Өткел
Мақат ауданы Доссор кенті
Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектептің
орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Айтимова Гүлзада Ұзақбайқызы
4-сабақ
|
Пәні: Қазақ тілі |
Мұғалім: Айтимова Г.Ұ |
Оқушылардың жасы 15-16 |
|
| Сабақтың тақырыбы |
Өткел
|
||
| Сілтеме |
Қазақ тілі 10-сынып І.Есхожин "Шешендік шиырлары"
|
||
| Жалпы мақсаттар |
Мәтін мазмұнын толық меңгерте отырып,ойлау қабілеттері арқылы мәтін мазмұнын жан-жақты ашу. Болжау кестелерін толтыру арқылы мәтін мазмұнының жалғасын табу.
|
||
| Оқыту нәтижесі |
Аяқталмай қалған мәтінді тапсырмалар орындау арқылы толтырады. Мәтін мазмұнын толық меңгереді. Шешендік сөздер туралы бай мағлұматтар жинақтайды.Өздері шешен, шебер сөйлеуге үйренеді, қызығушылықтары арта түседі
|
||
| Негізгі идеялар |
-Жиренше шешен мен Қарашаштың ақылы мен парасаттылығын оқып білу, ұғыну; -жұмбақтап, тұспалдап сөйлеудің мәнін, қолдануын түсіну; -шешендік өнерді бағалау; -шешендік сөздерді меңгеру;
|
||
| Тапсырмалар |
-Ой шақыру -мәтінмен жұмыс -кестемен жұмыс -ой толғау -топтық жұмыс -жұптық жұмыс -жеке оқушымен жұмыс -сұрақтармен жұмыс |
||
| Кейінгі тапсырмалар |
-Әріптестермен кеңесіп талқылау; -мұғалімнің сабақты талдауы; -келесі сабаққа жоспар құру;
|
||
Жүргізілетін жұмысым
| Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
1 мин 3 мин
2 мин
4 мин
5 мин
3 мин
5 мин
6 мин
3 мин
3 мин
4 мин
2 мин
1 мин
3 мин |
Сыныппен сәлемдесу Сабағымызды бір-бірімізге бүгінгі күнде де жақсы тілектер айтумен бастаймыз.Тілек қысқа,мүмкіндігінше бір сөзден тұру шарт.Ешкім назардан тыс қалмау қалмау керек.Барлық тілектер бейнетаспаға жазылады.Одан кейін өздеріңіз бейнетаспадағы жазбаны көресіздер.Бейнетаспаны көру сіздерге жағымды көңіл-күй орнатады деп ойлаймын.(Көру барысында оқушылардың әсері арта түседі, жағымды тілектердің топтастығын сезінеді, өзін экраннан көруін күтеді және өзін басқалармен салыстырады)
Топқа бөлу Шарты: Сәлемдесу Тақтада жапсырылған "африкандықтар", "қазақтар", "жапондықтар" деген жазуы бар стикерлерді алады, сынып оқушылары алған сөздері бойынша 3-4-тен топтасады,стикерде жазылған халықтардың сәлемдесу дәстүрін көрсетеді.Солай ұлт түрлеріне қарай топқа бөлінеді. І.Қызығушылықты ояту Түрткі болу сұрақтары: 1.Біз кімдер туралы ой қозғадық,әңгіме жүргіздік және қандай мәліметтер алдық? 2."Жиренше мен қыз"мәтіні немен аяқталды? 3.Қарашаш ана туралы мағлұмат беру Бағалау критерийі
Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады Оқушылар дайындаған хабарламадан ҚАРАШАШ Қарашаш – қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкері, Жиреншенің әйелі. Қарашаш туралы ертегілердің сюжеттері, көбінесе, шешендік жұмбақтар сарыны негізінде құрылған. Қазақ фольклорында "Қарашаш" деген атпен әйгілі болған типті бейненің қалыптасу тарихы өте ұзақ. Ол шешендік, тапқырлық, даналық туралы ертегілердің болу, қалыптасу және даму тарихымен тығыз байланысты. Сондай шешен, даналық туралы ертегілер кейіннен Қарашаш пен Жәнібек хан, Жиренше туралы аңызда дамып, қалыптасты. Қарашаштың есімі әрқашан да Жиренше шешен атымен қоса айтылып жүреді. Соған қарағанда, шешендік жұмбақ, дана қыз туралы сюжеттердің Қарашаш атымен байланыстырылуы да осы кезден басталған. Қарашаш ана туралы деректер аз кездеседі. Содан бізге жеткені 13-14 ғасырларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі.
