Мақат ауданы Доссор кенті
Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектептің
орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Айтимова Гүлзада Ұзақбайқызы
3-сабақ
Пәні: Қазақ тілі |
Мұғалім: Айтимова Г.Ұ |
Оқушылардың жас 15-16 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Жәнібек пен қыз |
||
Сілтеме |
Қазақ тілі 10-сынып І.Есхожин "Шешендік шиырлары" |
||
Жалпы мақсаттар | Шешендік сөздер туралы білімдерін толықтыра түсу. Шешендер туралы жан-жақты мағлұматтар беру. Шешендік сөздерді еркін қолдана білуге баулу. | ||
Оқыту нәтижесі | Шешендік сөздердің мағынасын аша біледі.Сөздік қорларын толықтырады,тапсырмаларды өз беттерімен орындауға машықтанады | ||
Негізгі идеялар |
-Сөздердің мағынасын ажырата білу; -тапсырмаларды өз беттерімен топпен орындай алу; -көшбасшы рөлін түсіну; -бірін-бірі бағалауды үйрену;
|
||
Тапсырмалар |
-Ой шақыру -топтастыру -топтық жұмыс -кестемен жұмыс -өзбеттік жұмыс -түрлі әдіс-тәсілдермен жұмыс |
||
Кейінгі тапсырмалар |
-Әріптестермен кеңесіп талқылау; -мұғалімнің сабақты талдауы; -келесі сабаққа жоспар құру; |
Жүргізілетін жұмысым
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1мин
3 мин
5 мин
3 мин
4 мин
2 мин
3 мин
15 мин
2 мин
1 мин
1 мин
5 мин
|
Сыныппен сәлемдесу Оқушылар шеңбер жасап тұрады (бейнелеу-ішкі көңіл күйді білдіру-табу жақсы тілек айту) Мұғалім: Бүгінгі күнді біз былай бастасақ: бір-бірімізге өзіміздің ішкі жан дүниемізді, көңіл-күйімізді бейнелелеу арқылы көрсетсек, ал қалғанғандарымыз сол қимылды тауып қандай көңілде екенін айтсақ. Егер көңілі жабырқау болса, көңілін көтеру үшін жақсы тілектер арнайық. -Қимылдары нені білдіреді? -қалай ойлайсыздар? — не айтар едің? Бұл жаттығу сынып оқушыларының бір-біріне назар аударуына, жұмыстың ілгері басуына септігін тигізеді және топтық сезімнің қалыптасуына үлкен мүмкін береді І.Қызығушылықты ояту "Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз" (О.Сүлейменов) Мұғалім сөзі: Жазуы кенжелеу дамыған халқымыз сөз өнеріне ерекше мән берген. Халқымыздың бүкіл арман-мақсаты да,таным-түсінігі де, өткенінің ізі де сөз өнерінде жатыр.Барлық тағылым-тәрбие де,білімі де,болашаққа деген аманаты да сөз арқылы берілген.Шешендік сөздер үлкенге де, кішіге де өмірлік ғибрат аларлық тұнып тұрған өсиет болып табылады.Осыған байланысты мен сіздердің назарларыңызға "Ата тұрып ұл сөйлесе,ержеткені болар" деген әңгімемен таныстырамын. Мәтін мазмұны не туралы ? "Ата тұрып ұл сөйлесе,ержеткені болар" Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. -Балалар аман ба?-депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап: -Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ!- дейді. Малайсары жалт қарап: -Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді?- дейді. -Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым. -Сырым толған екенсің, мен тозған екенмін,- деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен. Ой шақыру Тыңдау-жазу-талқылау -Мәтін не туралы? -Сырым,Малайсары туралы не білесіздер? -Сіздің ойыңызша,Сырымның іс-әрекеті дұрыс па? -Сырымның бойынан қандай мінез-құлық немесе қасиеттер байқадыңыздар? -Осындай оқиғалар сіздердің араңызда кездесті ме? -Сырым қандай адам?(топтастыру әдісін қолдану)
Мұғалім оқушылар жауабын тыңдап бағалайды Үй тапсырмасын тексеру Тапсырма: "Шешендік шиырлар"тақырыбын негізге ала отырып,өз әңгімелерін жазу. Жұптық бағалау. Бірін-бірі бағалау парақшалары арқылы бағалайды.
Топқа бөлу "Атомдар мен молекулалар"ойыны арқылы топқа бөлу ІІ.Мағынаны ажырату Мұғалімнің сөзі: "Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы-сөз"- деп Олжас Сүлейменов айтқандай, қазақ халқы сөзге оның мән-мағынасына аса үлкен мән беріп, сөзге тоқтаған.Шешендердің сөз өнерін,әділ шешімін жоғары бағалаған.Сондықтан шешендік сөздерді әрі қарай оқып-үйрену үшін сабағымызды "Жәнібек пен қыз"тақырыбымен жалғастырамыз.Бұл сабақтың басқа сабақтан өзгешелігі жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздеріңіз айқындап, ойлану, жұптасу, талқылау жұмыстарын жасап,сабақтың басынан соңына дейін өздеріңіз мұғалім орнында қызмет етулеріңізде. Мен сіздерге ол үшін "Тізбектелген іс-әрекет" стратегиясын ұсынамын. "Тізбектелген іс-әрекет" стратегиясы бойынша ойлан-жұптас-талқыла жұмыстарын жүзеге асыру.
