Жәнібек пен бала
Мақат ауданы Доссор кенті
Ораз Сарғұнанов атындағы орта мектептің
орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Айтимова Гүлзада Ұзақбайқызы
|
Пәні: Қазақ тілі |
Мұғалім: Айтимова Г.Ұ |
Оқушылардың жасы 15-16 |
|
| Сабақтың тақырыбы |
Жәнібек пен бала
|
||
| Сілтеме |
Қазақ тілі 10-сынып І.Есхожин "Шешендік шиырлары"
|
||
| Жалпы мақсаттар |
Тіршілікте,өмірде кездесетін кез келген жағдайға қарсы тұра алатын және тапқырлығы мен ұшқыр ойын ұштастыру арқылы мәселені шешетін жеке тұлғаны қалыптастыру
|
||
| Оқыту нәтижесі |
Мәтіннің мазмұнын ашу арқылы кейіпкердің мәселе барысындағы ұшқыр ойын табады,шешендік сөз өнерін меңгереді
|
||
| Негізгі идеялар |
-Адамдар бойындағы шешендік құндылықты ұғыну; -адам өміріндегі мәселені шешудегі шешендік өнердің рөлін түсіну; – ой елегінен өткізу арқылы шебер сөйлеуге жетелеу; -Осы мәтін бойынша оқиға барысындағы жұмбақтап,тұспалдап берген жауапты қарапайым сөзбен жеткізе білу;
|
||
| Тапсырмалар |
-Ой шақыру -мәтінмен жұмыс -кестемен жұмыс -ой толғау
|
||
| Кейінгі тапсырмалар |
-Әріптестермен кеңесіп талқылау; -мұғалімнің сабақты талдауы; -келесі сабаққа жоспар құру;
|
||
Жүргізілетін жұмысым
| Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2мин
5 мин
2мин
2мин |
Сыныппен сәлемдесу Сынып оқушыларын "Үй жануарлары" атты тренинг арқылы 3 топқа бөлу.(Тренингтің шартын түсіндіре отыра,тренингті жүргізу)
Ой шақыру 1."Үш би"мәтінінен көрініс көрсету (интерактивті тақтадан мәтін мазмұнын қойылымға қатыспайтын оқушыларға таныстыру)
2.Түсіндірме сөздікпен жұмыс Барымта,жесір,шаңырақ т.б
3.Көріністе баяндалған оқиғадан не ұққандарын айқындау үшін мына "оқиға таблицасын"ұсыну
Бағалау критерийімен таныстыру
Шешімді тап: 1.Би арасындағы даудың шешімін тапқан кім? (Қазбек) 2.Қазбек бидің қандай шеберлік, шешендік, тапқырлық қасиеттері көрінді?( Оқушылар Қазбектің ұшқыр ойын,тапқырлығын баяндайды,шешімді,төбе билікті Қазбек айтады,бәрі сол тоқтамға тоқтайды) 3.Өзге билердің шешіміне келісесің бе? (оқушылар "иә", "жоқ" деген жауап береді) Бағалау критерийімен таныстыру
|
Мұғаліммен амандасу -алдын-ала жануарлардың аты жазылған, тақтада ілінген стикерді алу жануарлардың дыбыстайтын дыбыстары арқылы бірін-бірі іздеп табу; -дыбысталу ерекшелігіне сәйкес табылған жануарлар бойынша оқушылар 4-4-тен топқа бөліну;
4 оқушы көрініске дайындалады; -оқушылар көреді,тыңдайды;
-сөздің мағынасын түсінеді;
-оқушылар топпен ақылдасады, мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы кестені толтырады, бірін-бірі әр топ берген жауаптарын бағалайды, баллдық жүйемен бағаланады;
оқиғаның шешімін табады, қабылдайды, қорғайды,бағаланады;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2мин |
Сонымен осындай мәселені ұтқыр оймен шеше алатын,топ алдында шебер сөз сөйлей білетін адамдарды кім дейміз?( -Шешен адам) Мұғалімнің сөзі: Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап,ел зердесінде мықтап орныққан,танымдық мәнін,тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған,заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған шешендік сөздеріміз бар. Міне балалар, оқулығымыздағы "Шешендік сөздер"деген үлкен бір тараумен танысамыз. Шешен өнер бізге сонау Жиреншеден бастау алады. Сондай-ақ Жиреншеден үлгі алған, халыққа адал қызмет еткен Сырым, Бала би, Бөлтірік сынды шешендер де бар. Бүгін Жиренше шешеннің бала кезіндегі басынан кешкен оқиғаны баяндайтын "Жәнібек пен бала" мәтінімен танысамыз. |
-мұғалім сауалына жауап береді;
-жаңа сабақ тақырыбымен танысады;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерімен таныстыру. |
