Без рубрики

Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш

Солтүстік Қазақстан облысыАқжар ауданы
Қазан ауылы
Казан орта мектебі
химия және биология пәнінің мұғалімі

Кожулдакова Диляра Аманжолқызы

Сынып сағаты

«Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш»

Мақсаты: білімділік-Қазақастан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, оның құрылу тарихын,мемелекеттік атрибуттардың мәні мен рөлін зерделету,авторларын таныстыру;

дамытушылық-жеке тұлғаның жағымды қасиеттерін, сезімдерін дамыту, талдау, салыстыра және ой қорыта білу қабілетін дамыту;

тәрбиелік-қоғамның рухани бірлігі мен сабақтастығын нығайту, азаматтық, елжандылық, Қазақстанға сүйіспеншілікке,Рәміздерін қастерлеу рухына тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасы рәміздерінің суреті, авторлардың суреті, шарлар, шекара бекетінің суреті, шекарашы киімі.

Барысы.

1.Ұйымдастыру.

Мұғалім: Қадірменді оқушылар, бүгін біз сынып сағаты сабағымызда рәміздер еліне саяхатқа шығамыз.жолға шықпас бұрын бізге дайындық қажет.Саяхатқа екі топ болып шығамыз, топ басшыларн тағайындайық, сондай-ақ бізге құрал-жпбдықтар қажет болады, өздеріңмен бірге сурет салатын дәптер, түрлі –түсті қарындаш, қаламдарыңды алыңдар.

2.Мақсат қою. Біздің бүгінгі саяхатымыздың мақсаты-Рәміздер еліне көп ағлұмат әкелу, олар туралы,авторлары, жасалу тарихы т.б.қызықты мәліметтер жинауымыз керек. Қоржынымыз бос қайтпасын.Саяхаттан оралған соң кім олжалы болғанынын байқаймыз.

Гимнмен жолға шығайық. (Гимн орындалады.)

3.Шекара бекеті,

-Балалар,біз Рәміздер мемлекетінің шекара бекетіне келдік, бұл жерде бізді тексеріп өткізеді.

(Текше лақтырып, сол текшеегі нөмірдегі сұраққа жауап беру керек)

Шекарашы:1)Отаның қалай аталады?

2)Мемлекетінің Президенті кім?

3)Мемлекетінің астанасы қалай аталады?

4)Ата заңдарың бар ма? Ол қашан қабылданды?

5)Сен тұратын облыс қалай аталады?

6)Облыс орталығы қай қала?

7)Мекен-жайыңды айт.

8)Отан туралы мақал-мәтел айт.

9)Ауданың қалай аталады?

10)Биыл Тәуелсіздікке қанша жыл болады?

4.Мемлекеттік рәміздердің саяси мәртебесі.

-Міне,оқушылар,біз рәміздер еліне кірдік.Бұл мемлекет туралы мағлұмат беріп кетейік.

Бүгін біздің еліміз-бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған Тәуелсіз мемлекет.Әр мемлекеттің өз заңы,өз президенті, өз рәміздері болады.

Рәміздер дегеніміз –түрлі заттар мен ұғымдардың бірлесуі. Біз белгілер әлемінде өмір

сүреміз.

Қандай да бір мемлекет болмасын оның алғашқы қадамы өз Туы,Елтаңбасы, Гимннен басталу керек.Бұл олардың ел Тәуелсіздігі мен егемендігінің белгісі болып табылады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттің жаңа рәміздерін қабылдауға ерекше мән беруі де осыған байланысты.

Рәміздер мемлекеті 3 аймақтан тұрады:«Гимн», «Елтаңба», «Ту».

Осы 3 ауылға сапарымызды жалғастырайық.

А)«Гимн» еліне келдік.Осы елдің әнші-композиторларымен танысайық.

Гимннің сөзін кімдер жазды? (Нұрсұлтан Назарбаев,Жұмекен Нәжімеденов)

Авторлар туралы кеспе карточкадан қысқаша мағлұмат оқыту.

Гимннің әнін кім жазды? (Шәмші Қалдаяқов)

Авторлар туралы кеспе карточкадан кішкене мағлұмат оқыту.

Ә)«Елтаңба» еліне келдік. Бұл елдің сәулетшілермен танысайық.

Сонымен Елтаңбаның сәулетшілері кім? (Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов, Жандарбек Мәлібекұлы)

Сәулетшілер туралы кеспе карточкадан қысқаша мағлұмат беру. Елтаңба туралы өлең.

Б)«Ту» еліне келдік.

Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шакен Оңласынұлы Ниязбеков).

Автор туралы кеспе карточкадан қысқаша мағлұмат. Ту туралы өлең.

Шекарашы: Оқушылар естеріңде болсын: Қазақстан Республикасының азаматтары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аймағында жүрген адамдардың барлығы Қазақстан Республикасының Туын,Елтаңбасын,Гимн қадірлеуге міндетті.

Бұлай болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қосымша сұрақтар:

-Өз Отаныңды мақтан ету үшін,қадірлей білу үшін не істеуіміз керек?…

-Рәміздер болмаса не болар еді?…

-Рәміздердің мақсаты не?…

Қорытынды.

Осымен сынып сағатымыз аяқталды. Қатысқандарыңа көптен рахмет.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.