Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Миялы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі
Гүлжәмила Қаржаубай
Мұғалімнің аты-жөні
|
Пәні
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сыныбы |
Күні |
||||||||||||
Гүлжәмила Қаржаубай |
Қазақ тілі |
Антонимдер |
5а-сыныбы | 22.10.2012 ж. | ||||||||||||
Сілтеме |
Г.Қосымова Қазақ тілі 5-сынып «Атамұра» 2010 40 – бет |
|
||||||||||||||
Жалпы мақсаттар |
Жаңа сабақты меңгерту, өткен материалдармен байланыстыра оқушының білімін бекіту, пәнге қызығушылығын арттыру. |
|
||||||||||||||
Оқыту нәтижелері |
Антонимдердің белгілерін теориялық әдістер арқылы тани білу. |
|
||||||||||||||
Негізгі идеялар |
Антоним сөздерді қолдану арқылы шебер сөйлеуге, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету. |
|
||||||||||||||
Тапсырма |
1,Мәтінмен жұмыс 2. Әңгіме құрау 3.Тіл дамыту жұмыстары 4.Суретпен жұмыс |
|
||||||||||||||
Жүргізілетін жұмысым 1.Ұйымдастыру кезеңі а) Амандасу ә) Сынып оқушыларын түгендеу б) Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу (үзіліс кезінде қолдарына берілген сурет қиындысын құрастыру арқылы) в) Бағалау парақшаларын тарату (әр жұпқа бір парақша) Блум таксономиясы бойынша 2. Үй тапсырмасын сұрау Есте сақтау: Синонимді қайталау. 80 – жаттығу, суретке қарап, әңгіме құрау. Қызығушылықты ояту. 3. Жаңа сабақ Түсіну: Тақтадағы берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді таптыру және оқушыларға оқыту. Ақ — …. Қатты — …. Ескі – …. Жомарт — …. Мысалдарды оқыта отырып антонимнің ережесін шығарту, яғни мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздерді антоним деп аталатынын айту. Антоним мен жұрнақ жалғану арқылы жасалатын болымды-болымсыздық мағына бірдей емес екендігін түсіндіру.Мысалы: Антонимдер Болымды-болымсыздық мағыналар жақсы – жаман жақсы – жақсы емес ал – бер ал – алма сулы – құрғақ сулы – сусыз көңілді – қапалы көңілді – көңілсіз Мағынаны тану. 4.Жаңа сабақты бекіту. Жұптық жұмыс. Қолдану: Кітап оқу. 93 – жаттығу. Өлеңдегі антоним сөздерді жұп-жұбымен тауып жазу. Қараңғы қанша дүниеде? Дүниеде қанша жарық бар? Ұсақтар қанша дүниеде? Дүниеде қанша алып бар? Қашырар қуат-пәрменді Дүниеде небір жасық бар. Сарқылтар адам дәрменін Көз жеткізбейтін қашықтар. (Ә.Тәжібаев) Ойлан-жұптас-пікірлес. 99 – жаттығу. Төмендегі сұрақтардың біріне жауап болатындай шағын мәтін құрау. Онда антоним сөздер болуын ескеру. 1) Анаңның туған күніне қандай сыйлық тартар едің? 2) Досыңның ерсі қылығын көрдің делік. Не істер едің? 3) Егер сенің қолыңа сиқырлы таяқ түссе, қайтер едің? Сергіту сәті. Ой толғаныс сатысы. Талдау: Антоним, омоним, синонимді «Ұқсастық пен даралық» диаграммасы бойынша салыстыру. 5. Сабақты қорытындылау. Жинақтау: Бет бұру. Атаулары не белгілері омоним, синоним, антоним бола алатын нәрсенің суретін салу және дәлелдемелер келтіру, постерді қорғау. Бағалау: Галереяда ой шарлау. Әр топ мүшелері өткен сабақтардағы және бүгінгі дайындалған постерлерді қарап, бағалау көрсеткіштері бойынша бағалайды. Бағалау көрсеткіштері 1. Эстетикалық талғамға сай ма? 2. Тапсырма дұрыс орындалған ба? |
2 мин
4 мин
7 мин
3 мин
6 мин
2 мин 4 мин
8 мин 5 мин
|
|||||||||||||||
6. Білімді бағалау. Сабақтың басында әр жұпқа бағалау парақшасы берілген, сол парақша бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды. Рефлексия. Мұғалім: Оқушылар, бүгінгі сабақ туралы пікірлеріңді сауалнама арқылы білдірейік.
|
1 мин
1 мин |
|||||||||||||||
7.Үйге тапсырма Антонимдер 90 – жаттығу, шумақтарды оқып, мәтіннен антоним сөздерді табу.
|
1 мин |
|||||||||||||||
Дереккөздер және жабдықтар: С. Исаев «Қазақ тілі», постер,түрлі-түсті қарындаш, өшіргіш, смайлик, стикер, интерактивті тақта т.б. |
|
|||||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар
|
Антонимнен алған түсінігін кеңейту. Сөздің болымды-болымсыз мағыналарын ажырата білу, Сөздік қорында орынды қолдана білу. . |
|
||||||||||||||
Сабақты талдау |
Бүгінгі сабақты оқушылар қызығушылықпен бастады. Сабақтың ерекшелігі тек жұппен жұмыс жасалды. Оқушылар бірін-бірі «Бағалау парақшалары» арқылы бағалады. «Галереяда ой шарлауда» өздерінің бұрын дайындаған постерлерін бағалады. 99 – жаттығуды орындауда оқушылар өз ойларын әсем жеткізе білді. Сабақ өткізудегі кемшілік – уақыттың жетпеуі.Сабақ мақсатына жетті. |
|