-оқушылар оқулықтарын ашып,мәтінмен таныса бастайды.Бағалау критериилерін негізге ала отырып,сабаққа белсенді қатысуға ынталанады.Билер туралы талқыланған соң,әр топ үш би аттары жазылған парталарда отырады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2 мин
2 мин
6 мин |
"Қазбек би","Төле би","Әйтеке би" топтарынан бір оқушыдан шығып, мәтінді мәнерлеп оқып береді және өз қалаулары болса, мазмұнын айтады. Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушыны жетектейтін сұрақтар: "Күрделі"және "Жай"сұрақтар кестесін қолдану
"Ойлану-құру-салыстыру-қорғау" әдісі "Жәнібек пен бала"мәтініне"күрделі"және"жай"сұрақтар құру(топпен жұмыс жасайды,кестенің сұрақтары интерактивті тақтада жазылады) "Күрделі" және "жай" сұрақтар кестесі
Бағалау критерийімен таныстыру
|
–топ лидері анықталады; –ынталандыру бағаларын алады;
-оқушылар мұғалім сұрағына жауап беріп отырады; -ынталандыру бағаларын алады;
-топпен келісе отырып,күрделі және жай сұрақтар құрады; -құрған сұрақтарын келесі топтарға беріп,жауабын алады; -өз жауаптарымен салыстырады; -келген мәліметтерді жинақтап,қорытындыла-йды;
-Мәтін мазмұнын қорғайды, бағаланады; |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
8 мин
5 мин |
Ой толғау Топтық жұмыс Тапсырма №4 Әр топқа карточкалар арқылы тапсырмалар беріп, тапқырыпқа ой толғау жүргізу "Төле би" тобына 1.Мәтіннің мазмұнын баянда 2.Оқиғаны әрі қарай қалай өрбітер едің? "Қазбек би"тобына Мәтіннен қате жіберілген сөйлемдерді, толыққанды берілмеген мәліметтерді толықтыр. 2.Сен Жиреншенің орнында болсаң, Жәнібек ханның сұрағына қалай тұспалдап, жұмбақтап жауап берер едің? "Әйтеке би"тобына 1.Мәтіннің қай сюжетінен шешендікті білдіретін ұшқыр ойды және тұспалдап айтқан жауапты кездестірдіңдер? 2.Жәнібек хан сіздің ойыңызша қандай адам?
|
-оқушылар карточкаларды алып, тапсырмаларымен танысады;
-ойланады; -дайындалады; -тыңдайды; -толықтырады; -сөз саптайды; -іздестіреді; -топтастырады, бағаланады;
-тапсырмаларды қабылдайды; -дәптерлеріне жазады; -сөйлем құрайды; -талдайды; ойланады,жазады, бағаланады;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
І.Мәтінмен жұмыс -толық баяндалса- 1 ұпай -толық баяндалмаса– 0 ұпай шығармашылық жұмыс -оқиғаны өрбітпесе- 0 ұпай -оқиғаны өрбітсе-1 ұпай -өрбітілген оқиғаның қорытындысы жоқ болса-1 ұпай -өрбітілген оқиғаның қорытындысы бар болса-2 ұпай Бағалау критерийі
Топтық жұмыс Оқулықпен жұмыс 1-топ 3-жаттығу Мәтіннен төменде берілген сөздердің антонимдік сыңарын табыңдар 2-топ 4-жаттығу Синоним сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.Екі сөйлемге синтаксистік талдау жаса. 3-топ 5-жаттығу -Мәтін бойынша диалог құрыңдар Бағалау критерийісімен таныстыру
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2 мин |
Бүү стратегиясы
|
-оқушылар кестені толтырады; -ойларын ,білімдерін қағаз бетіне түсіреді |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
2 мин
2мин
1мин
2мин |
Бағалау Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? Мұғалім: Олай болса бүгінгі сабақта кім қалай жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өзін-өзі бағалау парағына назар аударып, кестені толтырады. Бағалау. Формативті бағалау Өзін-өзі бағалау (-;+)
Рефлексия -Сабақ ұнады ма? -қандай тапсырма орындаған ұнады? -қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді? Үйге тапсырма: шешендік сөздер туралы мәліметтер дайындау."Ел аузынан"атты жинақтан шешендер туралы аңыз әңгімелерді оқу. Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Бағалау Мұғалімнің бағалауы Жиынтық баға
|
-жауап береді; -бағалау парағын толтырады;
-оқушылар сұраққа жауап беру үшін өз ойларын стикерге жазып, тақтаға ілед
-күнделіктеріне берілген тапсырмаларды жазып алады;
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

жақсы құрастырылған ҚМЖ, қалай көшіріп алуға болады?