Без рубрики

Жақсылықпен жаным дос

Доскожаева Жанар Алимусаевна
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы

І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Сыныбы:5’’a’’
Мақсаты:
Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп,жақсылық жасаудың құндылық ретін-
дегі мәнін ұғындыру.
Міндеттері:
-Оқушылардың «жақсылық» «жақсылық жасау»туралы білімдерін кеңейту:
-Жақсылық жасау іскерлігін дамыту:
-Мейрімді,қайырымды болуға тәрбиелеу:

Көрнекіліктер:интерактивті тақта ,үнтаспа,оқулық,дәптер.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:
Біз өмірдің гүліміз.

Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз өмірдің гүліміз.

 

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз!
-Осындай мейірімді, ақылды,өмірге,білімге құштар балаларымызды көргеніме өте қуаныштымын.Сендермен болғаныма тек мен ғана емес,шуақты күн де қуанып тұрғандай.Ендеше біз де бір бірімізге күлімсіреп,бүгінгі күніміз көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін жақсы тілектер айтайық.
(оқушылар қол ұстасып,бір біріне жақсылық,көңілді күй,жақсы сөз,айтуды ұйымдастырады
Ойланайық ,пікірлесейік:
Жақсылық деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Жақсылық жасау дегеніміз не?

Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?

Жақсылық жасау адамның міндеті ме?
Мәтінмен жұмыс : Жақсылыққа – жақсылық.

(Ертегі)
Шығармашылық жұмыс: Ертегілерді оқып , жалғасын өз ойларыңмен аяқтаңдар. Қарлығаш пен дәуіт.

(Ертегі)

Бір қарлығаш ұя салып, балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. …
Арыстан мен тышқан.

(Ертегі)

Бір күні арыстан ұйықтап жатқан кезде, тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, тышқанды ұстап алады. Тышқан жалына бастайды: «Егер мені жіберсең, мен де саған жақсылық жасармын»,-дейді ол. Арыстан тышқанның”жақсылық жасармын”деген сөзіне күліп, оны босатып жіберді…
Сергіту сәті : Көңілді әуенмен ырғақты қимыл жасау. Дәйексөз: Жақсы сөз- жарым ырыс.
Тапсырма;
«Жақсылықпен жаным дос»

атты тақырыбында әңгіме құрастыру
Қорытынды:
-Адамдар бір біріне жақсылық жасаудан жалықпаса,өмірде сыйластық,қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым- қатынаста болады, ал қоғамда татулық, бірлік, ынтымақ орнатылады.
Жүректен жүрекке :

Жақсы болу өзіңнен.

А.Асылбеков.

Жақсы болу- өзіңнен, Жаман болу- өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Жамандық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.