпайларына сай бағалау.

Кейінгі тапсырмалар

Постерлер дайындау.

 

Мұғалімнің жазбалары

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушыларға бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Бағалау критерийлері

1.Үй тапсырмасының орындалуы – 5 ұпай

2.Жаңа сабақты меңгеруге берілген тапсырманың орындалуы –

10 ұпай.

3.Жаттығу жұмысының орындалуы – 10 ұпай

4.Шығармашылық жұмыстың орындалуы – 10 ұпай

5.Жинақтауға арналған сұрақтар – 5 ұпай

Бағалау шкаласы

«5» — 40 – 35 ұпай

«4» — 34 – 30 ұпай

«3» — 29 – 25 ұпай

«2» — 24 – 0 ұпай

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.

І «Қызығушылықты ояту»

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын мазайкалар арқылы топқа бөлемін (гүл, мысық, аю). Мазайкаларды құрастырып, топқа бөлінгеннен кейін қандай сурет құрастырғандарын сұраймын. Олардың түсін, күйін сұрап, ол сөздер қай сөз табына жататынын анықтап аламын. (Сын есім)

Блум таксономиясы бойынша

1. Есте сақтау.

Интерактивті тақтадан жаңа сабаққа байланысты сұрақтарды шығарып, жауап аламын.

1.Сын есім қалай түрленеді?

2. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?

3. Шырай нешеге бөлінеді?

4. Салыстырмалы шырай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

5. Күшейтпелі шырай қалай жасалады?

Осы кезде оқушы мен мұғалімнің іс – әрекеті.

Оқушы

Мұғалім

Әр оқушы өз білетіндерін еркін айтады.

Өз лидерін анықтайды.

Әр оқушы жеке-жеке белгілеп, лидерге ұсынады.

Өздерін-өздері бағалайды.

Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін қадағалайды.

Бағалау парағын таратады.

Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар береді.

 

ІІ «Мағынаны тану»

2. Түсіну.

Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.

Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды («инсерт» әдісі).

Бұрыннан таныс мәлімет, «√»

Білмейтін ойы,

«–»

Жаңа танылған мәлімет, «+»

Таңқалдырып сұрақтар тудырған ой, «?»

 

 

 

 

 

Осы кезде оқушы мен мұғалімнің іс – әрекеті.

 

Оқушы

Мұғалім

Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі бірігіп шарты белгілер қойып, талдау жасайды.

Әр топтан біреуі жауап береді. Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді. Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді. Әр топтың тапсырмасын мұқият орындауын қадағалайды. Жолдастарының жауаптарын тыңдауын, толықтыруын, дұрыс жауап беруін қадағалайды.

 

Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады

Сын есімнің емлесі

1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: балалы-шағалы, ұзынды-қысқалы

2. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл, сұп-сұр, әп-әдемі.

3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы.

4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал.

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыштың қызметін атқарады.

2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы да болады.

3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп қалай? деген сұраққа жауып беріп пысықтауыш та болады.

4. Сын есім әдетте көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді. Сын есім атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш та болады.

5. Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады.

Топтастыру стратегиясы.

Бастауыш баяндауыш

 

 

 

 

 

Толықтауыш пысықтауыш анықтауыш

3. Қолдану Тақырыпқа сай тапсырмалар, жаттығу жұмытарын орындату

78-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып, күрделі сын есімнің емлесін есте сақтаңдар. 80-жаттығу. Сөйлемдегі сын есімдерді тауып , көрсетілген үлгі бойынша талдаңдар.

Сергіту сәті «Қуан, шаттан»

Қуан, шаттан, қуан, шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қуан, шаттан, қуан, шаттан,

Қуанамыз біз бүгін.

 

4. Талдау. Ережелер арқылы қосымша тапсырмаларға талдау жасау.

Шығармашылық жұмыс: 1. Интерактивті тақтадан құрамында сын есімі бар мақал-мәтелдерді оқып, синтаксистік талдау жасау.

Мысалы: І топ: Сыпайы сырын сақтар

Әдепті арын сақтар

ІІ топ: Жаманның тілі ащы

Көк мияның гүлі ащы

ІІІ топ: Үлкенді сен сыйласаң

Кіші сені сыйлайды.

2. Суретке қарап әңгіме жаз.

 

ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады. Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды.

5. Жинақтау.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

  2. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады?

3. Сын есімдер сөйлемде қандай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?

4. Қандай жағдайда баяндауыштың қызметін атқарады?

 

6. Жасау және бағалау: Оқушылардың бағалау критериясына сай жиналған ұпайларына сай бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу.

Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін смайликтер салу арқылы қорытындылау.

Үйге тапсырма : Құрамында сын есімі бар мақалдар жазып,

синтаксистік талдау жасау.

82-жаттығу.

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин.

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

1 мин.

 

 

Бағалау критерийлері

 

  1. Үй тапсырмасының орындалуы

  2. 5 ұпай

  3. Жаңа сабақты меңгеруге

  4. берілген тапсырманың

  5. орындалуы – 10 ұпай

  6.  

Жаттығу жұмысының орындалуы –

10 ұпай

  1.  

  2. Шығармашылық жұмыстың

  3. орындалуы – 5 ұпай

  4.  

  5. Қосымша тапсырмалар – 5

  6. ұпай

  7.  

  8. Жинақтауға арналған сұрақтар

  9. 5 ұпай

 

 

Оқушының аты – жөні:—————————————————

 

1

Үй тапсырмасының орындалуы

 

2

Жаңа сабақты меңгеруге берілген тапсырманың орындалуы

 

3

Жаттығу жұмысының орындалуы

 

4

Шығармашылық жұмыстың орындалуы

 

5

Қосымша тапсырмалар

 

6

Жинақтауға арналған сұрақтар

 

 

Барлығы

 

 

Бағасы

 

 

 

Cын есімнің емлесі, сөйлемдегі қызметі: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.