ІІ.Мағынаны тану Ойлан-жұптас-жалғастыр Мәтінді оқып,мазмұнын жалғастыр Оқулықтағы жаңа тақырыптың мазмұнымен топ болып танысу,оқиғаны әрі қарай жалғастыру,оқиғаны аяқтау. Болжау кестесін толтыру. Болжау кестесі
Бағалау критерийі Ұпай өлшемі «2»- болжау кестесі тақырып мазмұнына сәйкес келсе; «1»- болжау кестесі тақырып мазмұнына жақын болса; «0»- мүлдем тақырып мазмұнына сәйкес келмесе; Ой толғау Сынақтан өткізу сұрақтары Жеке оқушылармен жұмыс 1."Өзеннің өткелі қай жерде?" деген сұрақты сен қалай басқаша қояр едің? 2. Жақын, жақында болса, алыс- деп берілген жауапты сен қалай өзгертіп жауап берер едің? 3."Сенің үйің қайсы?" – деп неге сұрады деп ойлайсың? 4.Қараша үй дегені қандай үй? 5.Жиренше мен оның жолдасы өткелдерден қалай өтті? Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады Жұптық жұмыс Тапсырмалар 1-жұп 1. Жаңа тақырыпқа дейінгі өз ойларыңыз туралы диалог құрыңыздар 2. Мәтін бойынша құрылған диалогты жалғастырыңдар: Жиренше: Мына өзеннің өткелі қай жерінде? Қыз: Бір өткел бар – алыс, алыс та болса, жақын… 3. Жаңа тақырыппен танысқаннан кейінгі өз ойларыңыз туралы диалог құрыңыздар. 2-жұп Сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңдер Мысалы: Қайда қонасың, үйдің іргесінде т.б Әр жұптың дұрыс жауабы-1 ұпаймен, дұрыс емес ұпай- о ұпаймен бағаланады Топпен жұмыс Өздеріңізге мәтіннен ұнаған оқиғаны суретпен бейнелеп көрсетіңіздер (постерге қорғау) Тақырыпты қолдануы «5» – тапсырманы постерге мазмұнды етіп бейнелеп,толық қорғап шықса және оны өмірмен байланыстырса; «4» – тапсырманы постерге толық бейнелеп,бірақ мазмұнын аша алмаса; «3» – тапсырманы толық бейнелей алмаса,оның мазмұнын жеткізе білмесе; «2» – постерге тапсырма орындалмаса,мазмұнын тек сұрақтарға жауап берумен ғана шектелсе; «1» – постерге жұмысы бейнеленбесе, сұрақтарға жауапты топ көмегімен берсе, тақырыпты меңгермесе; Сауаттылықты ашатын хаттар Жеке оқушылармен жұмыс (конверт ішінде білімдерін жинақтауға арналған сұрақтар) 1. Шешендік сөздер дегеніміз не? 2. Қандай басқа шешендерді білесіңдер? 3. Шешендердің айтқан сөздерінен қандай мысалдар, әңгімелер, нақыл сөздер білесіздер ? 4.Өздеріңіздің шешендік өнерге бағыттап шығарған қандай төл шығармаларыңыз бар? Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады Түртіп оқуды сабақ соңында тыңдау Insert кестесі (түртіп оқу)
"Соңғы сөзді маған қалдыр" стратегиясы Бұл стратегия бойынша жаңа тақырыптағы мәтіннің жалғасын өзім қосымша ресурстардан оқимын.Содан соң оқушылардың сабақ басында толтырған "Болжау кестелерімен" мәтін мазмұны қаншалықты сәйкес келгендігін өздеріне салыстыруға беремін. Рефлексия -Бүгінгі сабақ несімен сендерге ұнады немесе ұнамады? -өздеріңізді қалай сезіндіңіздер? Үйге тапсырма: "Толқытқан ойлар көп мені“ деген тақырыпқа ой толғау жазыңыздар Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет
Мұғалімнің бағалауы
|
Мұғаліммен амандасу – шеңбер жасап, ортада тұрады; -бір-біріне бір сөзден тұратын тілек айтады; -бейнетаспаға түсіреді, өздерін бейнетаспадан көреді және өзгелердің өзіне айтқан тілектеріне қуанады, өз сөзін басқалармен салыстырады;
-стикерде жазылған халықтардың амандасу дәстүрін ортада көрсетеді; -топқа бөлінеді;
-алған білімдерін сараптайды; -мұғалімнің сұрағына жауап береді;
-жеке-жеке баллдық жүйемен бағаланады;
-қосымша мәлімет дайындайды;
-оқулықтағы мәтінмен танысады; -оқиды, ойланады, жалғастырады, кесте толтырады, қорғайды, тақтаға іледі; – әр топ баллдық жүйемен бағаланады;
-әр оқушы жеке-жеке жауап береді; – әр бала ұпаймен бағаланады;
-3топ ішінен 6 жұп құрылып,бөлек-бөлек тапсырмалар алады; -белгіленген уақыт ішінде жұмыстарын әр жұп қорғайды;
12 сөз тіркесін 6 жұп 4-4-тен бөліп алып, мағынасын ажыратады; – оқушылар бағаланады;
-мәтін сюжетінен өздеріне ұнаған бір оқиғаны суретпен көрсетеді; -постерлерін қорғайды;
-сұрақтарға жауап береді; -төл шығармаларын таныстырады; – баллдық жүйемен бағаланады;
– өздері жақсы білетін сұрақтарға жауап береді, ұпаймен бағаланады;
-оқушылар бүкіл сабақ бойы білгендерін немесе түсініксіз болған және қандай мағлұматтар тың нәрсе болғанын қағаз бетіне түсіреді;
-мұғалім смайликтер арқылы марапаттайды;
-мәтінді соңына дейін тыңдайды; -кестелерде толтырылған өз жұмыстарын салыстырады;
-өз ойларын, пікірлерін смайликтермен бейнелейді;
-ізденеді,талдайды, жазады; |
