Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы
М.Тәжин атындағы орта мектебінің
қосымша білім беру педагогы
Сүйеубаева Ермек Ахметқызы
САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ПРОБЛЕМАЛАР (баяндама)
М.Тәжин атындағы орта мектебінің оқушыларға білім беру,тәрбиелеу жүйесінде өзіндік ұстанған бағыттары бар.Мектептің жас жеткіншектерін тәрбиелеуде,білім беруде алдына қойған басты мақсат: «Оқушылардың парасаттылығын және ой-өрісін дамыту».
Дегенмен,оқушыларға сапалы білім беруді қамтамасыз етуде кездесетін проблемалар да баршылық. Енді соларға қысқаша тоқталып өтейік:
1.Тәрбие отбасынан басталады.
Тәрбие негізі баланың жас кезінен бастап отбасында қалыптасады.Одан кейін ол мектепте әрі қарай дамытылады. Оқушылар бойындағы адамдық қасиеттерді тәрбиелеуде мектептің және отбасының алар орны ерекше. Осыған орай туындайтын басты мәселе-ата-аналарға да,оқушыларға да психологиялық қызмет көрсету.
2. Мектеп-блім бесігі.
Бүгінде заман өзгерді,талап өзгерді,түсінік те өзгерді. Ендеше заманына қарай мектептің де өзгерер кезі жетті. Қазіргі таңда мектебіміздің алдында жас ұрпаққа берілетін білім мазмұнын,халықтың дәстүрлі мәдени ерекшеліктерін ескере отырып,жаңарту және меңгеру ұстаздар алдындағы өзекті мәселе болып отыр. Қазіргі заман талабына сай білікті мамандар даярлау әлі де болса ақсап тұр,жас мамандар мектепте практикалық жағынан еш дайындықсыз келеді де,оқушыны оқытудың орынына өзінің үйренуіне біраз уақыт кетеді. Сондықтан білікті,жан-жақты дамыған маман даярлау ісіне ерекше мән берілуі керек. Сонда ғана білім сапасы өз деңгейінде көрінеді.
3. Ізденіс – табыс тегі.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім алып, тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақ алдында «Нені оқыту, қалай оқыту?» мәселесі тұр. Білім ауқымы адам айтқысыз кеңейіп,технология дамып, ақпаратты таңдай білу мәселесі алдыңғы қатарға шықты. Ендігі жерде көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп отыратын қоғамда өз күш-жігерін қай салаға бұру керектігін оқушы өзі таңдайды. Шәкірт санасын білім нұрымен сусындататын,оларды шығармашылық ізденіске баулитын ұстаз. Яғни, ол-мектептің жүрегі. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,іскер мұғалім қажет. Осы көрсетілген мақсаттарға жету үшін мұғалімдерге көп дайындық,ізденіс керек.
4. Тілге құрмет-елге құрмет.
Біз тіліміздің бүлінбей сақталуын тілесек,әуелі өз тілімізбен оқып,сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз. Тіліміздің тағдыры-өзіміздің тағдырымыз. Оған салғырт қарау-өзгені емес,өзімізді сыйламау.
5.Ұлттық мектеп-ұлт тірегі.
Бүгінгі таңда жас ұрпақ бойында ұлттық мақтаныш, ұлттық патриотизм рухын қалай тәрбиелесек екен деген мәселені жиі қоямыз.Өйткені 70 жылдан астам басқа елдің тарихын, соның жүйесін,үлгісін үгіттедік. Сондықтан олардың ойлау жүйесі басқаша дамыды деуге негіз жоқ емес. Сол себепті белгілі жазушы Ғ.Мұстафиннің «Бұрын ұлтшылдықпен күрескен едік,бүгін ұлтсыздықпен күресетін бодық»-деген сөзін әрбір ұстаз есінде сақтағаны абзал. Бүгінгі күні оқушылардың білімін,мәдениетін жоғарлату үшін ұлттық негіздерге бет бұрып,ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлерімізді жаңғырта отырып,ұлттық мектеп құру үшін тер төгуіміз қажет.
6. Мектеп оқушысының танымдық іс-әрекетін белсендіру – оның тұлғалық дамуының негізі.
Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру-зор өнер. Білім беруді оқушыларды қызығатындай ұтымды жағынан бастап, ең басты өзекті мәселені түйіндеуге үйрету және оны жеңіл тілмен жеткізе білуге дағдыландыру -әр ұстаздың негізгі міндеті.
Қазіргі кезде сабаққа ынталары шамалы, нашар оқитын,тіпті оқығысы келмейтіндердің саны көбейіп кетті. Неге? Бұл-әр ұстаздың алдында тұрған сұрақ. Сондықтан да оқушының алдымен ойлау қабілетін жетілдіру керек. Баланың іс-әрекеті білуге,үйренуге бағытталатындай оның ойлау қабілетінің негізі дұрыс қалану қажет. Тек тиімді ұйымдастырылған оқу үрдісі оқушының еңбекқорлығын дамытып,ұқыптылығын арттырады,болашақ тұлға қалыптаса бастайды.
7. Жаңа буын оқулығы-заман талабы.
Білім беру ісі-көп салалы өте күрделі жүйе. Ғылымның негізі білімде болса,білімнің іргетасы орта мектепте қаланады. Ал білімнің қайнар көзі – оқуылықта екенін естен шығаруға болмайды.
Білім бастауы оқулықтан басталатындықтан,ең алдымен,білімді ұрпақ дайындау үшін оқулықтарды әр сыныптың білім деңгейіне сәйкес құрастырып,барлық оқуышларды оқулықпен қамтамасыз ету қажет.
Сөз соңында айтарым: «Адам да,халық та мемлекетте жоғалуы мүмкін,кітап қана мәңгілік»-дегендей,осы бір тарихи сәтті еліміздің келешегі үшін дұрыс пайдалана білу – бүгінгі зиялы қауымға үлкен сын екенін және бұл істен кім болса да шеттеуге тиіс емес екенін айтқым келеді.