Без рубрики

Ойын- оқушы психикасын дамыту факторы

Доскожаева Жанар Алимусаевна
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы

І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр.
Сондықтан оқытушы іс – әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі  күннің өзекті мәселесі. Пәнді оқыту барысында теориялық және тәжірибелік білім негіздерін меңгертумен ғана шектелмей , оқу үрдісінде оқушылардың бәсекеге қабілетін дамыту арттыру, ақпаратты өзі іздеп тауып қолдана білуге үйрету қажеттілігі өмір талабы болып отыр. Бұл мәселе тек оқыту үрдісінде оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру арқылы шешімін таппақ.

Осындай тиімді оқыту тәсілдерінің бірі – ойын элементтерін оқу үрдісінде

Пайдалана отырып оқыту. Ойын элементтерін оқу – тәрбиеде пайдалану оқушылардың белсенділігін , оқу пәніне ынтасын, танымдық қызығуын арттыратын әдіс болып табылады.

Ойын – маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе демалу ретінде пайдалансақ , одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да , ол негізгі бір мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын, жоғарыда айтылғандай баланы дамытады. Ойын адам жанын ынтықтырумен бірге , оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап,білім дәнін бойға білдіртпей дарытады.Ойындардың қай-қайсысы болсада оқушылардан төзімділікті, тапқырлықты,ізденімпаздықты,шеберлікті т.б.толып жатқан қасиеттерді талап етеді.

Пән барысында игерілген білімнің,дағдының сапасы оқытушының біліміне, ұйымдастыру қабілетіне,ізденгіштігіне т.б. қасиеттеріне қатысты болуымен қатар оқушылардың белсенділігіне,оқу пәніне,ынтасына,танымдық қызығуынада тікелей байланысты.

Ойындарды жіктеу барысында мынандай түрлерін атауға болады:

1.Жарыс

2.Әдеби шығармашылық

3.Тақырыптық

Қазіргі пәндер барысында пайдаланылатын ойын элементтері теориялық білімі мен оны жеңіл игеріп,бекітуге көмектесумен қатар оқушылардың қисынды ойлану қабілетін,дербес ой-қиялын дамытып,өз пікірлерін білдіруге,ұтқыр шешім қабылдауға дағдыландыру.

Жарыс ойындарда мысалы Спорт жарысын алайық .

а.жүгіру: кім бірінші белгілі бір тақырып бойынша 10 сөз жазады.

ә.ауыр атлетика: кім ең ауыр сөзді жазады.

б.ұзындыққа секіру: осы тақырып бойынша кім тез жоспар құрады.

в.күрес: оқушылар екі топқа бөлініп бір- біріне сұрақтар қояды.

Түртіп алу жүйесін” пайдалану.

Ойынның мақсаты: Оқушылардың өз пікірін қорытып дәлелдеуге үйрету.

Оқушылардың санына қарай жұмыс қағазы таратылып беріледі. Жұмыс қағазы үш бөліктен тұрады.

1.білемін 2.мен үшін жаңа 3.ізденемін.

Ойын шарты сабақтың соңына дейін сабақ баяндау түрінде болса, оқытушының берген материалдарынан немесе сабақтарда оқушылардың үй тапсырмаларынан, мәнжазбаларынан бұрын таныс, белгілі ұғым кездескен жағдайда “білемін” бағанына, жаңа білімді “ мен үшін жаңа “ бағанына , оқушыларға түсініксіз болып қалған немесе ол пікірлерге келіспеген жағдайда “ізденемін” бағанына жазу тапсырылады.

Кім келесі?” ойынға қатысушыларға кеспе қағаздар таратылады . Әр кеспе қағазда бұрынғы өткен сабақтардан шағын мәтіндер жазылады(4-5сөйлемнен тұрады). Әр оқушы өз кеспе қағазындағы сөйлемді ретімен кезектесіп, мәтіннің мазмұнына сай оқып шығады.Бір оқушы ойын барысын қадағалап, бақылайды.

Бұл өзімнің сабағымда қолданылып жүрген ойындар.

Оқытушылар барлық сабақтарда болмаса да,сабақтың ыңғайына,мақсат-мүддесіне қарай түрлі іскер ойын түрлерін пайдалануға болады.Оқу ойындарын пайдаланудың нәтижелі болуы,біріншіден,оқытушының ойынды құрудың технологиясын жете білуіне байланысты.Ойынды құрудың техникасы ойын теориясына және психологиялық-педагогикалық ұстанымдарына негізделуі шарт. Екіншіден,оқытушының ерен еңбегіне,үлкен жауапкершілігіне байланысты. Ойын қалай ұйымдастырылады?-дегенге келсек: 1.Ойынның мақсаты белгіленеді. 2.Ойынның ережесі айтылады. 3.Мұғалімнің өзіде ойынға қатысуы керек. 4.Жарыс ойыны өтілсе,жеңімпаздарды марапаттауды,ал жеңілгендерге жылы сөз айтуды ұмытпау керек.

Жоғарыда айтылған шарттарды негізге ала отырып,сабақтың мақсатына сай оқу ойындарын пайдалану тиімді болмақ.Оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланылатын оқу ойындарының оқушыларды жан-жақты дамыта отырып,өскелең өмір талабына сай тәрбиелеудегі маңызы ерекше.Cондықтан”Көп ойласаң, дана боласың,көп ойнасаң,бала боласың” деп,бала өміріндегі ойынның маңызына ерекше мән бергеніміз жөн.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.