Берілетін тапсырмалар: 1.Мәтіннің мазмұнын баяндау; 2.Сөз тіркестерінің мағынасын ажырату; 3.Антоним сыңарын табу,оларды қатыстырып сөйлем құрау; 4.Синоним сөздерді жатқа айту; 5.Диалог құру; 6.Талқылау кестесін толтыру;
7.Түсіндірме күнделігі
«Бір-бірімен бөліскен әңгіме» стратегиясы Тізбектелген сұрақтар 1.Бүгін менің білгенім… 2.Қызықты болғаны… 3.Қиындық келтіргені… 4.Орындаған тапсырмам… 5.Менің түсінгенім… 6.Менің үйренгенім… 7.Менің сезгенім… 8.Жасай алғаным… 9.Қолымнан келгені… 10.Мені таңқалдырды… 11. Өміріме бұл сабақтың берері… 12.Жаңа сабақтан алған әсерім… Рефлексия -Өздеріңіз өткізген сабақ ұнады ма? -Бұндай сабақтарды ұйымдастыру алдағы уақытта сіздер үшін қажет пе? Үйге тапсырма: Қарашаш ана туралы мәліметтер жинау Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларымызға мың да бір рахмет.
Бағалау Әр топ тізбектелген тапсырмалар жиынтығын орындап,топ алдында қорғайды.Барлық топ өз жұмыстарын қорғап болған соң,мұғалім тапсырмалардың орындалуына сараптама жасайды,ұпаймен бағалайды. Мұғалімнің бағалауы Жиынтық баға
Бағалау критерийі 1-тапсырма бойынша "4"-тақырыпты түсініп, оны толық ашып айта алса; "3"-тақырыпты толық аша алмаса,қосымша сұрақтарға жауап берсе; "2"-тақырыпты толық аша алмаса,сұрақтарға толық жауап бермесе; "1"-тақырыптың мазмұнын мүлдем түсінбесе, сұрақтарға жартылай жауап берсе; "0"-тақырып бойынша ештеңе айталмаса,сұрақ жауаптарын білмесе; 2-тапсырма бойынша "2"-сөз тіркестерінің мағынасын толық ажырата алса, кейбіреуіне мысал келтірсе; "1"-сөз тіркестерінің мағынасын толық ажырата алмаса, кейбіреуіне мысал келтірсе; 3-тапсырма "2"-антоним сөздерінің сыңарын тапса,оларды қатыстырып сөйлем құраса; "1"антоним сөздерінің сыңарын толық таппаса,олардың кейбіреулерін ғана қатыстырып сөйлем құраса; 4-тапсырма бойынша "1"-синоним сөздерді жатқа айтса; "0"- синоним сөздерді жатқа айта алмаса; 5— тапсырма бойынша "2"-мәтін мазмұнынан ауытқымай диалог құрса; "1"- мәтін мазмұнынан ауытқып кетсе; 6- тапсырма бойынша
7- тапсырма бойынша Түсіндірме күнделігі
"2"- шешендік сөздер туралы мәліметтер келтіре алса, мәтіннен мысалды көрсетсе; "1"- шешендік сөздер туралы мәлімет толық болмаса, мәтіннен мысалды көрсетсе; |
Мұғаліммен амандасу; -шеңбер жасайды;
-оқушылар көңіл-күйлерін бейнелеу арқылы көрсетеді, табады, ой бөліседі, тілектер жолдайды;
-сұрақтарға жауап береді; -жақсы көңілде және достық қарым-қатынаста болады;
-оқушылар тыңдайды;
-сұраққа жауап іздейді; -ойларын ортаға салады; -тақтаға топтастыру жұмысын жүргізеді;
-жауап берген оқушылар смайликтермен марапатталады;
-ойын арқылы 3топқа бөлінеді;
-жаңа тақырып тапсырмаларын алады; -жеребе тастау арқылы топтың көшбасшысын сайлап алады; -көшбасшы топ мүшелеріне зерттеу объектілерін бөліп береді ; -ұйымдастыру жұмыстары және оның әдіс-тәсілдері арқылы жұмысқа кіріседі;
-шығармашылық жұмыс істейді;
-кестені толтырады;
-Тапсырмалар тізбегінің сызба түріндегі үлгісі;
Парақшада жазылған сұрақтарды оқып,сол бойда кезектесе отырып жауап береді;
-өз ойлары мен ұсыныстарын стикерлерге жазады;
-топ мүшелерінің тапсырмаларына айтылған сараптаманы тыңдайды,өз бағаларының қорытындысын біледі;
|