Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан ауылы
Казан орта мектебі
химия және биология пәнінің мұғалімі
Кожулдакова Диляра Аманжолқызы
Сабақтың тақырыбы: XXI ғасыр көшбасшысы атты қайталау сайыс сабағы (8 сынып ).
Сабақтың мақсаты: —Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары-оксид, негіз,қышқыл, тұз жөніндегі білімдерін тереңдету. Генетикалық байланыс деген ұғымды беру.
-Компьютермен берілген тапсырмаларды өздігінен орындай білу химиялық формула, теңдеу құру дағдыларын,есеп шығару біліктерін дамыту, жетілдіру.
-Өз бетінше еркін жұмыс жасап,өзгенің және өзінің білім деңгейін бағалауға жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар: Д.И.Менделеев кестесі.Интерактивті тақта.
Кеспе карточкалар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі-сыныпты түгендеу.
2.Мұғалім:
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар! XXI ғасыр көшбасшысы атты қайталау сайыс сабағына қош келдіңіздер.
Әділ-қазылармен таныстыру.
«XXI ғасыр көшбасшысы» қайталау сайыс сабағының кезеңдері.
1.Таныстыру
2.Бәйге
3.Есептер додасы
4.Мен кіммін?
5.Есептер сыры
6.Кім жылдам?
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар,-дей отырып бірінші кезекті таныстыруға береміз.
1.Таныстыру (5 ұпай)
Ең қиыны жарыстың «Бәйге» келді,
Мықтылары ортаға шықсын енді,
Тез жауап бер, ойланып қалма.
Осы ойыннан көрейін ерен ерді-деп кезекті бәйге сұрақтарына береміз. Әрбір сұраққа 5 ұпайдан.
1)Оксидтер дегеніміз не? (2 элементтен құралып, бірі оттек болып келетін күрделі заттар)
2)Оксидтер қаншаға бөлінеді? (негіздік,қышқылдық, екідайлы)
3)Негіздік оксидтерге мысал (Кальций оксиді, мыс (II)оксиді)
4)Қышқылдық оксидтерге мысал(күкірт ( VI) оксиді,фосфор (V) оксиді )
5)Екідайлы оксидтерге мысал (алюминий оксиді,мырыш оксиді )
6)СО2 қолданылуы (тамақ өнеркәсібінде,өрт сөндіруде)
7)Негіздер дегеніміз не? (құрамына бір немесе бірнеше гидроксотоптармен байланысқан металл атомы кіретін күрделі заттар)
8)Негіздер қаншаға жіктеледі? (суда еритін,суда ерімейтін,екідайлы)
9)Суда еритін негіздерге мысал (литий о-аш,кальций о-аш-екі,барий –о-аш-екі)
10)Суда ерімейтін негіздерге мысал (купрум о-аш-екі,феррум о-аш-екі, феррум о-аш-үш)
11)Екідайлы негіздерге мысал (цинк о-аш-екі, алюминий о-аш-үш)
12) Екідайлы дегенді қалай түсінесіңдер (негіздермен де қышқылдармен әрекеттесе алады)
13)Қышқылдар дегеніміз не? (сутек атомымен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар)
14)Қышқылдар қалай жіктеледі? (Оттекті,оттексіз)
15)Оттектілерге мысал (азот,күкірт, фосфор қышқылдары)
16)Оттексіздерге мысал (тұз қышқылы, бромсутек қышқылы, фторсутек қышқылы, йодсутекқышқылы)
17)Сутек атомдарына қарай қышқылдар қалай жіктеледі? (бір негізді, екі негізді,шү негізді)
18)Қолына қышқыл тиіп кетсе не істеу керек. (Суық сумен жуу керек)
19)Тұздар дегеніміз не? (Металл атомынан қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар)
20)Тұздар қалай жіктеледі? (Орта,қышқыл,негіздік тұздар)
21)Орта тұздарға мысал (калий ен-о-үш, калий-үш –пэ-о-төрт)
22)Қышқыл тұздарға мысал (натрий аш-це-о-үш, кальций аш-пе-о-төрт)
23)Негіздік тұздарға мысал (цинк о-аш хлор, алюминий о-аш-эс-о-төрт)
24)Адам организмінде қанша пайыз тұз болады? (5,5)
Тағы да келді сыналар шақ айналып,
Тереңіне білім теңіз бойланып
Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр
Есеп шешер кезегі де келіп тұр- деп «Есептер додасы» кезеңіне сөз береміз. Бұл бөлімде валенттіліктерін, құрылымдық формулаларын жазыңдар.
10- CaO
10-KCl
10-H2 S
10-CuCl2
10-H2 O
10-Mg (OH) 2
Келесі бөлім «Мен кіммін?» берілген қосылыстарды атау керексіңдер.
H2O-сутек оксиді
CO2 –көміртек (IV)оксиді
CO- көміртек (II) оксиді
CaO- кальций оксиді
Al2O3 –алюминий оксиді
Fe2O3 –темір (III) оксиді
SO2— күкірт (IV) оксиді
SO3 – күкірт (VI) оксиді
NaOH-натрий гидроксиді
Cu (OH)2 – мыс (II) оксиді
Fe (OH)3 –темір (III) оксиді
Ca (OH)2—кальций оксиді
HCl-тұз қышқылы
HBr-бромсутек қышқылы
H2S- күкіртсутек қышқылы
H2SO4 – күкірт қышқылы
HNO3 – азот қышқылы
H2CO3 –көмір қышқылы
H2SiO3 –кремний қышқылы
H3PO4—фосфор қышқылы
NaCl –натрий хлориді
CaSO4 –кальций сульфаты
Na2SO4 –натрий сульфаты
NaNO3 –натрий нитраты
K2S-калий сульфиді
Келесі бөлім «Есептер сыры» деп аталады. Мұнда айналулар берілген соларды шығару керек.
А)C—CO2—-K2CO3 —-CaCO3
Ә)Ca— CaCl2— Ca(OH)2— Ca(NO3)2
Б)C — CO2 —- Na2CO3— CO2—— CaCO3
В)Cu— CuO— CuCl2— Cu (OH)2— C uO— Cu
Г)Ca—- CaO—- CaSO 4— CaO
Д)Fe2 (SO4 )3— Fe (OH )3—- Fe2O3—FeCl3
Келесі бөлім «Кім жылдам?» Бұл бөлімде көп нүктенің орнына тиісті өнімді қойып реакция теңдеулерін аяқтау керексіңдер.
P2O5 +…….. ——- H3PO4
Na2O+ …….. —— NaOH
K2O + ……..——- KCl +H2O
PH3 + ……..——- P2O5+H2O
SO3 +………——— Na 2SO4
CaO+…….——— CaSO4
1) Алюминий гидроксидінің салыстырмалы атомдық массасы.
2)Күкірт қышқылымен әрекеттестіріп 80 г мыс сульфатын алуға болатын мыс оксидінің масасын табыңдар.
3)Массасы 460 г кальций тұз қышқылымен әрекеттескенде түзілетін тұздың массасы.
4)Массасы 5,6 г калий гидроксидін бейтараптауға қажет күкірт қышқылының массасын есептеңдер.
Қорытынды
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Жастықтың оты қайдасың,
Жүректі түртіп қозғамай.
Ғылымның біліп пайдасын,
Дүниенің көркін болжамай,-деген ұлы Абай атамыздың өлең жолдары арқылы сайысымызды қорытындылап, білімді жастарды бағалау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына беріледі.
Үй жұмысы: тест орындау
Бағалау.