Атырау облысы,
Атырау қаласы
№34 лингвистикалық мектеп -гимназиясы мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Мырзагерейқызы Гүлмайда
Бағыты: жаратылыстану-математика
Сыныптар: 11
Түсінік хаты
Курстың өзектілігі: Қазіргі уақытта физикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі оқушыларға физикалық есептерді шығаруды үйрету. Әр түрлі деңгейдегі физикалық есептерді шығара білу – оқушының оқу материалын өте жақсы меңгергендігін білдіреді. Дейтұрғанмен көбіне физикалық есептерді, әсіресе күрделі есептерді шығаруға сабақ уақыты жетпей жатады. Сондықтан физика – математика бағдарында оқыту үрдісіндегі физиканың бөлімдерінен әртүрлі мамандықтарға қажет электростатика бөлімін алып, осы қолданбалы курстың жоспарын жасақтауды жөн көрдім. Әрине оқушылар бірден күррделілігі жоғары есептерді шығарып кетпейді, бірақ сол жағдайға жетуді көздедім.
Курстың мақсаты: Оқушылардың білім, білік, дағдыларды игерумен қатар өзбеттерімен білім алуды, әр түрлі физикалық мәселелерді өз білім, білік, дағдыларын пайдаланып тиімді шеше білуді үйренуге, зерттеу, талдау, есте сақтау, логикалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жігерлілік, мақсаткерлік, еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауапкершілік секілді жеке қасиеттері қалыптастыруда жұмыстар жүргізу.
Міндеті: Оқушылардың электростатика бөлімі бойынша білімдерін кеңейте және тереңдете отырып, оларды практикада қолданудың жолдары мен әдістерін үйрету.
Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар: Берілген тапсырмаларды өз беттерімен, жауапкершілікпен уақытында орындау.
Пәнаралық кіріктіру: Математика, Информатика
Кәсіпке бағдарлау: Радиотехника, инженер-электрик, казгидромет және т.б. мамандықтар үшін қажетті болып табылады.
Уақыт көлемі: 34 сағат
Сабақтың жиілігі: аптасына 1 рет
Тақырыптың сағаттарға бөлінген мазмұны:
I тарау. Электр заряды. Кулон заңы.
II тарау. Электр өрісі. Кернеулігі. Супперпозиция принципі.
III тарау. Гаусс теоремасының мүмкіндіктері.
IV тарау. Электростатикалық өріс күштерінің жұмысы. Потенциал.
V тарау. Диэлектриктердегі электр өрісі.
VI тарау. Электр өрісіндегі өткізгіштер.
Курсты ұйымдастыру формасы: Практикалық, жарыс, конференция, семинар, пікірталас, баяндама қорғау, олимпиадалық сабақтар.
Курсты оқытуды аяқтау формасы: Өзіндік, баяндама, шығармашылық жұмыстары.
Негізгі әдебиеттер:
-
И.В.Савельев, «Жалпы физика курсы», II том, «Мектеп» баспасы, А-1977.
-
Ж.Абдуллаев, «Жалпы физика курсыц», Алматы, Ана тілі, 1991.
-
Б.Арызханов, «Физика курсы», Алматы, Мектеп, 1988.
-
Б.Ғ.Ахметова, Ә.Х.Әбділдаев, «Физика», Алматы, Мектеп, 1987.
-
«Физ–мат», «Репетитор» журналдары.
-
Сборник практических работ по физик, О.Ф.Кабардин
Қосымша әдебиеттер:
-
Физика 10сынып оқулығы. Жаратылыстану—математика бағыты.
-
А.П.Рымкевич, П.А.Рымкевич «Физика есептерінің жинағы».
Интернет — ресурстар:
-
Физика: коллекция опытов.
-
Современная физика в задачах.
http:// http://www.nsu.ru/
materials//ssl/text/metodics/ivanov.html
-
Лабораторные работы по физике.
http://phdep.Ifmo.ru/labor/common/
-
Открытая физика.
http://www.scph.mipt.ru/
-
Сборник материалов по физике и астрономии.
http://astronom—htl.narod.ru
-
Бесплатные обучающие программы по физике.
http://www.history.ru/freeph.Htm
-
Открытый колледж: Физика.
http://www.college.ru/physics/index.Php
-
Анимация физических процессов.
-
Кабинет физики.