Атырау облысы Қызылқоға ауданы
Миялы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі
Гүлжәмила Қаржаубай
Мұғалімнің аты-жөні
|
Пәні
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сыныбы |
Күні |
||||||||
Гүлжәмила Қаржаубай |
Қазақ тілі |
Синонимдер |
5а-сыныбы |
17.10.2012 ж. |
||||||||
Сілтеме |
Г.Қосымова Қазақ тілі 5-сынып «Атамұра» 2010 32 – бет |
|
||||||||||
Жалпы мақсаттар |
Синоним сөздерді берілген мысалдар арқылы белгілеріне қарай топтастырып,анықтамасын оқушылардың өздеріне ойлантып шығару.
|
|
||||||||||
Оқыту нәтижелері |
Сөз мағынасына мән беруі, синонимдерді орынды қолдануы. |
|
||||||||||
Негізгі идеялар |
Сөйлемде синоним сөздердің негізгі белгілерін анықтай білуі |
|
||||||||||
Тапсырма |
1.Жаттығу жұмыстары 2.Шығармашылық жұмыс 3.Тіл дамыту жқмыстары |
|
||||||||||
Жүргізілетін жұмысым
1.Ұйымдастыру кезеңі а) Амандасу ә) Сынып оқушыларын түгендеу Блум таксономиясы бойынша 2. Үй тапсырмасын сұрау. Есте сақтау: Омонимдер. 67- жаттығу. 3. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. Түсіну: Ой шақыру. Тақтадағы берілген сөздерге мағынасы жақын сөздерді таптыру және оқушыларға оқыту. Ажар — …. Сұлу — …. Амандасу – …. Жылдам — …. Мысалдарды оқыта отырып омонимнің ережесін шығарту, яғни мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын синоним деп аталатынын айту. Мағынаны тану. 4.Жаңа сабақты бекіту. Қолдану: 70 – жаттығу .Синонимдік қатардағы сөздерді басқа сөздермен тіркестіріп, олардың қанша сөзбен тіркесе алу мүмкіндігін анықтау. Сергіту сәті. Вагон тіркеу ойыны. Синонимдік қатар жасау. Талдау: 74 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, «әдепті» сөзінің синонимін табу. 81-жаттығу. Берілген сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимін табу. Ой толғаныс сатысы. Синтез: «Кім болам?» тақырыбына шағын шығарма жазу, мәтінде синоним болу керек. (деңгейлік тапсырма) 5. Сабақты қорытындылау.
Бағалау: Соңғы сөзді маған қалдыр. Синоним деген не? Синонимдер қандай белгілеріне сай топтастырылады? |
1 мин
5 мин
8 мин
5 мин
3 мин 4 мин 4 мин
6 мин
3 мин
3 мин
2 мин |
|||||||||||
6.Бағалау көрсеткіштері 1. Берілген тапсырманы толық орындауы (Жиынтық бағалау) 2. Шығармашылық қабілеті 3.Жаңа тақырыпты меңгеруі Осы көрсеткіш арқылы оқушыларға өздеріне өздерін бағалату. Рефлексия. Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Олай болса, бүгінгі сабақта не ұнағанын, не ұнамағанын стикерге жазып тақтаға ілейік.. |
||||||||||||
6.Үйге тапсырма Синонимдер 83 – жаттығу |
1 мин
|
|||||||||||
Дереккөздер және жабдықтар: постер,түрлі-түсті қарындаш, өшіргіш, стикер, интерактивті тақта т.б
|
||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар |
Синонимді таба білу. Орынды қолдануға дағдылану. |
|
||||||||||
Сабақты талдау |
Бүгінгі сабақта оқушылар әдеттегідей 2 қатарға отырды. Тапсырма орындағанда айналасына, келесі оқушыға қарап, жалтақтап отырды. Осы жерде топтық жұмыстың пайдасының көп екендігі көрінді. «Кім болам?» деген тапсырманы оқушылар мен күткеннен де артық орындап, 9 оқушы өз армандарын жазыпты. Мен тек 3-4 оқушы ғана жаза алатын болар деп едім. Жаңа сабақ бойынша мақсатыма жеттім деп ойлаймын, себебі оқушылар жаңа тақырып бойынша тапсырманы толықтай орындады. |
|