Без рубрики

Қос сөздер

Атырау облысы, Махамбет ауданы
Қызылүй орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі
Жүндібаева Батима Итенқызы

Қазақ тілі 4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер

Сабақтың мақсаттары : Білімділік: Қос сөздер, олардың жасалу жолдары туралы оқушылардың білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Ақылдасып бірлесіп жұмыс істеуге,шапшаңдыққа ,қырағылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Оқу және жазу арқылы ойлау қабілетін дамыту,шығармашылық қабілетін дамыту.
Түрі: Іскерлік дағды қалыптастыру cабағы

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ жауап,тесті т.б

Көрнекігі: перне тақта,бетшелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

Психологиялық ахуал.

Сыныпты 3 топқа бөлу .

2.Үй тапсырмасын тексеру.

250-жаттығу ауызша тексеріледі.

3.Топпен жұмыс

Төменде берілген сөздерге керекті сөздерді қосып қос сөзге айналдыр.

1.Бүгін- 2.Түрлі- 3. -шикі

Қысы- Күте- -ауыр

Жоғары- Кезек- -жылы

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

4. Жаңа сабақ

Өзбетімен жұмыс

251 -жаттығу

Үш топқа екі сөзден бөліп беру.

5.Тақтамен жұмыс.

252-жаттығу

Үш топтан үш оқушы шығып орындайды.

6.Ауызша жаттығу

253 -жаттығу

Түсіндірмелі жаттығу

254-жаттығу.

7. Сергіту жаттығуы

Бұдыр-бұдыр балшықты

Жинады да талшықты

Ұқсатып қамытқа

Үй салады жабыққа Олне?

8. Шығармашылық жұмыс.

1-Топ Сурет бойынша әңгіме құрайды.

2-Топ «Менің ботам» шығарма жазу.

3-Топ Төмендегі сөздерді қатыстырып мәтін құра.

Аппақ, жалт-жалт, у-шу,

9.Шағын тесті

1.Қос сөз дененіміз не?

А. Екі түбірден жасалған сөздер. С. Екі түбірдің бірігуінен жасалған

В. Бірігіп жазылған сөздер Д.Түбір сөзден жасалған.

2.Біріккен сөзді тап.

А.асқабақ, ақсақал С.Жоғары-төмен

В.маң-маң, қой-ешкі Д.отыз-қырық

3.Екі түрлі сөздің қосарлану арқылы жасалған қос сөз.

А. Тіп-тік С.топ-топ

В.Қаз- үйрек Д.аппақ

4.«Оқып жатыр» қай сөз табы

А.Зат есім С.Етістік

В.сын есім Д.сан есім

5.Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөз.

А.Биік-биік С.Биік-биік

В.Көкпеңбек Д. Достық

10.Үйге тапсырма

251 -жаттығу

Ережелерді қайталау

11. Сабақты бекіту.

1. «Кім көп біледі?» ойыны

2.Қос сөзі бар жұмбақтар жазып келу.

3.Бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.